1 кедендік бақылау-кеден ісінің ҚҰрамдас бөліктері ретінде кедендік бақылау мәні, құрылымы және мақсаттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ



бет7/13
Дата03.01.2022
өлшемі355.5 Kb.
#451029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
=Дип. Кеден органдарының кедендiк бақылау

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ


    1. Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi



Кедендiк бақылау жүргiзу экономикалық мүдделердi қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiлетiндiктен, осы саладағы бақылау жұмысы азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмеуi тиiс. Осы мақсатта Кеден кодексiнде кедендiк бақылау жүрзудiң құқықтық нысандары мен тәртiбi көзделген.

Кеден кодексiндк көзделген кедендiк бақылау нысандары:

        1. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

        2. Ауызша пікір сұрау;

        3. Түсіндірмелер алу;

        4. Кедендік қадағалау;

        5. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;

        6. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;

        7. Жеке тексеру;

        8. Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға
          бірдейлендіру белгілерін соғу;

        9. Тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;

        10. Тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;

        11. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру.

Жоғарыда аталған кедендiк бақылау нысандарының iшiнде тәжiрибелiк мәнi бар нысан кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру болып анықталады. Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді. Тексеру Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүргiзiлуi мiндеттi.

Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің


дұрыстығын тексеру тәсiлдерi:

  • оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен са-
    лыстыру;

  • арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау;

  • ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы. Іріктеп тексеру негізінде де кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі.

Ауызша пiкiр сұрау нысанын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң келесi нысаны түсiндiрмелер алу. Түсіндірмелер алу — кеден органдары лауазымды адамдарының декла-ранттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласын-дағы қажетті ақпаратты алуы.

Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң айрықша нысанына кедендiк қадағалау жатады. Кедендік қадағалау — кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.

Тауарлар мен көлiк құралдарын жiберу – кеден органдарның тұлғаларға белгiлi бiр кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалануға және оларға билiк етуге рұқсат беру жөнiндегi iс-әрекетi. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік құралда-
рын бақылауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәлімеггерді растау үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы жүзеге асады.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру - егер мұндай тексеру көлік құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.

Кедендік бақылау аймағында тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.

Тауарлар мөн көлік құралдарын тексеру нәтижелері бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгіленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамның талабы бойынша акт жасауға міндетті. Кедендік қарау жүргізілгендігі туралы актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға тапсырылады.

Тексеру – бақылау үшiн маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында жүргiзiледi. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кедендiк бақылаудың келесi нысаны. Кедендік тексеріп қарау — кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс - әрекет. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде іріктеп тексерудің кедендік бақылау жүргізуi жасалады. Кедендік тексеріп қарау тауарларды кедендік мақсаттар үшін бірдейлендіру, мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығын анықтау не мұндай ақпаратты тексеру.

Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттігі бар декларант немесе өзге тұлғалар және олардың өкілдері кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын басқаратын жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады. Декларант, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері өздерінің бастамасы бойынша тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы.

Егер декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар болмаған жағдайда кеден органдары қызметкерлерiнiң кедендiк тексерiп қару жүргiзуi мүмкiндiгi бар:


  • аталған адамдар тауарлар мен көлік құралдары тапсырылғаннан кейін он күн өткен соң келмеген жағдайда;

  • ұлттық қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп болған жағдайда және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;

  • тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберген кезде;

  • тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағында кедендік режимді бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен келік құралдарына кедендік тексеріп қарау жүргізуге құқылы.

Аталған жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі және кеден ісі мәселелері женіндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік тексеріп қарау актісі толтырылады.

Кедендік тексеріп қараудың нәтижелері бойынша екі дана етіп акт жасалады. Кедендік тексеріп қарау жүргізілгендігі туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетiледi:



  • кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары мен оны жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер;

  • декларанттың, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты екілеттіктері бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендік тексеріп қарау жүргізудің себептері;

  • кедендік тексеріп қараудың нәтижелері.

Актінің екінші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға, не оның өкіліне тапсырылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясында жеке адамның абыройы мен кадiр-қасиетiн құрметтеу мәселесiнде кепiлдiк бар. Кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiнде жеке тексерiп қарау осы кепiлдiктiң бұзылмауын қам тамасыз етуi мiндеттi. Жеке тексеріп қарау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.

Жеке тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды
адамы жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы
адамның жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.

Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу кезіндегі іс-әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс.



Осы жерде өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның құқықтарын атап өтуге болады:

  • жеке тексеріп қарау жүргізу тәртібімен және жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;

  • Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;

  • жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе тырып, мәлімдеме жасауға;

  • жеке тексеріп қарау жүргізудің нәтижелерімен және іс жүргізу құжаттарымен танысуға;

  • жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағым жасауға;

  • адвокаттың қызметтерін пайдалануға.

Жеке тексерiп қарау аяқталғаннан кейiн жеке тұлғаға хаттаманың көшiрмесi, тауарлардың алынып қойғаны туралы актi берiледi.

Жеке тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы


кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуыімен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Тексеріп қаралатын адамның дене органдарын тексеріп зерттеуді маман-дәрігер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргізiледi.

Жеке тексеріп қараудың жүргізілгендігі туралы хаттамаға жеке тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамы, өзіне қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде — дәрігер қолдарын қояды.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң тағы бiр нысаны тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға бiрдейлендiру белгiлерiн қою.

Кеден органдары кедендік бақылауды тауарларда (олардың орамаларында) арнаулы таңбалардың, бірдейлендіру белгілерінің немесе оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелудің заңдылығын растау үшін пайдаланылатын тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болуын тексеру жолымен жүзеге асырады. Тауарларда арнаулы таңбалардың, бірдейлендіру белгілерінің немесе тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болмауы, егер өзінен мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделі адам басқаша дәлелдей


алмаса, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды кедендік ресімдеу мен шығару жүргізілмей жүзеге асырылған тауарлар әкелу ретінде қаралады.

Тауарлардың және көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру кедендiк бақылау жүргiзудiң өзiндiк ерекшелiгi бар нысаны. Кедендiк бақылау нысаны ретiнде есептiлiк жүйесiн тексеру жағдайлары:

- тұлға кедендік ресімдеудің оңайлатылған рәсімдерін қолдану туралы мәлімдеген кезде;


  • Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен есепке алынуға тиіс тауарларды шартты түрде шығарған кезде;

  • кеден брокерлері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдер шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;

  • кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тексеру кезінде қолданылады.

Тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу шартты турде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын, тарифтік және
тарифтік емес реттеу шаралары белгіленген тауарларды бақылауды қамтасыз ету мақсатында кеден органдары Кеден Кодексiне сәйкес кедендік ресімдеу
мен кедендік бақылау кезінде түлғалар беретін мәліметтер негізінде жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аумағында шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдаланатын тұлғалар және өзге де тұлғалар олардың есебін жүргізуге және кеден органдарына кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептілiк тапсыруға міндетті.

Кедендiк бақылау жүргiзудiң нысандары iшiнде үй-жайлар мен аумақтарды тексеру өте күрделiсi болып табылады. Кеден органдары кеден бақылауын жүргізу мақсатында кеден органының лауазымды адамдары қызметтік куәлігін және кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары, кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар болатын, не болуы мүмкін, не кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен үй-жайларға кіруге құқығы бар. Бiрақ осы жерде тексеріп қарау мен тінту жүргізу құқығы болмайды. Егер аумаққа және үй-жайға кіргізуден бас тартқан жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары, аумаққа және үй-жайға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақ пен үй-жайларға кіруіне қарсылық көрсеткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда прокурордың рұқсаты талап етілетін әрекеттер рұқсатсыз да, бірақ кейіннен прокурорды жиырма төрт сағаттың ішінде жазбаша хабардар ете отырып жүргізілуі мүмкін. Прокурор аталған хабарламаны алғаннан кейін жүргізілген әрекеттердің заңдылығын тексереді және олар заңсыз болған жағдайда күшін жояды немесе тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды өз қаулысымен тоқтатады.

Кедендік бақылаудағы, оның ішінде шартты түрде шығарылған тауарлардың бар екендігін растау мақсатында жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды тексеру уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, бос қоймаларда, арнаулы экономикалық аймақтарда, бажсыз сауда дүкенінің үй-жайларында, сондай-ақ кедендік рәсімдердің немесе кедендік режимдердің шарттарына сәйкес тауарлар болуы тиіс тұлғаларға жүргізіледі. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру тауарлардың жоғалғаны, оларды иеліктен айырғандығы не оларға өзге де тәсілмен билік етілуі туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшін, сондай-ақ іріктеп тексеру негізінде жүргізіледі. Жоғарыда көрсетiлмеген тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын тексеруді кеден органдары осындай үй-жайларда немесе аумақтарда Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тәртіпті бұза отырып әкелінген тауарлардың бар екендігі туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеріп шығу үшін жүргізеді. Тексеру нәтижелері жөнінде кеден ісі мәселелері акт жасалады, оның екінші данасы тексеру жүргізілген түлғаға беріледі.

Үй-жайлар мен аумақтардың заңдылығын бағалау талаптары мен шарттарына сәйкестігін анықтау үшін тексеруді де кеден органдары жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша қорытынды жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет