1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет151/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

 
15.1-кестеРевальвация мен девальвацияның төлем балансының 
жағдайына әсер етуі 
Сауда балансына әсері 
Капитал балансына 
әсері 
Төлем балансына 
әсері 
Валютаның 
ревальвациясы 
Экспорт ↓ Импорт ↑ 
Қорытынды: нашарлайды 
Экспорт ↑ Импорт 
↓ Қорытынды: 
нашарлайды 
Нашарлайды 
Валютаның 
девальвациясы 
Экспорт ↑ Импорт ↓ 
Қорытынды: жақсарады 
Экспорт ↓ Импорт ↑ 
Қорытынды: 
жақсарады 
Жақсарады 
Егер валютаның ревальвациясы төлем балансын нашарлататын болса, онда ол не 
үшін жүргізіледі деген заңды сұрақ туындайды. Бұл мәжбүрлі шара болып табылады. 
Ревальвацияны жүргізудің қажет- тілігі экспорты импортынан асып кеткен елдерде 
туындайды. Мұндай асып кету басқа әріптес-елдерде сауда балансы тапшылығының орын 
алуын білдіреді. 
Валютаның девальвациясын төлем балансының тапшылығын (импорттың 
экспорттан артып кетуі) көріп отырған елдер жүргізуге мәжбүр болады. 
 
Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі 
Қазақстан бірқатар тауарларды өндіру, ең алдымен, шикізаттар мен жартылай 
фабрикаттарды, қуат көздерін өндіру бойынша әлемде алдыңғы қатарлы орындарды 
иеленеді. Бұл бір жағынан, Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екендігін, ал екінші 


129 
жағынан, еңбек пен капиталдың экспортқа бағытталған және пайдасы мол салаларда 
шоғырланудың өте үлкен дәрежесі бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік 
экономикадағы бет-бейнесін: 
1. 
Мұнай, көгілдір отын, электроэнергия; 
2. 
Қара металлургия, минералды тыңайтқыштар, мақта-мата кездемесі, ағаш 
өнімдері; 
3. 
Астық өнімдері, сүт, әртүрлі жемістер анықтайды. 
Көптеген өнімдер бойынша, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, 
жеңіл автокөліктер өнімдері бойынша Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны әлі де 
болса төмен. Өкінішке орай, Қазақстанның машина жасау кешеніндегі орны өзінің 
тиісті деңгейінен қалып қойып отыр. Оған бірқатар факторлар жауап береді: инвестициялық 
сұраныс төмен, бәсекелік қабілеттілігі мардымсыз, көптеген машина жасау 
фирмаларының экспорттық белсенділігі төмен, т.б. 
Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттайтын көрсеткіштердің 
қарқынын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді үдерістер, жалпы әлемдік экономикамен 
салыстырғанда елдің экономикалық даму қарқынын арттыратын және оны тежейтін 
факторлар анықтайды. Кеңес Одағы ыдырап, егеменді ел болғаннан кейін Қазақстан 90-
жылдардағы өндірістің терең құлдырауын бастан кешіріп, әлемдік экономиканың даму 
көшінен тым артта қалды. 
Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан өзінің жағдайын әлі де болса 
жақсарта алмаса да, республикада соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсу байқалып 
отыр (бұл әрине, 2014 жылы орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстан 
кейін). Қазақстан ЖІӨ үлесі мен экономикалық даму бойынша 90-жылдары жоғалтып 
алған деңгейін қайта қалпына келтіре алды. Жыл сайын ЖІӨ өндірісі орта есеппен 7,0-
7,5%-ға өсіп келеді. 
Осы уақытқа дейін, Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының жылдамдауына 
салыстырмалы түрде қысқа және ұзақ мерзімді факторлар әсер етті. 
Қысқа мерзімді факторлар: 
1) 
1998 жылы болған Азиялық дағдарыс нәтижесінде теңгенің құбылмалы 
бағамын енгізу, бұл экспорттық өндірістің барлық түрлерін ынталандырды; 
2) 
мұнай мен газға, көптеген шикізат түрлеріне және жартылай фабрикаттарға 
әлемдік бағалардың көтерілуі; 
3) 
жақын шет мемлекеттерден еңбек ресурстарының ағылуы. Ұзақ мерзімді 
факторлар: 
1) 
біліктілігі жоғары жұмыс күші әлеуетінің бар болуы; 
2) 
алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолданудың кең мүмкіндіктері; 
3) 
Қазақстан территориясында Еуропа мен Азияны байланыстыра- тын трансұлттық 
көлік жолдарының дамуы; 
4) 
жеке және мемлекеттік секторларда жинақталған ірі қаржы ресурстарының 
болуы. 
Қуат көздерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды экспорттауды әріқарай дамыту 
ұзақ мерзімді жоспарда Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының факторы ретінде 
қарастырыла алмайтындығын атап өткен жөн. Өйткені ЖІӨ-ді арттыруда энергия мен 
материалды көп қажетсіну ұзақ мерзімде төмендейтін үрдіс болып табылады, олай болса, 
шикізат көздеріне әлемдік сұраныстың өсу қарқыны келешекте әлемдік ЖІӨ-нің өсу 
қарқынынан қалып отырады. 
Ұзақ мерзімді басымдықтарда Қазақстанның үдемелі экономика- лық өсуі тиімділігі 
жоғары ғылымды көп қажет ететін өндірістерді және қызметтер көрсету салаларын 
дамыту негізінде ғана мүмкін болады. Осындай негізде ғана әлемдік технологияларды 
игеру, экономиканың тиімділігі мен халықтың табыстарын тұрақты түрде көтере алу 
мүмкін болады. 


130 
Сыртқы сауданың қазіргі тауарлық құрылымы Қазақстанның ЖІӨ-ін өсірудің 
факторы 
бола 
алмайды. Енді 
өндірістің 
барлық 
секторларын 
жаңғыртуда 
инвестицияларды маңызды түрде арттыру және жалпы алғанда, ұлттық экономиканың 
бәсекелік қабілеттілігін көтеру қажет. 
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы кең мағынада халықтың денсаулығы, білім 
беру мен ғылым, инфрақұрылым жүйелерінің дамуы, қаржы-несие саласының жағдайы, 
қоғамдық тәртіп және басқалары сияқты жиынтық факторлардан құралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет