Алдарыңызға мерекелік тортты қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: -Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Ұстазым менің ұстазым жаны жайсаң,
Бар жақсыны тілейтін біздерге бұл.
Мерекеңмен құттықтап тілек айтам,
Шын жүректен ұстаздар сіздерге бұл.
Еңбегіңіз ұстазым жана берсін,
Күндеріңіз көп болып нұрын төккен.
Жаныңызды жайнатып қуанлырар,
Құтты болсын мерекеңіз кеп жеткен.-дей келе,келесі құттықтау сөз "қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән бірлестігіне" беріледі.
1-жүргізуші:
-Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті жастардың сіздерге арнаған «80из 90х попурри» флешмоб биіне береміз.
Сіздердің алдарыңызда әдемі қағаздар қойылған, сол арқылы лотерия ойының ойнайтын боламыз.
2-жүргізуші: Мерекеңіз құтты болсын, ұстазым,
Көктемгі күн ақ тілекті арнайтын.
Саулығыңыз мықты болсын ұстазым,
Қуанышты қуанышқа жалғайтын.
Өзіңізге алғысымыз көп біздің,
Өміріңіз шад-шадыман жайнасын.
Сегізінші наурыздың мерекесі,
Бар әлемнің бағын сізге жинасын.-дей келе келесі құттықтау сөз кезегін "жаратылыстану пәндері" бірлестігіне береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |