1 кедендік бақылау-кеден ісінің ҚҰрамдас бөліктері ретінде кедендік бақылау мәні, құрылымы және мақсаттары


Кедендiк бақылаудың жекелеген түрлері



бет8/13
Дата03.01.2022
өлшемі355.5 Kb.
#451029
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
=Дип. Кеден органдарының кедендiк бақылау

2.2. Кедендiк бақылаудың жекелеген түрлері.
Кеден бакылауының қүрамдас белігі ретінде валюта бақылауы ұлттық банктің бірқатар ведомстволық актілері қабылданғаннан кейін оған кеден органдарының қатысуына қосымша мүмкіндіктер туғызады.

1997 жылы 23 мамырда Ұлттық Банктің қаулысымен экспорттық-импорттық валюта бақылауын үйымдастыру жөніндегі ереже кабылданды.

Экспорттық-импорттық валюта бақылауын енгізу кеден органдарына өткізілетін экспорттык-импорттық валюта операцияларының әрекет етуші құқықка сәйкестігін тексеру, төлемдердің негізділігін, экспорттық-импорттық операциялар бойынша есептің толықтығы мен объективтілігін тексеру бойынша қосымша қызметтер жүктейді.

Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы өкілеттіктері:


  • сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлап отырады;

  • кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығару жолымен кеден органдарының функиялары мен өкілеттіктерін айқындайды.

Кеден органдарының экспорттық бақылау саласындағы құзыреті:



  • Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан
    Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік
    бақылауды жүзеге асырады;

  • Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық
    базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады.Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативті құқықтық актілерді шығару жолымен кеден органдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды.Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік бақылауды жүзеге асырады.Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.

Кеден органдары экспорттық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және өзге де тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан өздері алған ақпараттың жасырындығын, сақтауға міндетті.

Экспортер тауар экспортын өткізген күннен бастап белгіленген мерзімде, 180 күнтізбелік күнде кешіктірілмей жеке тауар экспортын 365 күнтізбелік күнді кешіктірмей қамтамасыз ету қажет. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

Егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензияда мерзімі көрсетілмеген жағдайда, онда экспорттық түсім.

Қазақстан Республикасының уәкілетті банктегі өзінің есеп шотына есепке алады, ал егер экспорттық түсімді алу мүмкін болмаған жағдайда-бұрын экспортталған тауар қайтарылуға жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес мемлекеттік заң жүзінде тіркелсе, экспортерлер экспорттық түсімді шетел банктерінде немесе басқа да қаржы институттарындағы есеп шоттарына есепке алады.

Валюталық заңмен белгіленген мерзімде экспорттық түсім түспеген жағдайда, экспортер Қазақстан Республикасының заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен лицензия алу жөнінде, сондай-ақ экспорт түсімін алу немесе бұрынғы тауар экспортын қайтару жөнінде шара қолдану қажет.

Экспортқа дейінгі 180 күнтізбелік күнді кешіктірмейтін экспорт үшін алдын ала төлем ақыны жүзеге асыру үшін, экспортер Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен тіркелу куәлігін алуға міндетті.Импортер мен тауарға төленген қайтарылуға жатпайтын ақша көлемін Қазақстан Республикасына тауардың қайтарылуы жөнінде шара қолдану қажет.

Егер тауар жеткізілмеген жағдайда-бекітілген келісім-шарт бойынша бұрын өзінің банк есеп шотына аударылған ақшаны 180 күнтізбелік күнді кешіктірмей қайтару жөнінде шаралар қабылданады. Егер бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензиясында көрсетілмеген жағдайда.

Валюталық заңмен белгіленген мерзімде тауар жеткізілмеген жағдайда, онда импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен лицензия алу туралы алдынала төлемді қайтару туралы шаралар қолдануға міндетті.Тауардың жеткізілу мерзімі тауарды кедендік ресімдеу мерзімімен қойылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 180 күнтізбелік күнді кешіктірмейтін тауар импорты үшін резидент пен төленген төлемді аударған жағдайда импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен тіркелген куәлігін алуға міндетті.

Резидент пен немесе резидент емес арасындағы төлем және шетел валютасы, теңге операцияларын тек қана өздерінің банктегі есеп шоттары арқылы ресімделіп жүзеге асырылады.Резидент пен және резидент емес арасындағы шетел валютасы мен және теңге мен төлемдік операциялары мәмле куәлігімен ресімделіп ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Экспортер- Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер), Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына тауарларды жеткізу туралы келісім-шартқа отырса;

Импортер- Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлға, оның филиалы, жеке кәсіпкер), Қазақстан Республикасының территориясына кедендік шекарасы арқылы тауарларды әкелуге және қолдану туралы келісім-шартқа отырса.

Мәміле куәлігі қосымша ресімдеуді немесе мәмле куәлігін жабуды қажет ететін келісім шартты қосымша өзгерту мәмлн куәлігін ресімделген күннен кешіктірілмей күшіне енеді.Егер экспортердың немесе импортердың мәмле куәлігі кеден ісі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен анықталатын белгіленген тәртіппен масималды категория қаупіне сәйкестендірілсе кедендік ресімдеу тауар экспортының төлемін немесе тауар импортының алдын ала төлемін бақылайды.Кеден органында мәмле куәлігін ресімдеу бес күндік мерзімде тоқтатылады.Белгіленген мерзімде кеден органы экспортердан немесе импортердан және басқ да қажетті құжаттарды және экспортер импортер жөнінде ақпараттар алуға, сондай-ақ кеден органымен және валюталық заңмен белгіленген басқа да құқық қорғау органдарына жіберуге құқығы бар.

Экспортер мен импортерді максималды категория қауіпіне қатыстылығы олардың экспорттық және импорттық мәмлелердегі шектеулер мен құқықтарды жүзеге асыруға негіз бола алмайды.

Егер экспорттық және импорттық мәмле ресімделген жағдайда белгіленген 180күнтізбелік күнді кешіктірмейтін мерзімде экспортер мен импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мәмле куәлігін ресімдеуге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігін алуға міндетті.Сондай-ақ оның көшірмелері мәмле куәлігіне қосымша табыс етіледі.

Егер мәмілені жүзеге асыру барысында экспортер және импортер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігін алған жағдайда, сол кезде ол кеден органына, уәкілетті банкке лицензияның және тіркелу куәлігінің негізін және көшірмесін мәміле куәлігіне қосымша ресімделген бетпен бірге ұсынуға міндетті. Лицензияның және тіркелу куәлігінің көшірмесі кеден органында және уәкілетті банкте сақталады.

Егер іс жүзіндегі нұсқауға сәйкес мәмле куәлігіне қосымша бетті ресімдеу талап етілмесе, онда кеден органы немесе уәкілетті банк бөлімге кеден органының негізгі банк белгілерін мәмле куәлігінің көшірмесіне

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен сәйкестендіру лицензиясын немесе тіркелу куәлігінің реквизитін және қолма-қол белгілерін кіргізеді. Валюталық бақылау құжатын қалыптастыруда уәкілетті банк және кеден органы мәмле куәлігінің әр-қайсысына іс жүргізуге міндетті. Валюталық бақылау құжатынан басқа экспорттық және импорттық іс мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктің резиденттің есепке тіркеу көшірмесін, экспортердың және импортердың заңды тұлға немесе оның филиалының жағдайы жөніндегі Жарлығының көшірмесі, экспортер мен импортердың жеке куәлігінің көшірмесі, жеке тұлға, мәмле куәлігімен ресімделетін сенімхатты құрайды. Белгіленген құжаттарға өзгерістер енгізілмеген жағдайларды қоспағанда, басқа жағдайларда мәмле куәлігін ресімдеу үшін құжаттарды қайта кеден органына ұсынуды қажет етпейді.

Ресімделетін мәмле куәлігі бойынша жеке тауарлар экспортының тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жеке тауарлар экспортының мәмле куәлігінің негізі болып экспортталатын тауарлардың тізімі болып табылады.Ол жеке тауарлар экспорты бойынша ресімделіп экспортердің қолы қойылады. Жеке тауарлар экспорты бойынша келісім-шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеке тауарлар экспортының тізімін қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жеке тауарлар экспортының тізімін басқа да жағдайларда белгіленген тәртіппен қарастырылуға міндетті:


  1. Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіпте сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес таурлардың толық белгілерін сәйкестендіруге мүмкіндік береді;

  2. Жеке экспорттық тауарлар бойынша мәмле куәлігі ресімделгеннен кейін келісім-шарт күшіне енеді.

Жеке тауарларды экспорттау келісім-шарты белгілеген талаптарға сәйкес жүзеге асырылмаса, онда кеден органдары немесе банк жеке тауарларды экспорттау келісім-шартына қол қоюдан бас тартуға негіз бола алады.

Егер келісім-шарт белгіленген талаптардың 3 және 9 бөлімдеріне сәйке с жүзеге асырылса немесе 28-2 бөліміндегі талаптарды орындамаған жағдайда экспортер табысты қайтару режимін жалпы негізде 180 күнтізбелік күндік мерзімде кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен берілген лицензияны қолдана отырып мәмле куәлігін ресімдеуге құқығы бар.

Жеке тауарлар экспортының мәмле куәлігін ресімдеу де келісім-шарттың көшірмесі, мәмле куәлігін ресімдеген күні, айы немесе келісім-шарттың нотариалдық тіркеудегі көшірмесі міндетті түрде ұсынылу қажет. Экспортер негізді немесе келісім-шарттың нотариалдық тіркеудің көшірмесі кеден органының лауазымды тұлғасы және банк дәл көшірмесіне тексеріс жүргізіп жеке тауарларды экспорттаудағы мәмле куәлігіне «көшірменің расталғаны» деген мөрмен бекітіледі.

Негіз мәтіні және оның дәл көшірмесі белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда кеден органдары және банк іс-жүзіндегі ақпарат бойынша құқық қорғау органдарына жібереді. Кеден органының лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәмле куәлігін ресімдеудегі іс-жүргізу талаптарына сәйкес тауар экспортының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес келуін қадағалайды.Егер ресімделетін экспорттық мәмле 365 күнтізбелік күннен асатын мерзімдік түсімді көздейтін болса, онда экспортер мәмле куәлігін ресімдеуге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен сәйкестендіру лицензиясын алуға міндетті, оның көшірмесі міндетті түрде мәмле куәлігіне қосымша тіркеледі.Мұндай жағдайда кеден органдары бес күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен келісім-шартқа сәйкес лицензия алу үшін түсініктеме беріледі.



Кедендiк сараптама – кедендiк транспорттық бақылауды жүзеге асырудың арнаулы құралы. Сараптама – арнаулы бiлiмдi талап ететiн қандайда бiр мәселенi зерттеу. Сараптама объектiлерiне заттар, құжаттар, адамның денесi және жануарлар, сараптамалық зерттеулер үшiн алынатын үлгiлер, сонымен қатар iс қажетiне жататын мәлiметтер жатады.

Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін,
олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес
дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу болып табылады.

Мына жағдайларда кеден органдары сараптама тағайындауы мүмкiн:

  • кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;

  • алдын ала шешім қабылдаған;

  • кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған;

  • тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде.

Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың сарапшылары жүргізеді.
Кедендік сараптаманы жүргізу негiздерi:

  • кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша — кедендік сараптамаға жолдама;

  • кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыкггар бойынша - кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы.

Жолдамада не қаулыда мыналар көрсетiледi:

  • кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

  • кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;

  • сарапшының алдына қойылған мәселелер;

  • сарапшының қарауына берілетін материалдар тiзiлiмi.

Жолдама не қаулымен декларант таныстырылады. Оған құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. Декларант танысқандығы туралы белгi соғады немесе қол қояды.

Кеден органдары кеден зертханаларында сараптама жүргізу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қүқылы. Сынамалар мен үлгілер оларды іріктеп алу нормаларын көздейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін


ең аз мөлшерде алынады. Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары
мен үлгілерін іріктеп алу туралы белгілеген нысан бойынша акт жасалады.

Декларант кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың


сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысады. Декларант кеден
органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен
үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдем көрсетуге, оның ішінде сынамалар мен
үлгілер іріктеп алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен
жүзеге асыруға міндетті.

Тауарлар берілгеннен кейін күнтізбелік он күннен соң декларант келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар кезінде кеден

органдары декларант жоқ кезде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы мүмкін. Мұндай жағдайда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.

Сынамалар мен үлгілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптама аяқталған соң сынамалар мен үлгілер декларантқа қайтарылады.

Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы жүргізуге кіріседі.

Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы


беріледі.

Сарапшының құқықтары:



  • егер қойылған мәселелер өзінің құзыретіне жатпаса, сараптама жүргізу-
    ден бас тартуға;

  • өзінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап беруден бас тартуға;

  • кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдар табыс
    ету туралы өтініш беруге құқылы.

Сарапшының міндеттері:

  • кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;

  • сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама
    мәселелері бойынша консультациялар беруге;

  • бұл тұрғыда мәселе қойылмаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы
    ой-пікірін қорытындыға енгізуге;

  • кедендік сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жакпы және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге;

  • іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы іс бар тұлғаның шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;

  • кедендік сараптама нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге.

Сарапшы өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Сарапшы қорытындыны жазбаша нысанда өзінің атынан береді. Сарапшының қорытындысында өзі жүргізген зерттеулер және қойылған


сұрақтарға негізді жауаптары жазылады.

Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда


кеден зертханасы басшысының шешімі бойынша комиссиялық сараптама
жүргізіледі, ол бір мамандықтағы бірнеше сарапшыға тапсырылады. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған кезде олардың әрқайсысы немесе бір бөлігі жеке қорытынды беруге құқылы.

Кедендік сараптамаларды өз құзыреттерінің шегінде әр түрлі мамандықтағы сарапшылар жүргізу қажет болған жағдайда, кешенді сараптама тағайындалады. Әр сарапшы қорытындының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.

Табыс етілген материалдар бойынша қорытынды беру мүмкін болмаған
кезде сарапшы кеден сараптамасын тағайындаған кеден органына бұл туралы, бас тарту дәлелін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.

Жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қосымша кедендік сараптама


тағайындалады. Қосымша кедендік сараптама жүргізу бастапқы сараптаманы
орындаған сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталап жүргізілетін кедендік сараптама алдыңғы қорытындыға декларант шағымданған жағдайларда сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптаманы тағайындау кезінде жолдамада немесе қаулыда алдыңғы сараптама нәтижелерімен келіспеу себебі көрсетілуге тиіс.

Кедендiк бақылау жүргiзуде заңдарда көзделген қосымша шаралар белгiленген. Оларға кедендiк бақылаудың белгiлi бiр нысандарын қолданудан босату; тұлғалар туралы ақпарат жинау; техникалық құралдарды пайдалану;бақылау жүргiзу уақытының талаптарын сақтау;заңсыз зиян келтiрмеушiлiкке жол бермеушiлiк т.б. жатады.

Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қоланудан босатуы тек қана Кеден Кодексiнде белгіленеді. Осыған сәйкес кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатылатындар:



  • Қазақстан Республикасы Президенті;

  • Қазақстан Республикасы Президентімен бірге жүретін оның отбасы мүшелері.

Қазақстан Республикасы шекарасынан қызметтiк мiндеттерiн немесе депутаттық өкiлеттiктерiн орындауға байланысты өтетiн тұлғалардың iшiнде кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатылатындар:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы;

  • Қазақстан Республикасы Парламенті МәжілісініңТөрағасы;

  • ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік хатшысы;

  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы;

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;

  • Қазақстан Республикасының Бас прокуроры;

  • Қазақстан Республикасы Ұлпық Банкінің Төрағасы;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері;

  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары.

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше кезделмесе, өз
жүрісімен бара жатқан шетелдік әскери корабльдер (кемелер), әскери әуе кемелері және әскери техника кедендік тексеріп қараудан босатылады.

Кеден органдарының кедендiк бақылау жүргiзген кезде тұлғалар туралы ақпарат жинауға құқығы бар. Ол ақпараттар мазмұнын мыналар құрайды:



  • олардың тіркелуі;

  • орналасқан жері туралы деректер;

  • азаматтардың деректері: тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жері,

  • жынысы;

  • тұрғылықты мекен-жайы.

Кеден органдары түлғалар туралы ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде, сондай-ақ аталған ақпаратты салық органдарынан, ішкі істер органдарынан, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардан алу арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырады.

Кедендiк бақылау жағдайында күрделi мәселелер туындауы мүмкiн. Бақылауды жүзеге асыруда техниалық құралдарды пайдалану осы мәселердi шешу үшiн маңызды орын алады.

Кедендік бақылау жүргізу уақытын қысқарту және оның оңтайлылығы мен тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолдану тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін техникалық құралдарды пайдалана алады.

Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне қауіпсіз болуға және тұлғаларға, тауарларға және көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) мен ішкі сулары-
ның шектерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумақта тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау кеден органдарының теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Теңіз, ішкі сулар және әуе кемелерін пайдалана отырып кедендік бақы-


лауды жүзеге асырған кездегi кеден органдары қызметкерлерiнiң құқықтары:

  • көлік құралында кедендік бақылауға жататын тауарларды заңсыз өткізу
    белгілері табылған жағдайда көлік құралын тоқтатуға және оны тексеріп қарауға;

  • көлік құралындағы қылмыс жасады деп күдік тудырған адамдарды Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында кезделген тәртіппен ұстауға;

  • егер ізіне түсу Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық суларында (теңізінде) тоқтау туралы көру немесе есту сигналы оны көруге немесе естуге мүмкіндік беретін қашықтықтан берілгеннен кейін басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жапсарлас аумаққа аттанған теңіз ішкі сулар кемелерін олар өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне) енгенге дейін Қазақстан Республикасының аумақгық суларының (теңізінің) шегінен тыс жерде ізіне түсуге және ұстауға;

  • кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қою үшін ұстауға;

  • көлік құралдарын ілестіріп алып жүруге, оның ішінде кеден органдарының лауазымды адамдарын оларға отырғызып алып жүруге.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде кеден органдары кемелерінің экипаждарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлетiн құқықтар мен өкiлеттiктер:

  • тиістілігіне және қандай мақсатқа арналғанына қарамастан, Қазақстан
    Республикасының су және әуе кеңістігін, Қазақстан Республикасының аумағындағы теңіз және өзен порттарының айдындарын, сондай-ақ әуежайларды, әуежайлақтарды (қону алаңдарын) пайдалануға;

  • Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органымен келісілген тәртіппен портқа кіретін және порттан шығатын жерлерді пайдалануға;

  • кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті навигациялық, гидрометеорологиялық, гидрографиялық және өзге де ақпаратты өтеусіз алуға құқық беріледі.

Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін, кедендік бақылау үшін қажетті жүк операциялары мен өзге дө операциялар жүргiзiлуi мүмкiн. Оларға Кеден органының талабы бойынша декларант, қойманың иесі, кеден брокері және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға кедендік бақылауға жататын тауарларды тасымалдауы, өлшеуі немесе тауардың мөлшерін өзгеше айқындауы, тауарларды тиеуі, түсіруі, қайта тиеуі, бүлінген орамды тузетуі, орамды ашуы, тауарларды орауы не қайта орауы, сондай-ақ үй- жайларды, ыдыстарды және мұндай тауарлар бар немесе болуы мүмкін басқа да орындарды ашуы жатады. Тасымалдаушы өзі тасымалдайтын тауарлармен және көлік құралдарымен жүк және езге де операциялардың жүргізілуіне жәрдемдесуге міндетті.

Тауарлармен және көлік құралдарымен жүргізілетін жүк операциялары


мен өзге де операциялар кеден органы үшін қандай да болмасын қосымша
шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.

Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайларды және басқа да орындарды бірдейлендіру жұмыстарын да атқарады. Кедендік бақылауға жататын көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және тауарлар мен көлік құралдары бар немесе болуы мүмкін басқа да


орындар мен бақылауы кеден органдарына жүктелген қызмет жүзеге асырылатын орындарды, сондай-ақ кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын кеден органдары бірдейлендіре алады.

Бірдейлендіру пломбылар қою, мөр басу, санмен, әріппен және өзге де таңба қою, бірдейлендіру белгілерін салу, мөртабандар қою, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттап жазу, сызбалар жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауардың ілеспе құжатын және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.

Бірдейлендіру құралдарын қолдану және дайындау тәртібін, сондай-ақ
олардың стандарттарын кеден ісі мәселелерін уәкілетті орган белгілейді. Кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру құралдары ретінде пломбылар,
мөрлер немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдары қойған өзге де бірдейлендіру құралдары танылуы мүмкін.

Тауарлар мен көлік құралдары жойылуының, қайтарымсыз жоғалуының


немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болу жағдайларын қоспағанда,
бірдейлендіру құралдарын тек кеден органдары өзгертуі, алып тастауы немесе жоюы мүмкін немесе бұл олардың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Кеден органына бірдейлендіру құралдарының өзгерістері, алынып тасталуы немесе жойылуы туралы тез арада хабарланады және аталған қатердің бар екендігіне дәлелдеме беріледі.

Тұлғалар кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі туралы талаптарды сақтауға міндетті. Тұлғаға өзінің осындай талаптарды сақтамауының салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатпайды.

Кедендік бақылау жүргізу кезінде тасымалдаушыға, декларантқа, олардың өкілдеріне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бос қоймалардың иелеріне, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне және кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдарының әрекеттері (әрекетсіздігі) және шешімдері мүдделеріне әсер ететін өзге де тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет