1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет104/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

Жұмыссыздықтың түрлері. Экономикалық теорияда жұмыс- сыздықтың кең 
тараған бірнеше түрлері орын алады. 
1. 
Еркін жұмыссыздық (фрикциондық) – бұл адамның бір жұмыс орны-нан 
кетіп, басқа бір жұмыс орнына орналасуына дейінгі уақыт аралығын қамтитын уақытша 
қысқа мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбек нарығының 
жетілмегендігімен, жұмыс орындары туралы ақпараттың болмауымен және басқа да 
техникалық себептерге байланысты түсіндіріледі. 
2. 
Құрылымдық жұмыссыздық – бұл сұраныстың құрылымында және 
өндірістің технологиясында болған өзгерістерден туындайтын ұзақ мерзімді мәжбүрлі 
жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі қандай да бір материалдық ресурстың 
жетіспеуінен, адамның жас- жыныстық, ұлттық, біліктіліктік және басқа да жеке 
ерекшеліктеріне байланысты орын алады. Мұндай жағдайда еңбек бөлінісінің жылдам 
өзгеруіне байланысты ұсыныстың құрылымы еңбекке деген сұраныстың құрылымына 
сәйкес келмей қалуы мүмкін. Экономика дамыған сайын кейбір мамандықтарға сұраныс 
азаяды, ол ескіреді, ал оның орнына қоғам талабына сай жаңа маман иелеріне сұраныс 
арта түседі. 
3. 
Кезеңдік жұмыссыздық (циклдік) – бұл өндірістің кезеңдік құлдырауынан 
туындайтын жаппай жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі ЖІӨ-нің үнемі ауытқып 


92 
отыруымен байланысты. Дағдарыс кезеңдерінде жұмысбастылық деңгейі төмендейді, 
барлық маман иелері жұмыстан мәжбүрлі түрде қысқартылады, ал өрлеу кезеңдерін- де 
жұмысбастылық деңгейі ұлғаяды. 
4. 
Технологиялық жұмыссыздық – бұл адамдардың еңбек күшін машинамен 
алмастыру нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық. 
5. 
Жасырын жұмыссыздық – бұл өндірісте артық жұмыскерлер- дің орын алуымен 
сипатталатын жұмыссыздықтың бір түрі. Көбінесе, бұл ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп 
салаларына және мемлекеттік қызметке тән құбылыс болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет