Науқас оңқабырғасының астының ауыратынына, терісініңқышитындығына, мұрыннан қанкетуіне, сарғаюына шағымданып ауруханаға жатқызылған. Объективті: іші үлкейген, айқын асцит. Қан анализінде: гипопротеинемия, диспротеинемия. Анамнезінде: науқастың алкогольді ішімдіктерге әуестігі, салынып ішетіні анықталды. Осы жағдайда ісінудің негізгі патогенездік факторы болып саналады: A.осмостық фактор
B. онкотикалық фактор
C. лимфалық фактор
D. мембраналық фактор
E. нейро-эндокриндік фактор
ANSWER: B Науқаста тоқтаусыз құсу, диарея болған. Тексергенде нерв-бұлшықеттік қозымдылығы тежелген, артериялыққысымы төмен, тахикардия, бұлшықеттік гипотония, тері тургорының төмендеуі байқалады. Қан құрамында натрий– 120 ммоль/л, калий – 4,0 ммоль/л, кальций – 2,4 ммоль/л. Көрсетілген деректер заттек алмасуы бұзылысының осы түрі дамығанын нақтылайды: A.гиперкалиемия
B. гипонатриемия
C. гипернатриемия
D. гипокальциемия
E. гиперкальциемия
ANSWER: B
Науқас Б., 29 жаста, бүйрекүсті безі қыртысының шумақшалық аймағында аденома анықталған. Шөлдейтініне, бас ауыруына, бұлшықеттердіңәлсіздігіне, ұйқышылдыққа, апатияға, іш қатуына шағымданады. Артериялыққысымы жоғарылаған, ЭКГ жасағанда Р-Q және Q-Т жалғамдары ұзарған, Т- тісшесінің амплитудасы төмендеген және кеңейген. Науқаста дамыған симптомдарды электролит алмасуыныңқандай бұзылыстарымен түсіндіруге болады? A.натрийжәне хлор
B. натрий және калий
C. калийжәнекальций
D. кальцийжәнемагний
E. кальцийжәне фосфор
ANSWER: B Науқаста нерв-бұлщықеттік қозымдылықтың жоғарылауы, тетания, қанның гипокоагуляциясы, артериялыққысымның төмендеуі, тістері мен тырнақтарының ақаулықтары байқалады. Қан құрамында кальций 1,5 ммоль/л. Туындаған бұзылыстардың себебін атаңыз: A.гипервитаминоз Д
B. гиперальбуминемия
C. тиреокальцитонин жоғарылауы
D. паратгормонның көбеюі
E. альдостеронның көбеюі
ANSWER: C