1 Карипова М. Р


Төлем балансының құрылымы



Pdf көрінісі
бет150/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

Төлем балансының құрылымы 


128 
Төлем балансы белгілі бір уақыт аралығында шетелдік мемлекет- терге төленген 
жалпы төлемдер мен шетелдік мемлекеттерден алынған жалпы төлемдер арасындағы 
айырманы білдіреді. Төлем- дерге алтын, тауарлар мен қызметтердің құны, туризмнен 
келген табыстар мен шығындар, капиталдың түрлері мен инвестициялар, пайыздарды
дивидендтерді және несиелерді төлеу жатады. Егер түсімдер төлемдерден асып кетсе, 
онда төлем балансының жағдайы активті болады немесе төлемдер түсімдерден асып кетсе, 
онда төлем балансы пассивті болып соңында оның тапшылығы орын алады. 
Төлем балансының жағдайын валюта бағамы анықтайды. 
Төлем балансының құрылымына келетін болсақ, ол ағымдық операциялар 
балансынан және капитал қозғалысы балансынан құралады. Ағымдық операциялар 
балансы өз кезегінде сауда балансынан, қызметтер балансынан және трансферттік 
төлемдер балансынан құралады. Ал капитал қозғалысы балансы ұзақ мерзімдік және қысқа 
мерзімдік капитал салымдарының келуі мен кетуін білдіреді. 
Төлем балансының жағдайы ұлттық экономиканың әрекет ету сапасының аса 
маңызды көрсеткіші ретінде көрінеді. Мемлекет оның жағдайын мұқият қадағалап отырады. 
Шығындардың табыстардан артып кетуі ұлттық валютаның беделіне нұсқан келтіріп, оны 
құнсыздандырады. Ел қарызға тап болады, кейін оған қызмет көрсетіп қайтару керек болады. 
Ал табыстардың шығындардан жүйелі түрде артып кетуі ел үшін қолайлы болғанымен, ол 
басқа әріптес-елдердің төлем баланстарының тапшылығына алып келеді. 
Егер төлем балансы капиталды шетелден тарту есебінен жақсартылса, онда бұл 
болашақта бірқатар келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін (қарыз, шетел 
инвестицияларына табыстарды қайтару). 
Сондықтан табыстар мен төлемдерді теңестіруді ең тиімді бағыт деп санайды. 
Валюта бағамы оның ревальвациясы және девальвациясы арқылы төлем балансының 
жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады. Ревальвация – 
бұл валюта бағамының басқа валютаға қарағанда көтерілуі. Девальвация – бұл валюта 
бағамының басқа валютамен салыстырғанда төмендеуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет