1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Маржан полиптері класының тіршілік етуі мен көбею ерекшеліктерін сипаттаңыз



бет35/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

53. Маржан полиптері класының тіршілік етуі мен көбею ерекшеліктерін сипаттаңыз
Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар.
Құрылысы мен физиологиясы. Жалпы құрылысы бойынша маржан полиптер гидроидты полиптерге ұқсас, бірақ олардың елеулі және күрделі өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың орнына қалың қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және көлденеңінен сақиналы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі күрделіленіп - ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. Жыныс клеткалары энтодермадан құралған.
Жеке особьтарының денесі цилиндр тәрізді, жалпақ табанымен субстратқа бекініп тұрады. Денесінің жоғарғы бөлігінде, ауыз тесігінің төңірегінде, сәулелі симметриялық ретте қармалауыштары орналасқан. Олардың саны алтау - алты сәулелілер (Нехасогаіііа) класс тармағының өкілдерінде немесе сегіз - сегіз сәулелілерде (Octocorallia). Маржан полиптердін қаңқасы құрылыс, өңдеу материалдары ретінде пайдаланылады. Маржан полиптер класы бес класс тармағына бөлінеді, оның үшеуі құрып кеткен, екеуі ғана бар.
СЕГІЗ СӘУЛЕЛІ МАРЖАҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ Бұл класс тармағына жататын полиптердің сегіз қармалауышы, сегіз септасы, сегіз камерасы болады. Қаңқасы іштей орналасып, мезоглея қабатында түзіледі. Негізгі отрядтары: альционария - Аісуопагіа, мүйізді маржандар - Gorgonaria, теңіз қауырсыны - Pennatularia. Альционария немесе жұмсақ маржандар - Alcyonaria отрядына қарапайым құрылысты колонияльды полиптер жатады. Қаңқасы әр түрлі ізбесті инелерден құралып, бір-бірімен тұтаспай, мезоглея қабатында шашыраңқы түрде бос орналасады. Колониялары ағаш тәрізді, жұмсақтау болып төселіп жатады, олар - Alcyonium - терілі маржандар және әрбір полиптің айналасында қаңқа түтігі құрылып колониялары шомбал пішінді болып келетін - Tubipora - мүшелі маржандар. Alcyonium, Tubipora, Nephthia туыстастарының өкілдері тропиктік теңіздердің жағалауларында кең тараған. Колониялары сары, қызыл немесе қоңыр тұсті. Germesia туысының өкілдері Ресейдің солтүстігі мен Қиыр Шығысындағы теңіздерінде кездеседі.
АЛТЫ СӘУЛЕЛІ МАРЖАНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ Қармалауыштарының, септаларының саны алтыға еселеніп келеді. Жеке тіршілік ететін немесе колониальды формалар. Бес отрядқа бөлінеді, солардың ішінде негізгісі - актиниялар немесе теңіз гүлдері - Actiniaria және мадрепоралы маржандар отряды - Madreporaria.
Актиниялар - Actiniaria-отрядына қанқасы дамымаған, жеке тіршілік ететін, денесі цилиндр тәрізді, сырт бейнесі гүл сияқтанған, түрлі түсті полиптер жатады. Кейбіреулерінің диаметрі - 60 см. Табанша бұлшықеттерін жиырып-созып, орынын ауыстырып отырады.
Актиниялар Арктика, Антарктика суларында, Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарында мекендейді. Actinia eguina теңіздердің жағалауларында кездеседі.
Sagartia туысының өкілдері тақуа ІІІаянымен (Pagurus bernhardus) селбесіп тіршілік етеді. Актиния шаянды жауынан қорғайды, қорегін табуына көмектеседі, ал шаян оны бір орыннан екінші орынға ауыстырып, қоректік затты көп аулауына мүмкіндік туғызады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет