Көрші келін: Сүйінші! Сүйінші! Апа, ата, Мұрат қайдасыңдар! Сүйінші!
Апа: Жарығым, көрші келінжан аманшылық па? Тыныштақ па?
Көрші келін: Апа, апа, келіндеріңіз ұлды болды. Немеріңіз құтты болсын, апатайым!
Апа: Әй, Мұратжан, әкесі, сүйінші хабар келді.
Ата: Бәйбіше, төрт түлігіміз аманба, тыныштық па?
Көрші келін: Ата, Сүйінші! немереңіздің бауы берік болсын! Сүйіншіңізді дайындап отырыңыз ата,
Көрші келін: Мырза бала, тездетсеңші, не деген жайбасарлық, келіншегің, торсықтай ұл нәресте дүниеге әкеліп жатқанда, не жатыс сенікі, жарамады?
Мұрат: Апа, әке, естігенім шын ба? Женге, сіз әзілдеп тұрған жоқсыз ба? Бұл шындық болса, ауыл тұрғындарына ұлан асыр той жасап беремін! Женге бұл сөзіңіз рас па?
Көрші келін: Ия, мырза бала, жаңа аудан орталығынан хабарласты, Аманжолова Нәзира ұл босанды деп! Сондықтан, мырза бала, сүйіншіңді дайында, маған айтқан уәдеңді орында.
Мұрат: Алтын женгем-ау, сенің сөзің рас болса, мен балам үшін барлығын беруге дайынмын.
Немересі: Ата, аға, апа, сиыр, сиыр
Апа: Аманшылықпа, құлыншағым?
Немересі: Сүйінші, сүйінші, қора ішінде жаңа туған ала бұзау жатыр.
Ата: Мұратжан, қораға ат басын бұр, тездет, Ақ сиыр, өз несібесін беріп жатқан ғо. Тездете ғой, Мұратжан.
Мұрат: Әке, қора жаққа Асан малшыны ерітіп барайын ба? Бір қарап шықсын ба?
Ата: Барынша тездет !
Апа: О, Жаратқан Ием! Бұл қуанышты да көрсеттің. Мың да бір Шүкір! Алғысым Шексіз!
Көрші келін: Апа, бұл жердің жаңаруы мен қатар келген қос қуаныш! Алланың тартқан сыйы ғо, апа! Апа, неғып тұрмыз, бұл келген қос қуанышқа, құтты болсын айтып келетін халық көп, дастархан жайалық!
Ата: Бәйбіше, мына қос қуаншыта, отбасымызға құт болып келіп жатыр. Немереміз аман-есен келіп жатса, ауыл халқын жинап дүркіретіп той жасамақпын. Оғай не дейсін, бәйбіше?
Апа: Отағасы, сіз не десеңіз, сол болады.
Ата: қорадағы малды сойыңдар, ауылдағы ағайын туысқа хабар жіберіңдер!
1 Жүргізуші: Қазақ халқында мал сою – үлкен өнердің бірі. Мал сойғанда оны жығып, төрт аяғын мықтап байлап, бауыздайды, терісін сыпырып, бас, сирағын алғаннан кейін төс етін бөлек сылып алады, жас төстікті тұздап, үйіту, пісіру, бөліп жеу, үлкендерге ауыз тигізу салты бар.
2 Жүргізуші: Сол сынды табақ тарту да – өнер. Құтты қонақтардың алдына жасалған табақтар тартылады. Қазақта еттен табақ тартқанда оның ерекше құрмет дәрежесін білдіретін бірнеше табақ аттары бар. Осындай табақтарды жасау үшін, осы табақтарды жасағанда әдет-ғұрып пен салт-сананы білетін адам болған жөн. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады.
Ата: Көктем мезгілі күн мен түн теңеседі. Жер ананың құрсағы жібіп, қыр баурайында қызғалдақтар мен бәйшешектер бүршік жарып, айнала керемет көк кілемге айналады. Қыстан қысылып шыққан халықтың арқасын күн шалып, ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне дайындалады.
Апа: Жиын-тойларға сойылған малды қонақтарға арнайды. Малдың әр мүшесінің атаулары бар. Қонақтарға сол мүшелерден бөлінетін сыбағалары бар. Сыйлы қонақтарына ең жақсы жерін атап салады. Қонақ келсе, қазан көтерген қазақ халқы қазанға еттерін атап салып, табақ жасағанда аталып жасалып, сый табақтары тартылады.
Көрші келін: ата үлкен аста дайын болды.
Апа: ендеше қолға су құйыңдар
Достарыңызбен бөлісу: |