1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Дененің целом немесе екінші реттік қуысы бар жануарларға талдау жасап, түсіндіріңіз



бет14/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

23. Дененің целом немесе екінші реттік қуысы бар жануарларға талдау жасап, түсіндіріңіз
Целом қуысы ұрықтың мезодермальдік дамуы кезінде арнайы эпителий қабаты болуымен сипатталады. Онда целом сұйығы сақталады. Целом қуысының негізгі қызметі — денеге тірек болу (дене бұлшық етінің жиырылуын целом сұйығы қамтамасыз етеді). Целом қуысы организмнің ішкі ортасының биохим. тұрақтылығын сақтайды, сондай-ақ, қоректі сіңіру, тыныс алу, зәр шығару, жыныстық көбею, т.б. қызметтерін де атқарады. Целом қуыстарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты, билатеральді симметриялы, үш қабатты жануарлар, қуыссыздар немесе бірінші қуыстылар - Acoelomata және целом қуыстыларға - Coelomata-ға бөлінеді. Acoelomata тобына төменгі сатыдағы құрттардың төрт типі жатады: Plathelminthes, Nemertini, Nemathelminthes, Acanthocephales, ал Coelomata тобына қалған типтердің барлығы жатады. билатеральды симметриялы жануарларды - Bilaterata-ны екі үлкен топқа бөледі: алғашқы немесе бірінші реттік ауыздыларға - Protostomia және екінші реттік ауыздыларға - Deuterostomia. Алғашқы реттік ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады және мезодерма қабаты телобластық жолымен дамиды. Алғашқы реттік ауыздыларға: жалпақ құрттар, жұмыр құрттар, немертиндер, скребнилер буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар және моллюскалар типтері жатады. Екінші реттік ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады, (ауызының пайда болуы гастропораға байланысты емес) және мезодерма энтероцельдік жолымен дамиды. Екінші реттік ауыздыларға: тікентерілілер жартылай хордалылар хордалылар типтері жатады. Қармалауыштылар, погонофоралар және қылтанжақтылар типтері жатқызылады.
24. Ең жоғары сатыдағы дамыған моллюскаларды түсіндіріңіз
Басаяқтылар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және түлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндік Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді. Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай-ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады. Көптеген елдерде каракатица мен кальмар кәсіптік мақсатта ауланады. ұлулар - түрлер саны бойынша бунақденелілерден кейінгі екінші орындағы жәндіктер. Олардың қазіргі кезде 80 мың түрі бар деп есептеледі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялық көпжасушалы, құрылысы ұқсас болып келеді. Олардың денесі бастан, тұлғалан, аяқтан (қармалауыштардан), бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Денесі бунаққа бөлінбеген. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Тіс орнына - үккі, асқа қатысты без - бауыр мүшелері бар. Қантарату жүйесі - ашық. «Жүрегі» - екі құлақша, бір қарыншадан тұрады. Табиғатта қосжынысты және дара жынысты ұлулар кездеседі. Жүйке жасушалар жинақталып, түйінге айналады. Тынысалу өкпе және желбезек арқылы жүзеге асады. тер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800-ге жуық түрлері бар.

Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет