1-жүргізуші: Тілім менің тірлігімнің айғағы десе дегендей, біздің тіліміз - ол біздің ұлтымыздың, руханиятымыздың және діліміздің көрінісі.
2-жүргізуші: Бүгін де тілімізді ұлықтап, құрметтеп, оны сақтап қалу және таза қазақша сөйлеу Қазақтанның әр азаматының борышы деп білеміз.
Көрнекті ақын Мұхтар Шаханов өз өлеңдерінің бірінде төрт ана жайында айтып, оған: туған жерін, салт-дәстүрін, тарихын және ең маңыздысы тілін қосқан екен.
1-жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
2-жүргізуші: Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
1-жүргізуші: Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
2-жүргізуші: Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
1-жүргізуші: Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы. 2-жүргізуші: Қаламы ұшталған қай ақын болмасын, туған тілдерін дәріптеп, өлеңдеріне арқау еткен.
Ендеше тіл туралы өнегелі өлеңдер тыңдау үшін ортаға мектеп оқушыларын шақырайық, қарсы алыңыздар! МӘНЕРЛЕП ОҚУ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Мексика елінің кей тұрғындары сөйлейтін тіл жойылу қаупінде тұр. Себебі ол тілде сөйлейтін екі адам бірі-бірімен сөйлесуден бас тартқан.
Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл әлемде тіркелген ең көп тілге жатады.
Испания құрамына кіретін аралдарының сөйлеу тілі Канар толығымен ысқырықтан тұрады.
Дүние жүзінде жалпы саны 7000 тіл бар. Мамандардың айтуынша, олардың 2400-і жойылып кетеді. Статистика бойынша әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен.
Папуа мемлекеті (Жаңа Гвинея аралы) 840 тілде сөйлейді. Бұл жердегі тілдердің 1/7 бөлігін алады.
Француз тілінде [0] дыбысын 13 түрлі тәсілмен жазуға болады.
Ротокас тілі 11 әріптен тұрады. Бұл әлемдегі ең қысқа әліпби болып есептеледі.
1-жүргізуші: Бойымды қазақ қаны билеген,
Қос ішегі бір-біріне тимеген,
Қазағымның домбырасы күй тартса,
Тебіреніп, ерекше бір күйге енем.
2-жүргізуші: Домбыраның мен үшін жөні ерек,
Күйлерінің әрдайым үні бөлек.
Әсем әні бөлейді, бір рахатқа,
Оны тек тыңдап қана, білу керек.