- Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |