12. Безгекплазмодиясының даму сатыларын тұжырымдаңыз
Адамда Plasmodium туысының төрт түрі паразиттік тіршілік етеді: PI. vivax, PI. malariae, PI. falciparum, PI. ovale. Безгек масасы (Anopheles туысынан) адамды шаққанда сілекеймен бірге адам қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоит құрылысына өте ұқсас, тек коноиды болмайды. Қанға түскен
спорозоиттар қан тамырлары арқылы бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбеюі кезеңі басталады. Әрбір споразоит бауыр клеткасына еніп, жұмырланып шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр клеткаларына еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол жерде жұмырланып шизонтқа айналады. 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тәрізді болады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар пайда болады. Бұлар эритроцитті зақымдап қанға шығады да, жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп шизогония бауыр клеткасында және эритроциттерде өтеді. Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал эритроциттердің саны азаяды. Сау адамның Імм3 қанында 5 млн эритроциттер болса, ал безгек аурумен ауырған кезде эритроциттердің саны азайып Імм3 қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады: макрогамонттар немесе макрогаметоциталар пісіп-жетілмеген аналық жыныс клеткалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер пісіп- жетілмеген аталық жыныс клеткалары. Осыдан кейін әрі қарай даму адам қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.
Анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек маса ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде макрогамонттар (макрогаметоциттер) пісіп-жетіліп макрогаметаға айналады, ал микрогамонттардың (микрогаметоциттердің) ядросы көпке бөлініп, пісіп- жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар және макрогаметалар қосылып зигота құрады. Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозғалуын тоқтатады да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған (10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоиттар пайда болғаннан кейін ооциста жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек масаның аралас қуысына түсіп, гемолимфа ағынымен сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен бірге спорозоиттар да түседі. Даму циклы ары қарай жалғасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік циклы өте күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбеюі адам қанында, ал жынысты көбеюі безгек масасының ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі - безгек масасы, ал аралық иесі - адам.
Безгек плазмодиясы адамның безгек ауруын қоздырушы. Безгекпен ауырғанда безгек ұстауынан басқа анемия (эритроциттердің азаюы) байқалады және плазмодиялар қан плазмасына улы өнімдерін бөледі. Ауру адамның безгегі әр 72 сағат, немесе 48, немесе 24 сағат сайын қайталанып отырады. Осы қайталануы плазмодияның өкіліне және шизогония мерзіміне байланысты.
PI. vivax-та шизогония 48 сағатқа созылады, сондықтан безгек үш тәулікте бір рет ұстайды, ол безгекті үш күндік безгек деп атайды. Р1. malariae-да шизогониясы 72 сағатқа созылады, сондықтан безгек төрт күннен кейін қайталап ұстайды, ол төрт күндік безгек. PI. falciparum-да шизогония 24 сағатқа созылады, безгек 24 сағатган кейін қайталап ұстайды. Неғұрлым безгек жиі қайталанса, соғұрлым қауіпті.
Безгек ауруын адамнан адамға анофелес (Anopheles) туысына жататын безгек масаларының түрлері ғана таратады. Солардың ішінде Қазақстанда көп тараған An. maculipennis, An. hyrcanus т.б.
Безгек ауруына қарсы шаралардың бірі - масалардың сан мөлшерін азайтуға қолайлы тәсілдерін қолдану, ауырған адамды дәрілермен емдеу.
13. Бір жасушалы жануарлардың тіршілік ортасында өмір сүруге бейімделуі туралы мәлімет беріңіз (интернеттен алынган перевод)
Қарапайымдар түрлі орта жағдайларында мекендейді. Олардың көпшілігі тұщы да, теңіз суларында да кең таралған Су ағзалары.
Протозоа түрлерінің аз саны топырақта өмір сүруге бейімделген. Олардың тіршілік ету ортасы-топырақ бөлшектерін қоршап, топырақтағы капиллярлық саңылауларды толтыратын ең жақсы су қабықтары.
Бір қызығы, тіпті Қарақұм шөлінің құмдарында протозоа өмір сүреді. Өйткені, құмның ең жоғарғы қабатының астында суға малынған дымқыл қабат бар, оның құрамы теңіз суына жақындайды. Бұл ылғалды қабатта фораминифер тәрізді тірі протозоидтар табылды, олар бұрын қазіргі шөлдің орнында болған теңіздерде өмір сүрген теңіз фаунасының қалдықтары болып табылады. Қарақұм құмдарындағы бұл ерекше реликті фаунаны алғаш рет проф.Л. Л. Бродский шөл құдықтарынан алынған суды зерттеу кезінде.
Осы типтегі әртүрлі кластарға жататын көптеген протозоидтар паразиттік өмір салтын ұстанады. Олардың тіршілік ету ортасы мен тамақ көздері — басқа тірі организмдер. 3,5 мыңнан астам протозоа түрлері-паразиттер. Олардың иелері-әртүрлі жануарлар мен өсімдіктер. Көптеген паразиттік протозоа адам ағзасында, үй және коммерциялық жануарларда өмір сүреді, оларға үлкен зиян келтіреді.
Бір клеткалы жануарлар әдетте микроскопиялық мөлшерде болады. Олардың денесі бір жасушадан тұрады. Оның негізі-бір немесе бірнеше ядросы бар цитоплазма. Олар су қоймаларында (шұңқырлардан мұхиттарға дейін), ылғалды топырақта, өсімдіктер, жануарлар мен адамдар органдарында тұрады.
Саркодтардың арасында тұщы және тұзды су қоймаларында тұратын көптеген еркін тіршілік ететін формалар бар. Амебалардың арасында паразиттік формалар бар. Мысал ретінде дизентерияны тудыратын дизентериялық амеба жатады.
Флагелла Тұщы су қоймаларында, әсіресе кішкентай және органикалық қалдықтармен, сондай-ақ теңіздерде кең таралған. Көптеген түрлер әртүрлі жануарлар мен адамдарда паразит болып табылады және осылайша үлкен зиян келтіреді (трипоносомалар, ішек паразиттері және т.б.).
Кірпікшелі кебісшелердің тіршілік ету ортасы-бұл тұщы су қоймасы және суда ыдырайтын органикалық заттардың болуы.Оны аквариумда да тұнбалары бар судың сынамаларын алып, оларды микроскоппен қарауға болады. Протозоа сияқты кішкентай тіршілік иелері біздің планетамыздың өміріне айтарлықтай әсер ете ала ма? Міне, кішкене мысал. Бүкіл Жер оның мұхиттарда туылғандар мен өлгендер сансыз крошечных біржасушалы ағзалардан пайда болуының жаратылыстар. Өлгеннен кейін олардың микроскопиялық минералды қаңқалары түбіне батып кетті. Ондаған миллион жылдар ішінде олар қуатты шөгінділер — бор, әктас түзеді. Егер сіз қарапайым борға микроскоппен қарасаңыз, оның протозоанның көптеген қабығынан тұратынын көреміз.
Теңіз протозоидтары — радиолариялар және әсіресе фораминиферлер-шөгінді жыныстардың пайда болуында маңызды рөл атқарды. Әр түрлі геологиялық кезеңдерде теңіз су қоймаларының түбінде пайда болған көптеген әктастар, бор шөгінділері және басқа шөгінді жыныстар толығымен немесе ішінара қазба протозоидтарының қаңқаларымен (кальцийлі немесе кремнийлі) түзіледі. Осыған байланысты микропалеонтологиялық талдау геологиялық барлау жұмыстарында, негізінен мұнай барлауда қолданылады.
14. Бір жасушалы мен көп жасушалы жануарлардың арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
15. Бір және көп клеткалы жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін сипаттаңыз
Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa -бір клеткалыларға және Metazoa - көп клеткалыларға. Protozoa тармағына қарапайымдылардың бес типі жатады: Sarcomastigophora, Sporozoa, Cnidosporidia, Microsporidia, Ciliophora.
Қарапайымдылар - бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т. б. қызметтерді атқарады. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б.
Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді: фагоцителлозоа - Phagocytellozoa, алғашкы қарапайым көп клеткалылар. Бұл топқа тақталылар - Placozoa типі жатады. Екінші бөлім үсті - төменгі сатыдағы көп клеткалылар - Parazoa. Оларда мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары болмайды. Бұл топқа губкалар - Spongia типі жатады. Үшінші бөлім үсті - нағыз көп клеткалылар - Eumetazoa. Денелері екі немесе үш қабаттан тұрады, мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa тобындағы жануарлар мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) - Radiata және екі жақты немесе билатеральды симметриялы жануарлар - Bilaterata.
16. Буылттық құрттар типіне тұжырым жасаңыз
Аннелидтер (латынша "annulus" - сақина) немесе буылтық құрттар типі-жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан - морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған. Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральді) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер - Aclitellata және белдеулілер - Clitellata.
17. Буынаяқтыларға тән белгілерге сипаттама беріңіз
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған және түрлерінің саны жағынан ең көбі - буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 миллионнан астам түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 22 типтің түр саны буынаяқтыларға жетпейді.
Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар және насекомдар жатады. Бұлардың барлығына тән белгілерінің бірі - аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, буынаяқтылар деп аталатыны да осыдан. Олар екі жақты симметриялы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануардың ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды және оның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяктылардың өсуі түлеу арқылы өтеді. Бұлшықеттері көлденең салалы - жолақ, тез жиырыла алады. Буынаяқтылардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, буылтық құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі. Ол үш қабаттан тұрады: астыңғысы - өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар эпителиальды клеткалардан құралған гиподерма - тірі қабаты және гиподерма клеткаларының бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған - нағыз кутикула қабаты.
Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель. Ұрықтық даму кезіңде бұларда екінші реттік қуыс, яғни целом пайда болады да, кейін целомның арнайы перитонеальды эпителий қабаты әр жерден еріп, сонда екінші реттік қуыстың сұйық заты бірінші реттік қуыстың қалдық сұйығымен араласады да, миксоцель қуысына айналады, оның қызметі - тірек, тасымалдау және қор жинау.
Ас қорыту жүйесінде буылтық құрттардікі сияқты үш бөлімі бар: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды, ішкі жағынан хитинді кутикуламен, ал ортаңғы - энтодермальды ішегі безді эпителиальды клеткалармен астарланған. Ас қорыту жүйесіне түрліше ферменттер бөлетін қосалқы бездері де жатады.
Зәр шығару жүйесі бір түрлерінде буылтық құрттардың түрі өзгерген метанефридиясына ұқсас болса, екіншісінде - Мальпиги түтігі түрінде болады. Олар антеннальды және максиллярлы (шаянтәрізділерде), коксальды бездер (өрмекшітәрізділерде), Мальпиги түтікшелері (насекомдарда, көпаяқтыларда, кейбір өрмекшітәрізділерде).
Буынаяқтылардың ортаға бейімделуіне байланысты тыныс алу мүшелері желбезек, өкпе, трахея (кеңірдек) түрінде болады. Шаянтәрізділер суда тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады. Желбезектері - аяқтарының эпиподит деп аталатын жұқа өсінділері. Құрлықта тіршілік ететін өрмекшітәрізділер өкпе және трахея арқылы тыныс алады. Өкпелері шаянтәрізділердікіндей аяқтарының эпиподит өсінділері. Бірақ бұлар дененің ішіне қарай тартылып орналасқан. Трахеялары (кеңірдектері) хитинді кутикуламен астарланған, бұтақталған түтік сияқты. Олар дененің бүйір жағындағы стигма деп аталатын тыныс алу тесіктерімен сыртқа ашылады. Көпаяқтылар мен насекомдар тек қана трахея арқылы тыныс алады, бұлар - трахеата тип тармағының негізгі кластары.
Қан айналу жүйесі - көпкамералы жүректің пайда болуымен ерекшеленеді, ол перикардия (грекше peri - төңірегінде, айнала; kardia - жүрек) деп аталатын жүрек қабы ішінде орналасқан. Жүректен шыққан қолқа және артерия қан тамырлары дене бөлімдеріне тарап, сол жерде үзіледі де қан аралас (миксоцель) қуысына құйылады. Қуысқа құйылған қан сондағы сұйықтықпен араласып гемолимфаға (қан клеткалары мен ткань аралық сүйықтыққа) айналады. Сондықтан да буынаяқтылардың қан айналу жүйесі ашық және қаны гемолимфа деп аталады. Гемолимфа түссіз, кейде сарғыштау немесе жасыл түсті, қорытылған заттарды тасымалдайды, зат алмасу процесінде пайда болған несеп заттарды зәр шығару мүшелеріне жеткізеді, ішкі қысымды қалыпты деңгейде сақтайды.
Буынаяқтылар тек қана жынысты жолмен көбейеді, көпшілігі дара жыныстылар, жыныс диморфизмі айқын. Жыныс жүйесі құрсақ бөлімінде орналасқан. Аналықтарында жұп жыныс бездері, олардан шыққан екі жұмыртқа шығарғыш жолдары қосылып жатын және қынапқа айналады да, жыныс тесігімен бітеді. Аталықтарының жұп ұрық бездерінен шыққан жұп ұрық шығарғыш жолдары бір-бірімен қосылып ұрық шашу түтігіне және шағылыс мүшесіне жалғасады. Жыныс жүйесіне жататын қосалқы бездері де бар, олар - ұрық қабылдағыштар, иіс шығару, жұмыртқаны субстратқа жабыстыру, жұмыртқа пілләсін жасау үшін секреттерді бөліп шығаратын бездер.
Ұрықтануы іштей, дамуы жұмыртқаның ішінде (эмбриональдық) және жұмыртқадан шыққаннан кейін (постэмбриональдық) өтеді. Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінген: желбезектыныстылар -Branchiata; трилобитгәрізділер - Trilobitomorpha; хелицералылар - Chelicerata; трахея немесе кеңірдекпен тыныс алушылар - Tracheata.
18. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі ерекшеліктерін сипаттаңыз
Буынаяқтылардың нерв жүйесі буылтық құрттардікіндей жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және ұзына бойлық ганглиялардан құралған құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Бірақ, буылтық құрттарға қарағанда буынаяқтылардың нерв жүйесі күрделірек. Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы үш бөлімнен тұрады: протоцеребрум - алдыңғы; дейтоцеребрум - ортаңғы; тритоцеребрум - артқы. Дейтоцеребрум бөлімі тек кана мұртшаларды нервтендіреді, сондықтан өрмекшітәрізділер класының өкілдерінде мұртшаларының жойылуына байланысты мидың аралық бөлімі дамымаған.
Буынаяқтылардың нерв жүйесінің тағы бір ерекшелігі - орталық нерв жүйесімен қатар шеттік (немесе перифериялық) және симпатикалык (немесе висцеральдік) нерв жүйелерінің болуы. Шеттік нервтер тері жамылғысының бұлшықеттердің, сезім мүшелердің, ал симпатикалық - ішкі мүшелердің жұмысын реттейді.
Нерв жүйесінің күрделенуіне байланысты буынаяқтылардың сезім мүшелері де жақсы дамыған. Олар: күрделі немесе фасеттік көздер, қарапайым көзшелер, иіс, дәм сезу, есту мүшелері. Осылардың көмегімен организм сыртқы ортадан келетін алуан түрлі тітіркеңдірулерге жауап қайтару қабілеттілігін дамытып үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға икемделу жағдайын жасайды, яғни тіршілік әрекетін жасайды.
19. Гидраның көбеюі және қоректенуін көрсетіңіз
Көбеюі:
Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. Денесінің бүршіктену белдеушесінің аймағында бірнеше бүршіктер пайда болып (гидраның құрылысына ұқсас), кейіннен олар аналық особь денесінен бөлініп, субстратқа бекініп, дербес тіршілік ете бастайды.
Күзге таман гидралар жынысты жолмен көбейеді. Ұрықтанған жұмыртқа қатты қабықпен қапталып, тыныштық күйде қыстап шығады да, көктемде ол бөлшектеніп, бластуладан кейін қос қабатты гаструла сатысында ересек түріне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |