2.Оральды және аборальді полюстерге» мысалдар беріп сипаттаңыз
ЕСКЕКТІЛЕР КЛАСЫ - CTENOPHORA
Көпшілігінің денесі сопақша немесе қап, алмұрт тәрізді, ал "шолпан белдігі" - Cestus veneris - лента тәрізді. Денесінің ауызы орналасқан жағын - оральды полюс, оған қарама-қарсысын - аборальды деп атайды. Осы екі полюстері арқылы өтетін басты осьтен өзара перпендикулярлы екі симметриялы жазықтық жүргізуге болады, осыған орай ескектілердің денесі де екі сәулелі симметриялы болып келеді. Сонымен қатар біраз мүшелері басты осьтің айналасында, саны сегізге дейін радиальды бағытта орналасып (ескекті тақталары, радиальді тұтікшелері, жыныс бездері), сегіз сәулелі симметрияны құрайды.
Оральды полюсінде орналасқан ауыз тесігі бір бағытта қабыстырылған эктодермальды жұтқыншаққа, ол жоғары жағында кеңейіп энтодермальды қарынға ұласады. Қабыстырылған қарын жұтқыншақтың жазықтығына перпендикулярлы орналасқан.
Теңіз жұлдыздары
Жануардың денесі орталық бөлімі не диск және одан тарайтын бес сәуледен құралады. Төменгі яғни оральді жағынан жоғары не аборальді жағынан оңай айыруға болады. Оральді жағының ортасында ауыз тесігі, ал сәулелерді бойлап өтетін қуыстарда амбулякральді жүйенің ақырғы жағы болып саналатын ұшында сорғыштары бар амбулякральді кішкене аяқтар болады. Аборальді жағында амбурякральді жүйенің бас жағы — мадрепоралық пластинка, артқы тесік және жыныс бездерінің тесігі бар.
3. Тип», «класс», «тобыр» (отряд), «тұқымдас», «туыс» және «түр» ұғымдарын жіктеп сипаттамасымен көрсетіңіз
Жүйеленім, систематика (грек. systematіkos – тәртіпке келтірілген), биологияда – Жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің және бұрын тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы.
Жануарлардың таксономиялық категориялары: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы – туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар – тұқымдасқа (famіlіa), тұқымдастар – отрядқа (ordo), отрядтар – класқа (classіs), кластар – типке (phylum) біріктіріледі. Жануарлардың ең ірі жіктелімдік бірлігі – тип. Алғаш рет ғылымға тип терминін 1825 ж. француз зоологы А.Бленвиль (1777 – 1850) енгізген. Тип – ғасырлар бойы дамыған филогенетик. жүйенің қорытындысы. Типке бірнеше класс біріктіріледі. Мыс., бассүйексіздер, дөңгелекауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер кластары хордалылар типіне жатады. Ж-дік топтар өзара тармақтарға бөлінеді. Олар тип тармағы, класс тармағы, отряд тармағы, т.с.с. Мыс., хордалылар типі бас желілілер (басхордалылар), қабықтылар және омыртқалылар тип тармағына бөлінеді. Бұдан басқа класс үстілік, отряд үстілік, отряд астылық, тұқымдас астылық, т.с.с. таксондар да бар. Мыс., адамтәрізді маймылдар – тартанаулы маймылдар тұқымдасы үстілік; ал адамтұрпатты приматтар – примат отряды астылық таксономиялық категорияға жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |