1. Кіріспе. Негізгі бөлім


Оқыту мен тәрбие сапасын арттыру



бет2/6
Дата03.07.2016
өлшемі392.5 Kb.
#173732
1   2   3   4   5   6

Оқыту мен тәрбие сапасын арттыру


Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде ауыл жасөспірімдерімен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын басты талаптарының бірі ---- өнегелі бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әрине қазіргі кезде жасөспірімнің өнегелік қасиетінің қалыптасуына, оның өзін-өзі танып білуіне үлкен мән берілуде. Осыған байланысты ауылдық жерлердегі басым көпшілігі шағын комплектілі мектептерде, оның ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Себебі қазақ мектебі --- ауыл мектебі ---- бұл мемлекетіміздің болашағы. Көптеген ел басқарған азаматтар, зиялы қауым өкілдері осы ауыл мектептерінің тәрбиесін көріп өсіп, жеке тұлға ретінде қалыптасқан.

Әрине қазіргі кездегі ауылдық жерлерде қалыптасқан кейбір келеңсіз жағдайлар тәрбие мәселесіне де өзінің кері әсерін тигіуде. Мысалы, көпшілік ауылдарда мәдениет ошақтары: клубтар, кітапханалар, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері --- балабақшалар жабылған. Оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарында баратын жерлер жоқтың қасы. Бұл жағдайда ауылдық жерлердегі жасөспірімдер арасындағы ұлттық қасиеттердің төмендеуі, мәдениеттен алыстауы, бұзақылықтың көбеюіне жасөспірімдердің басқа да бұрын ауылда болмаған келеңсіз жағдайларға ұрынуына әсер етпей қоймайды. Осы себепті бұл мекемелердің жұмысын қалпына келтіру, жандандыру мәселесі қолға алынуы керек деп есептеймін.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында білім беру саласындағы мәселелерді ерекше қарастырады. Жолдаудағы төртінші басымдық осы мәселені қамтиды. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде:«Жалпы білім беру мекемелері--- мектепті 12 жылдыққа көшірудің неізінде еліміздің ертеңгі болашағы – жас жеткіншектерді сапалы білім, саналы тәрбие беру көзделген. Жолдауда халқымыздың асыл қазыналарын жас ұрпаққа түсіндіріп, олардың қазіргі кезде құнды екендігін түсіндіру арқылы олардың өнегелік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері сөз болады. Бұл арқылы біз дамыған елу мемлекеттің құрамына кіруді жоспарлап отырған Қазақстанның намысын қолдан бермейтін, жоғары парасатты, асыл қазынамызды ұрпақтан ұрпаққа жоғалтпай жеткізетін ұлы тұлғаларды тәрбиелей аламыз», - деп ой қорытады.

Еліміздің Бірінші Ханымының жасөспірімдердің өнегелі қасиеттерін қалыптастыруға деген жанашырлығы, еліміздің болашағына деген зор сенімі, қоғамның дамуына қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлуі педагог қауымға ғана емес, барша жұртқа зор ықпал етері даусыз.

Рас, ауыл жасөспірімдерінің өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі мектептің күн, тәртібінен ешқашен түскен емес, бірақ білім жүйесіндегі зымырандай жылжыған уақыт талабы мен мұғалімдердің шамадан тыс жүктемелері әр баланың іс-әрекетіне шығармашылықпен үңіліп,жеткілікті көңіл бөлуіне мойын бұрғызбай келеді. Өнегелілік қасиеттер үлкен мен баланың арасындағы шынайы қарым-қатынаста беріледі.

Көзге көрінбейтін, өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке үзбей жеткізу тек шебер әлеуметтік педагогтың ғана қолынан келеді.


Ауыл мектебінің бағыттылығы

Қазіргі ауыл мектептері болашақ ұлт мектебінің негізін қалаушы, ҚР ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын мекемелер болып табылады.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде өнегелілік өлшемінен айырылған адамның ақыл-ойы, бағыт-бағдары санасының адасуынан есерсоқтыққа, зорлыққа, қатыгездікке ұрындырады. Оған қоса центризм, рационализм дәстүрлеріне бағдарланған қазіргі мектептерді шығыстық діл мен мәдениетіне бағыттап, озық адамгершілікті тәжірибелерді меңгеруіміз қажет. Оқушы жастарға жалпы білім негіздерін терең меңгеруге, белгілі кәсіби мамандықтарға баулуға ерекше назар аударғаннан гөрі жасөспірімдердің бойына өнегелілік сапаларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді, мәдени мінез-құлықты тәрбиелеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды, игі мұраттарды ұстайтын, салауатты өмір сүретін тұлғаны қалыптастыруға тиіспіз.

Қазақстан “базалық білім беру” ұғым мазмұнын толықтыратын Бүкіл әлемдік білім беру декларациясы мен Бала құқықтары туралы конвенцияның бағдарламалық ережелерін ұстана отырып, ауыл мектептерінде жасөспірімдердің бойына өнегелілік қасиеттерді, былайша айтқанда, адамгершілікке, инабаттылыққа, қайырымдылыққа, мейірбандылыққа, әділдікке, еңбек сүйгіштікке, өтірік айтпаушылыққа, сөзінде тұруға, зорлық-зомбылық жасамауға, бақытты өмір сүруге тәрбиелеуімізді талап етеді.

Ауыл мектебі қазақ ұлт мектебінің негізін құрайды. Ұлттық мектеп адамзаттың мәдениетпен этномәдениеттің өзара кіріккен бірлігінде дамитын болғандықтан, ерекше сараланатын ұлттық қалыптастыруда тұлға дербестігін, еркіндік, демократия идеяларын оқу-тәрбие үрдісінде ұстану қажет.

Ауыл мектебінің даму моделінде жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, көпұлтты мемлекетімізде халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегі елжандылық тәрбиесінің дәрежесі өте маңызды орын алады.

Ауыл мектебінің тәрбиелік мүмкіндігі өте зор, олар халық менталитеттерінде: туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, табиғатты ерекше қастерлеу, қорғау, аялау, үлкен-кішіні сыйлау, меймандостық, көңілдің ашықтылығы, адами қатынастар қауымшылдығы, отбасы мүшелері мен ағайын-туыстарға қайырымдылық, өнерді қастерлеу, ар-ұятты ұстау т.б. қасиеттерден көрінеді.

Ендеше мектептерін дамытудағы атқарылар шарал


Екіншіден, мәдени орта құрушы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, демалысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беру,

Үшіншіден, жасөспірімдердің өнегелілік қадір-қасиеттерінің қалыптасуына, өзін-өзі шығармашылықпен айналысуға,

Төртіншіден,педагогикалық тұрғыдан жасөспірімдердің ұлттық сана-сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік деңгейге бағдарланған өркениетті жалпы орта білім беру.

Ауыл – қазақ халқының ұлттық негізінің мәйегі, тіл, салт-дәстүр, мемлекет іргесінің қалыптасуы мен дамуының алтын бесігі. Ауыл – ұлттық болмыс, ұлттық психолгия, этнопедагогиканың өміршең өзегі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет