Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:
КОПЕР = ДN
Пер/К
Мұндағы: Пер/К – перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқса, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің әсерін еске алу керек.
Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кездегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылыған көбейту арқылы есептеледі:
ИД/А = ДN ДО
ФК S
Мұндағы: ДN - істегі капиталдың айналымдылық коэффициенті;
ФК
ДО – негізгі қызметтің табыстылығы;
S
ДО - негізгі қызметтен түскен табыс;
ДN - өнімді сатудан түскен табыс.
Іскерлік белсенділік көрсеткішіне Т.Б.Крылова еңбек өнімділігін де кіргізуді ұсынады. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл көрсеткіш қор қайтарымы секілді, шарушалық жүргізуші субъектінің қызметінің тиімділігін көбірек сипаттайды.
Сонымен, біздер кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарадық, оларды талдау, кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштерді талдаумен қатар, кәсіпорынның базарлық белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап және жан-жақты талдап қорыту керек.
Бизнес-жоспарды жасағанда басшылықтың негізгі назары өндірістің тиімділігі көрсеткіштеріне аударылуы керек.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті авансталған немесе қолданылған ресурстармен салыстыра отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігіні бірқатар көрсеткіштеірн анықтауға болады. оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
-
қорытындылаушы;
-
техника-экономикалық.
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі қор қайтарымдылығы, материалдар қайтарымдылығы, капитал салудың қайтарымдылығы жатады. Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінң көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т.б; энергия, жанар-жағар май, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру – оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Жапонияда өнімділік, кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқызылады. Бұл елдің кәсіпорындарының қаржылық есебінде есептелген түрінде мынадай еңбек өнімділігі коэффициенттері келтіріледі:
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы = . Сату көлемі .
сату көлемі Қызметкерлердің жылдық орташа саны
Бір жұмыс істеушіні ұстау үшін = Еңбекке кеткен шығындар
кеткен шығындар Қызметкерлердің жылдық орташа саны
Бір жұмыс істеушіге негізгі = Негізгі қызметтен түскен пайда
қызметтен түскен пайда Қызметкерлердің жылдың орташа саны
Біздің кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшығы шаққандағы ортша өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.
Бұл тәуелділік мына формуламен көрсетіледі:
W = ДN = ДN х r = ДN x r
R x r r R
Мұндағы: ДN - өнім сатудан түскен табыс (ақша);
R - жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны;
r - жұмысшылардың тізімдік орташа саны;
ДN - бір жұмысшыға шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім;
r
r - жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы.
R
Формуладан, біз бөлшекті бір санға (r) көбейтіп және бөліп көбейткіштер алдық, одан бір жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнім және оның үлес салмағы көп болған сайын, бір жұмыс істеушіге есептелген орташа жылдық өндірілгені де жоғары болатынын көреміз.
Осы себептердің бизенс-жоспармен салыстырғандағы есеп беру жылындағы бір жұмыс істеушіге шаққандағы өндірілген өнім және оның үлес салмағы көп болған сайын, бір жұмыс істеушіге есептелген орташа жылдық өндірілгені де жоғары болатынын көреміз.
Осы себептердің бизнес-жоспармен салыстырғандағы есеп беру жылындағы бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілгеннің өзгеруіне әсерін 25-кестеде келтірілген мәліметтерге сүйеніп қарастырайық.
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілген өнімнің өзгеруіне әсер ететін себептерді талдауға арналған бастапқы мәліметтер
№
|
Көрсеткіштер
|
Жоспар бойынша
|
Іс жүзінде
|
Ауытқуы
(+ , - )
|
1.
|
Босатылған бағамен өн-імді сатудан түскен таб-ыс (ақша), мың тг.
|
15022
|
14537
|
- 485
|
2.
|
Жұмыс істеушілердің ті-зімдік орташа саны, адам
|
546
|
538
|
- 8
|
3.
|
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілген өнім, теңге
|
27513
|
27020
|
- 493
|
4.
|
Жұмыс істеушілердің ті-зімдік орташа саны, адам
|
355
|
345
|
- 10
|
5.
|
Жұмыс істеушілер құра-мындағы жұмысшылар-дың үлес салмағы,
|
65,02
|
64,13
|
- 0,89
|
6.
|
Бір жұмысшыға шақ-қандағы орташа жылдық өндірілген өнім, тг.
|
42 315
|
42 136
|
- 179
|
Олардың әсерін тізбектеп ауыстыру тәсілімен анықтауға болады, оның негізгі мәні есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштердің базистік шамасын осы көрсеткіштердің нақты шамасымен кезегімен алмастыру және жүргізілген ауыстырудың зерттеліп отырған қорытындылау көрсеткіші шамасының өзгеруіне әсерін өлшеуде болып табылады. Жеке көрсеткіштің базистік шамасын нақтысымен алмастырған сайын есептеу формуласында ескерілген барлық математикалық амалдарды орындап, алынған нәтижеден алдыңғысын (аталған көрсеткішті ауыстырғанға дейінгі) алып тастайды. Нәтиже айырмасы осы жеке көрсеткіштің өзгеруінің қорытындылаушыға әсерінің ізделген шамасын көрсетеді, өйткені салыстырмалы кезегімен жүргізілген есептеулерде, басқа барлық жеке көрсеткіштер шамалары жағынан бірдей болып келеді.
Жеке көрсеткіштің базистік шамасын нақтысымен алмастыру, ауыстыру деп аталады. ауыстыру саны есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштер санына тең, ал жүйемен есептеу бір санға артық болады, өйткені қорытынды көрсеткіштің өзгеруінің жалпы шамасын анықтау үшін барлық көрсеткіштері базистік шамада көрсетілген базистік есептеу жүргізіледі.
Біздің мысалымызда, бір жұмыс істеушіге жылдық орташа өндірілген өнім түріндегі қорытынды көрсеткішке жұмыс істеуші құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы мен бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндірілген сияқты екі жеке көрсеткіш әсер етеді. Тізбекті ауыстыру тәсілін қолданып, олардың әсер ету көлемін анықтаймыз.
26-кесте
Рет нөмірі
|
Өзара әсер ететін жеке көрсеткіштер
|
Қорытынды көрсеткіші
|
Алдағы есептеу ден ауыт қуы, теңге
|
Ауытқуының себеп тері
|
есептеудің
|
ауыстырудың
|
Жұмыс-шылар-дың үлес салмағы
|
Жұмыс-шының еңбек өнімділігі
|
Жұмыс істеушінің орташа жылдық өнім өндіруі, теңге
|
1.
|
-
|
Жоспар
0,6502
|
Жоспар
42315
|
Жоспар
27513
|
-
|
-
|
2.
|
1
|
Нақты
0,6412
|
Жоспар
42315
|
Есептеу
27137
|
- 376
|
Жұмысшылар-мен қамтама-сыз етілмеуі
|
3.
|
2
|
Нақты
0,6412
|
Нақты
42136
|
Нақты
27020
|
- 117
|
Жұмысшының еңбек өнімді-лігінің төмен-деуі
| Жұмысшылардың үлес салмағы мен жұмысшының еңбек өнімділігінің өзгеруінің бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жыллдық өнім өндірудің жоспардағыдан ауытқуына әсерін есептеу
Кестеден көрінгендей, жұмысшыларды жеткіліксіз мөлшерде алғандықтан және бір жұмысшыға шаққан орташа жылдық өндірудің төмендеуі нәтижесінде еңбек өнімділігінң негізгі көрсеткіші 493 теңгеге төмендеді, ол баланстың ауытқуымен дәеледенеді:
27020 – 27513 = (- 376) + (- 117) = - 493, соның ішінде сандық көрсеткіштерден (жұмыс істеушілер мен жұмысшылар санынан ) туындайтын құрылым көрсеткіштің үлесіне, қорытындылау көрсеткішінің жоспардағы шамасымен салыстырғанда 76,3% -ға төмендеуі тиеді.
Өз кезегінде, бір жұмысшының жылдық орташа өнім өндіруіне экстенсивті және интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының қорын пайдалануға, ал интенсивтіге – уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін себептер жатады. Бұлайша бөлу тек шартты түрде қажет, өйткені жұмыс уақытын пайдалану негізінен еңбек пен өндірісті ұйымдастыруға, ал сағаттық өнім өндіру - өнімнің еңбек сыйымдылығы деңгейін анықтайтын кәсіпорынның техникалық және жұмысшылардың мамандығы деңгейіне байланысты.
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
-
бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
-
жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
-
бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Бұл жағдайда жұмыс күнініңорташа саны – негізгі сандық көрсеткіш, ал орташа жұмыс күнінің ұзақтығы әр жұмысшының жұмысқа шығуына байланысты болғандықтан – туынды көрсеткіш болып саналады.
Одан туындайтыны, тізбектеп ауыстыру тәсілін пайдаланғанда, көрсеткіштер шамасын алмастыру, олардың бір-біріне тәуелділігін назарға ала отырып жүргізіледі.
27- кестеде осы себептердің базистік шамасымен салыстырғанда бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнім өндірудің өзгеруіне әсерін есептеу келтірілген.
Кестеден, орташа сағаттық өнім өндірудің артуы нәтижесінде, жоспармен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі 2696 теңгеге өскенін көреміз. Алайда жұмыс уақытын ішкі және толық күндік жоғалтулар, жоспардағыға қарағанда оның шамасын 2875 теңгеге кемітті, бұл уақыт бірлігіндегі жұмысшының өнімділігінің оң әсерін жауып тастады.
Талдау есептеулері дұрыс жүргізілген, өйткені жеке көрсеткіштер шамасының өзгеру әсер етуден болған ауытқуларыдң алгебралық сомасы қорытындылау көрсеткішінің жоспарынан ауытқуына тең. Ауытқулар балансы:
42136 – 42315 = ( - 684) – (- 2191) – 2696 = - 179
Сонымен, еңбек өнімділігі деңгейін сипаттайтын негігі көрсеткіш бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташ аөнім өндіру болып табылады.
Өнім өндіру жоспарының орындалу көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштер
|
Жоспар
|
Есеп беру
|
Орындалуы, %-бен
|
1.
|
Жылына бір жұмыс істеушіге есептеген өнім өндіру, теңге
|
27513
|
27020
|
98,2
|
2.
|
Жылына бір жұмыс-шының өнім өндіруі, теңге
|
42315
|
42136
|
99,6
|
3.
|
Күніне бір жұмысшы-ның өнім өндіруі, теңге
|
170,62
|
172,66
|
101,2
|
4.
|
Сағатына бір жұмыс-шының өнім өндіруі, теңге
|
22,45
|
23,98
|
106,8
|
Кестеде келтірілген өнім өндіру көрсеткіштерінен, бір жұмыс істеуші мен жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі бойынша жоспардың орындалмағаны көрініп тұр, бұл жұмыс істеушілердің жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағының төмендегенін дәлелдейді. Осылай, біздің кәсіпорынымызда оның шамасы 65,02%-дан 64,13%-ға дейін төмендеді.
Еңбек өнімділігін талдағанда, істегеніне қарай еңбекақы алатын жұмысшылардың өнім өндіру нормасын орындауы туралы мәселені айналып өтуге болмайды.
Еңбек ресурстарын, еңбек шығындарын азайта отырып тиімді пайдалану қажет, ең бірінші кезекте, қол және ауыр дене еңбегін қысқарту, еңбекті ұйымдастыру мен технологияны жақсарту, өндірістік процесті механикаландыру мен атоматтандыру деңгейін көтеру керек.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі – қор қайтарымы, ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады. Ол талдау кезеңінде өнім сатудан түскен табыстың негізгі өндірістік қорлардың жылдықорташа қнына қатынасымен формула бойынша анықталады:
f = DN
F
Мұндағы: f - қор қайтарымы;
F – негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны;
DN - өнім сатудан түскен табыс (ақша).
Қор қайтарымы кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы
1 - немесе F - ретінде есептеледі.
f DN
Қор сыйымдылығы көрсеткішінің бір артықшылығы, оның алымын құрамдас бөліктер, жеке цехтар мен қондырғылар тобы бойынша жіктеуге болады. бұл әрбір өндірістік учаскеде техниканы пайдаланудың, қорларды пайдаланудың қорытындылау көрсеткішіне әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қор қайтарымын анықтағанда өнімнің көлемі құндық, заттай және шартты өлшемдермен есептелуі мүмкін.
Негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуын заттай өнім көлемімен есептелген қор қайтарымы көрсеткіші дәл бейнелейд. Алайда, заттай және шартты заттай өнім көлемінің өлшемдерін тек бір ғана өнім түрін шығаратын кәсіпорындарда немесе оны бір салмаққа теңестіруге болатын болса қолдануға болады.
Талдау барысында, ең алдымен негізгі өндірістік қорлар мен қор қайтарымының белсенді бөлігінің құрылымының еңбек құралдарын пайдаланудың қортындылау көрсеткіші деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтау қажет. Негізгі өндірістік қорлар құрылмының қор қайтарымына әсері негізгі өндіріс қорларының әртүрлі категорияларының өндірістік процеске бірдей қатынасуына байланысты. Қор қайтарымы есептегенде, олардың белсенді бөлігі негізгі өндірістік қорлардан бөлінеді және өндіріс көлемінде тиімді пайдалануына байланысты ол еңбек құралдарына (жұмыс машинасы мен жабдықтар) тікелей әсер етеді. Қор қайтарымын талдаудың бұл екі факторлық моделі өте қарапайым болады. осы факторларда қор қайтарымының тәелділігі мына формуламен бейнеленеді:
f = Fa DN
F Fa
Мұндағы: f – қор қайтарымы;
Fa – негізгі қорлардың белсенді бөлігі;
F – негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны;
Fa - өндірістік негізгі қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің
F үлес салмағы;
DN - негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің қор қайтарымы.
Fa
Бұл факторлардың шамасын анықтау үшін бастапқы мәліметтер 29-кестеде келтірілген.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымының және олардың белсенді бөлігінің өзгерунің қор қайтарымына әсерін анықтау үшін бастапқы мәліметтер
№
|
Көрсеткіштер
|
Өткен жылы
|
Есеп беру жылы
|
Ауытқуы
(+ , - )
|
1.
|
Босатылған бағамен өнім сатудан түскен табыс (ақша), мың тг.
|
11890
|
14537
|
+2647
|
2.
|
Негізгі өндірістік қорлардың жылдық-орташа құны, мың тг.
Соның ішінде:
Белсенді бөлігінің, мың тг.
|
3054
910
|
5015
2388
|
+ 1961
+1478
|
3.
|
Белсенді бөлігінің үлесі, %
|
29,8
|
47,6
|
+17,8
|
4.
|
Белсенді бөлігінің қайтарымы, тг.
|
13,06
|
6,09
|
- 6,97
|
5.
|
Қор қайтарымы, теңге
|
3,98
|
2,90
|
- 0,99
|
Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының өзгеруінің және оның қайтарымы деңгейінеің еңбек құралдарын пайдаланудың қорытындылау көрсеткішіне әсерінің мөлшерін тізбекті ауыстыру тәсілімен анықтауға болады.
Қор қайтарымының өзгеруіне себептердің әсерін есептеу
Рет №
|
Бірігіп әсер ететін жеке көрсеткіштер
|
Қорытынды көрсеткіші
|
Алдыңғы есептен ауытқуы, теңге
|
Ауытқу себебі
|
Есептеудің
|
Ауыстыру
дың
|
Белсенді бөлігінің үлесі
|
Белсенді бөлігінің қайтарымы, теңге
|
Қор қайтарымы, теңге
|
|
|
1.
|
-
|
Базистік
0,298
|
Базистік
13,06
|
Базистік
3,89
|
-
|
-
|
2.
|
1
|
Нақты
0,476
|
Базис
13,06
|
Есептеу
6,22
|
2,33
|
Негізгі қор-лардың бел-сенді бөлігі нің үлес салма ғының артуы
|
3.
|
2
|
Нақты
0,476
|
Нақты
6,04
|
Нақты
2,90
|
- 3,32
|
Негізгі қор-лардың бел-сенді бөлігінің қайтарымының төмендеуі
|
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қайтарымына оң ықпалын тигізді. Алайда негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің қайтарым деңгейнің төмендеуі бірінші себептің әсерін басып тастады, ол қор қайтарымының өткен жылмен салыстырғанда 0,99 теңгеге азаюына әкеліп соқты, ауытқулар балансы осыны дәлелдейді:
2.90 – 3.89 = 2.33 – 3.32 = - 0,99
Арнайы әдебиетте қор қайтарымын талдағанда, оған экстенсивтік және интенсивтік факторлардың әсерін ашып көрсететін толық моделді пайдалану ұсыналады. Бұл моделдің формуласы мынадай:
f = Fa DN ТСМ 1 Т N
F Fa Qg C TCM T
Мұндағы F – істеп тұрған машина мен жабдықтың құны;
ТСМ – істелген станок ауысым саны;
Qg - істеп тұрған жабдықтар саны;
Тч – істелген станок-сағат саны;
N – босатылғна баға бойынша шығарылған өнімі.
Бұл формула қор қайтарымының динамикасына мына себептердің әсерін анықтауға мүмкіндік береді: қордың жалпы құны ішіндегі белсенді бөлігінң үлесінің
FA - негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің құнындағы істеп тұрған машина
F мен жабдықтардың үлесін
Fg жабдық жұмысының ауысымдық
Fa
коэффициентін
TCM жабдық бірлігінің орташа құныны (с), станок ауысымның
Qg
ұзақтығын Т4 жабдықтың бір станок-сағатта өндірген өнімін N
ТСМ Tч
Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңзыды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол таура өнімі құнының жұмсалған материалдық ресерстар құныныа қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті анықтау үшін қаржылық есеп беру мәліметтерінен алымында өнімді сатудан түскен табыс, ал бөлімінде материалдың орташа құны алынады. Осы қатынастар тнәтижесінде алынған бөлім жоғарыда қаралған материалдық ресурстардың айналымдылық көрсеткіші болады. Сондықтан оны қаталау артық болар. Осы жерде бір айта кететіні, басқару талдауын жүргізгенде материал қайтарымдылығы көрсеткішіне кері – ол өнімнің материал сыйымдылығына үлкен назар аударылатындығы, өндіріс тиімдлігін арттырдың маңызды бағыты болып табылады. Материал сыйымдылығы көрсеткішіне, жұмсалатын материал сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды. Талдағанда, ең алдымен оған құндылық себептерінің әсерін болдырмау қажет. Осы мақсатта материалдар мен өнім оның барлық талдау кезеңінде салыстыру бағасымен бағаланады. Одан кейін жеке себептердің әсері зерттеледі.
Материал сыйымдылығын талдау, материал құрамынан оның басты түрлерін бөлу (машина жасауда - металдың), жалпы материал шығынына оның жеке құрамдастарының – таза салмғының және қоспасының әсерін анықтау жолымен жіктеледі.
Материалдың орташа үлес шығыны бөлек саналады, өйткені жүргізілген ұйымдастыру-теникалық шаралары мен үнемдеу тәртібі, кооперацияға кірген кәсіпорындардың жартылай фабрикаты мен сатып алынған бұйымдарға кеткен шығындарына емес, материлдардың шығындалуына көбірек әсерін тигізеді.
Кейбір біртекті шикізатты пайдаланатын өндірісте қорытындылаушы нақты көрсеткіштер есептеледі, олар шикізатты пайдалы қолданғандығын сипаттайтын, осы шикізаттан шыққан өнім коэффициенті түрінде бейнеленеді (қант қызылшасынан қанттың шығуы мөлшері, қоспа жүн немесе мақтадан алынған жіп өнімі).
Әртүрлі шикізаттар ішінен алынатын осы өнімнің шығу көлеміне әдетте, тек лимиттік материал әсер етеді, сондықтанол бірінші кезектегі талдау нысаны болуы керек. Бір қатар жағдайларда шикізаттың бұл түрін жеткілікті мөлшерде ала алмаса, оны басқасымен ауыструға болады. материал сапасының өзгеруі өндіріс процесіне әртүрлі әсер ете береді. Егер материал сапасы өнім шығымын анықтаса, онда ол оның көлеміне де ықпал етеді. Мысалы, рудадағы металдың мөлшері одан шығатын металға, қант қызылшасының қанттылығы – қанттың шығымына әсер етеді.
Төменгі сапалы материал қосымша технологиялық процестерді қажет етеді, бұл өнім көлемін өзгертуі мүмкін, бірақ та оның өзгеруі құнының артуын әкеліп соғады. Мысалы, жиһаз фабрикасына түскен ылғал ағаш кептіру камерасына жіберілуі керек, бұл қосымша жанармай, көлік, еңбекақы шығынын қажет етеді. Алайда егер кептіру камерасының өткізу қабілеті жеткіліксіз болса, ол өндірісті шектейді, сонда төменгі сапалы материал, шығатын өнім көлемін де азайтады.
Сайып келгенде, материалдың сапасыздығы өнім көлеміне де, өзіндік құнына да әсер етпеуі мүмкін, ал оның сапасына сөзсіз ықпал жасайды (тігін, аяқ киім өндірісінде және басқа). Өңделген шикізаттың сапасызыдғын білген соң, оның себептерін зерттеу керек, сапалы материал алу үшін кәсіпорынның басшылығы бар мүмкіндікті пайдаланғандығын анықтап, осы себептердің өнім көлеміне, сапасы мен өндірістік құнына ықпалын жан-жақты талдау қажет.
Шикізат пен материалдарды пайдаланудың қорытындылау көрсеткіші қатарына, жұмсалған материал құнына қатынасы бойынша қалдықтар пайызы да жатады. Бұл көрсеткішті талдаған кезде жоспардан тыс қалдықтарды анықтау қажет (технология барысында пайда болған сығынды, кебек және басқаларын санамағанда), қалдықтың арту себебін, бұл құбылысты болдырмау үшін қандай шаралар жүргізілгенін тексеру керек.
Жоспардан тыс қалдықтың, өнім көлемінің азаюына әсерін өлшеу үшін бастапқы құны бойынша бағаланған осы қалдықтың шамасын, тауар өнімінің бір теңгесіне жұмсалатын жоспарлық шығынына бөлу керек. Қалдықтың құны:
а) шикізат бағасы бойынша – 55 мың теге;
б) мүмкін пайдалану бағасы бойынша – 11 мың теңге болды дейік.
Сонда 1 теңге тауар өніміне орташа жоспарлық үлесті материал шығыны 0,025 теңге құрайды.
Жоспарлық өзіндік құны бойынша нақты шыққан қалдықты оның мүмкін болатын пайдалану бағасымен есептегенде 12 мың теңге құрауы керек еді, ал іс жүзінде 14 мың теңге, яғни 2 мың теңгеге артық (14-12) болды. Шикізат бағасы бойынша бұл 10 мың теңгені құрайды.
Жоспардан тыс қалдықтар мүмкін болатын тауар өнімі көлемін 400 мың теңгеге (10000:0,25) қысқартты.
Өнеркәсіптің көптеген салаларында калькуляция парақтарында калькуляцияланған өнімді дайындауға кеткен материалдар, жартылай фабрикаттар және жинақтаушы бұйымдар туралы мәліметтер келтіріледі. Өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық дамуның жоспарының орындалуы, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету шаралары, кәсіпорынның өз немесе жабдықтаушылар кінәсінен өндірістің технологиялық процесінің бұзылуы сияқты себептердің, нақты өндіріліген өнімге жоспарлық норма бойынша шығындардың, шикізат пен материалдардың нақты шығынының ауытқуларына қалай әсер ететіндігн анықтау өте маңызды.
Өндіріске кеткен шығындарды дұрыс ұйымдастырылған нормативтік есептеу жағдайында, жоспрда қарастырылған және шикізат пен материалдың немесерецептураның (қымбат, тапшы материалдарды жартылай немесе толығымен алмастыру) жұмсалу мөлшерін азайтуға әсер ететін техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізу себептері бойынша ағымдағы шығындар нормасының өзгеру түрінде бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
Белгіленген шығын нормасынан ауытқулар себептері бойынша ұғындырылады. Ол үшін мүмкін нормалардың өзгеру мен одан ауытқулардың себептерінің классификаторы құрастырылады, әрбір бөлінген себепке жеке код беріледі.
Машинограммаларда шикізат пен материалдың жеке түрлерінің нақты шығыны мен оның мөлшерден ауытқуы және өзгеру көрсетіледі, соның ішінде кодталған себептер бойынша да белгіленіп жазылып қойылады. Осы мәліметтерді даму қорытындысымен жинақтау, жоспарлы шараларды орындаудың барысын жинақы басқаруға және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды бақылауды іске асыруға мүмкндік береді.
Сөйтіп, біз нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді жан-жақты талдадық.
Оларды дұрыс есептей білу, әртүрлі себептердің олрадың деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтап, талдау өндіріс тиімділгін арттыру резервтерін кеңірек ашуға, табылған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар жасауға, оның қаржылық жағдайның жақсарып, бекуне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |