1. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы



бет8/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#183418
1   2   3   4   5   6   7   8

Қорытынды
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға бірден-бір қажетті ғылым болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы № 329-ІІ 27. 06. 2002 жылғы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі қоғамдары мен жалпы тәртібін, ішкі бағалау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Мен зерттеген кәсіпорынның ағымдағы активтерінің есебі де экономикалық мәселелердің басты қажеттілігі болып табылады.

Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымын терңінен ұғынуды, мен осы кәсіпорынның есеп саясатымен танысудан бастағам. Әрі қарайғы зерттеуде бухгалтерлік есептің алғашқы құжаттары да өз септігін тигізбей қоймады. Жалпы алғанда, кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары, дебиторлық борыштары мен ақша қаражаттарының жағдайының оңды болуы лезде өтелуі тиіс. Міндеттемелерді жабу үшін қолайлы болып келеді.

Дегенмен, жоғарыда аталған ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымының өзгерісіне, оның есебінің қолайлы жүзезеге асырылуына ерекше бөлуді олардың аудитін жүргізу арқылы іске асыруға болады. өйткені ағымдағы активтер арқылы жүргізілетін операциялардың дұрыстығы мен әділеттілігіне жүз пайыздық деңгейіндегі сенімділіктің болуы екі талай. Әрбір кәсіпорын жыл сайын өзінің қызметін, бухгалтерлік есеп жүйесін аудиттен өткізіп отыруы тиіс. Бұл оның өзінің нақты жағдайын, әсіресе қаржылық жағдайын объективті түрде көруге мүмкіндік береді. Мен зерттеген кәсіпорынның ағымдағы жүзеге асырылатын операциялардың рәсімделетін құжаттардың еш бұрмалауға ұшырамағаны байқалады. Ағымдағы активтерге жүргізілген функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен үрдістерді сатылай және цикл арқылы қалыптастыру бойынша іске асты.

Қазіргі нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізгі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз үрдісін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстарының жағдайын көрсетеді. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана кәсіпорынның қызметін объективті бағалап, оның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Мен кәсіпорынның ағымдағы активтерін оның құрамы мен құрылымының динамикасын талдау, кәсіпорынның табыстылығын, қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау арқылы зерттедім.

Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау кәсіпорынның жекелеген мүліктерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге ммүкіндік беертіні аңғартты. өйткені активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау олардың рационалды түрде таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылық жүргізуші кәсіпорынның өзге де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің бірі жалпы табыс болып табылады. Меніңше, шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табысты өсіру үшін материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету керек.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі оның қаражат айналымының жылдамдығынан көрінеді. Іскерлік белсенділікті таладу кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретінін таладу барысында байқадым.

Қызметті жүзеге асырмас бұрын басшылықтың басты назары өндірістің тиімділігі көрсеткіштеріне аударылуы керек. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін таладу өнім динамикасы мен ресурстар динамикасының арақатынасы арқылы экономикалық өсуді анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, мен нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын, кәсіпорынның табыстылығы мен қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдап, кәсіпорынның оңды қаржылық жағдайы туралы ақпарат алдым. Сонымен қатар - кәсіпорынның ағымдағы активтерінің аудиттен өтуі олардың еш бұрмалауға түспегенін аңғартты.



Қорыта келгенде, зерттелген кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жүйесі, жыл сайынғы жүргізіп отыратын аудиті ұйымдасқан күйде белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылады. Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағдайы жақсы тенденцияға жетелейтіні талдау барысында байқалды.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Құдайбергенов Н.А., Әжібаева З.Н., Кеулімжаев К.К. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, Экономик'с 2003ж.

  2. Абленов Д.О. «Аудит негіздері». Алматы, Экономика 2005 ж.

  3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы, Экономика 2001ж.

  4. Радостовец В.В., «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы, 1999ж.

  5. Русак Н.А. «Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности и промышленности». Под общ. ред. В.И.Стражева – Минск: Вышэйшая школа, 1995.

  6. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.

  7. Артеменко В.Г., Блендир М.В. Финансовый анализ: учебное пособие. – издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.

  8. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник /И.А.Богдановская, Г.Г.Виноградов, О.Ф.Моргун и др.: Под.общ. ред. В.И.Стражева. – Минск: Высшая школа, 1995./

  9. Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятии (практический аспект). – Алматы: Издательский дом «БИКО», 1997.

  10. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С., Негашев Е.В. методика финансового анализа предприятия. М.: Научно-производственная фирма «ЮНИ-ГЛОБ» совместно с издательско-полиграфическим объединением «МП», 1992.

  11. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қарашадағы «Қазақстан Республикасы аудит» туралы заңы (2001ж. Енгізілген толықтырулар)

  12. «Қазақстан -2030» Стратегиялық бағдарлама, Алматы, 1997-2002ж.

  13. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен ұсыныстар,Алматы,1998ж.

  14. Әбдіманапов. «бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы,1995ж.

  15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003ж. 24 қаңтардағы №91 қаулысы.

  16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002ж. 11 қаңтардағы №41 қаулысы.

  17. «Оптика» АҚ есеп саясаты.

    1. 10.Стандарты по аудиту РК, Алматы,1995ж.

  18. Радостовец В.К. ,Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Бухгалтерский учет на предприятии», Изд. «Центраудит – Казахстан», Алматы, 1998ж.

    1. 12.Ажибаева З.Н., Укашев Б.Е. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы, 1999ж.

  19. Бабаев Ю.А. «Теория бухгалтерского учета», Москва, «Аудит»,1999ж.

  20. Тулегенов Е.Т., Бралиевв Н.Б., Стороженко Л.А., Матвеева И.А. «Бухгалтерские информационные системы» , Алматы, Экономика, 1999г.

  21. Дюсембаев К.Ш. «Теория аудита», Алматы, 1995г.

  22. Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятия», Алматы, 1998г.

  23. Тасмаганбетов Т.А., Тлеужанова М.А., Омаров А.Ш., Мурзагалиев Ж.Н., Юсупова Н.П. «Анализ и аудит в системе управления предпринимательской деятельностью», Алматы, 1999г.

  24. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» , 2002ж.

  25. Радостовец В.К. ,Родостовец В.В. «Финансовый и управленческий учет», Алматы, 2003г.

  26. «Бюллетень бухгалтера» № 24,26,31,41. 2004-2005г.

  27. Абленов Д.О. «Аудит негіздері», Экономика, Алматы, 2005ж.

  28. Ажибаева З.Н. «Аудит», Экономика, Алматы, 2004ж.

  29. Назарова В.Л., «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов», Экономика, Алматы, 2003г.

  30. Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н, Құдайбергенов Н.А. «Қаржылық есеп». Экономика, Алматы, 2001 г.

  31. Абдыманапов А., «Концептуальные основы и принципы бухгалтерского учета» Алматы, 2003




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет