E. популяциялық-статистикалық
ANSWER:B
Науқас Ш., 5 жаста, көзі нашар көреді, құрысу ұстамалары байқалады, есітуі де нашарлаған. Терісінде
бөртпелер бар, мұрын пішіні өзгерген, алдыңғы тістері өзгерген, аяғы қисық, микроцефалия. Вассерман
реакциясы айқын оң нәтижелі. Анасында жүктілік кезінде Вассерман реакциясы оң нәтижелі болған. Бұл
белгілер туа біткен тұқым қуалайтын ауруға тән:
A. сифилиске
B. альбинизмге
C. А гемофилиясына
D. алкаптонурияға
E. фенилкетонурияға
ANSWER:A
Науқас А., бойы148 см, мойын тұсында тері қатпары бар, мойны «сфинкс» тәрізді, біріншілік аменорея,
бедеулік анықталды. Бүйректің және жүректің туа біткен ақаулары бар. Бұл синдромның кариотипін атаңыз:
A.44А ХХ
B. 44А ХУ
C. 44А ХО
D. 44А ХХХ
E. 45А ХХ
ANSWER:C
Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Апоптоз.
Зақымдануға организмнің жалпы реакциясы»
(1 когнитивті деңгей)
Генетикалық бағдарламаның өзгеруі салдарынан жасушаның зақымдануы байқалады:
A. қалыпты гендердің репрессиясында
B. ДНҚ репарация гендерінің экспрессиясында
C. патологиялық гендердің тежелуі кезінде
D. субклеткалық органеллалар
өзгергенде
E. тотығу жәнефосфорилдену ажырауында
ANSWER: A
Жасуша зақымдануының эндогендік себептеріне жатады:
A. вирустар
B.
иммундық кешендер
C. механикалық ықпалдар
D. ауыр металлдар тұздары
E. электромагниттік толқындар
ANSWER: B