1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы



бет5/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#183418
1   2   3   4   5   6   7   8

3.2. Кәсіпорынның табыстылығын талдау

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызметтеуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.

Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткшітерінен тұрады, олар. өнімді өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс;

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімдлік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Менің ойымша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қатарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның рөлі төмендетілген болатын. Табыс табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорының негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынынң бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелерді орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділгі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның актвитеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады.

Алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділгін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әртүрлі көрсеткіштеір жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті таллдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарладың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізудентүсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіден азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнім өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауар материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

13-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

13-Кесте.


Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру




Көрсеткіштер

Есептік бағасы бойынша, мың. тг.

1

Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы

8360

2

Тауарлы өнім шығару

29000

3

Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы

15940

4

өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 қатар +2қатар -3 қатар)

21420

5

Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс

20850

6

Ауытқуы (4 қатар – 5 қатар)

570

Көрсетілген кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20850 мың теңгені емесе, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артықорындау болмас еді.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмау мүмкін. Бұндай жағдай нақты заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына де қатысты.

Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға таурады тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырсудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзім өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:


  • Біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;

  • Екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;

  • Үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта)

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түсен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлемін көп әсерін тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.

Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынанжоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.

Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкететі. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеу ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп банк жүйесі жұмысындағы кемшілктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.

Кәсіпорын табысы бағаның өсу есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылқ қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады.


14-Кесте

1996 жылғы «Аз Эталон» АҚ-ның жалпы табысы

(мың теңге)



Көрсеткіштер

Жоспар бой-ынша

Нақты өткіз-ілген өнімге жоспар бойынша

Нақты

1

Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс

20850

19745

23179

2

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны

16435

15741

16996

3

Жалпы табыс

(1 қатар – 2 қатар)



4415

4004

6183

Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп.

Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:


  1. өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;

  2. өнім бірлігінің бағасы;

  3. өткізілген өнім көлемі (саны);

  4. өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер

Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.



  1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізлген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:

Пs =  QHi SHi -  QHi Sжi

QHi - өткізілген өнімнің нақты көлемі;

SHi - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;

Sжi - өнім бірлігінң жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.

Өткізіліген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге төмендетті.

2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
ПЦ =  QHi РHi -  QHi Ржi
Мұндағы РHi және Ржi - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.

Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.

Біздің мысалымызда жалпы баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге өсті.

3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.

Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсыналады: қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша. Өткізілген өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі. Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлемін ғана емесе, сондай-ақ құрылымындағы өзгерістерге байланысты өткізілген өнімнің рентабельділіген де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруде, сондықтан бізідің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік өзіндік құн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелі б олып табылады.

Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп арқылы анықталады:


1. NCЖ = SH  100.

Sж

Мұндағы: NCЖ - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының орындалу деңгейі;

SH, Sж - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны;

2. ПП = ПЖ NCЖ

100


ПП – тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін әсері;

ПЖ – жоспарлы жалпы табыс.

Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспрады 3,4-ға асыра орындады, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған – 4415.

Талдау жұмысның теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:



  1. «өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;

  2. «өткізу көлемінің өзгеруі» факторының әсер теу соммасын «өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінеген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы.

Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. «Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінегн, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.

Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері




Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг

Жоспарды табысқа 

1

Өткізілген өнімнің өзіндік құны-ның өсуі

- 1255

+ 28,4

2

Келісілген бағалар деңгейнің өсуі

+ 3434

+ 77,7

3

Өнімді өткізу көлемінің артуы

+ 150

+3,4

4

Өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер

- 560

- 12,7




Жиынтығы:

+ 1768

+ 40,0

Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге өсетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзінідік құнының өсуі нәтижесіне азаюын кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшілктерге 1996 жылы талданып отырған кәсіпорынынң өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер жатады.

Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстарғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.

Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:



  1. өткізілген өнімдердің бағасыынң өзгеруі;

  2. өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;

  3. өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығыдарының өзгерісі.

Олардың есеті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық 16-кестені құрайық.

16-Кесте


Жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер




Көрсеткіштер

Өткен жылғы

Есепті жылғы

1

Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен

24392

23179

2

Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны

20689

16996

3

Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар)

3703

6283

4

Баға индексі

1,00

1,05

5

Өткізілген өнімнен түскен табыс, салыстырмалы бағамен

24392

22075

Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:

1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату бағасымен есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.

Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен

23179 : 1,05 = 22075

Бағалардың өзгерісі және оның жалпы табысқа әсері:

23179 – 22075 = 1104 мың теңгені құрады.

Кәсіпорынынң еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымша табыс 1104 мың теңгені құрайды.

2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.

Өткен жылғы өткезілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.

Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпал, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстармалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кем есебінен жалпы табыс көлемінеің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.

Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:

ДН = ДЖ - РК

Мұндағы: ДН – негізгі қызметтен алынған табыс;

ДЖ – жалпы табыс;

РК – кезең шығындары.

Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құныныа кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.

Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындардға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

Бұдан былай біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы рөлін қарастырамыз және маржинальды табысты прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қазметтен алынатын табыстың өзгеруіне әртүрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет