1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Талшықтылардың көбеюі мен қоректенуін көрсетіңіз



бет53/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

73. Талшықтылардың көбеюі мен қоректенуін көрсетіңіз
Талшықтылардың басым көпшілігі жыныссыз жолмен көбейеді. Ядро митоз әдісімен бөлінеді, содан кейін цитоплазма клетканың алдыңғы жағынан бастап артқы жағына қарай ұзынынан бойлай екіге бөліне бастайды.
Колония құрып тіршілік ететін талшықтыларда жыныссыз көбеюі монотомия және палинтомия жолымен өтеді.
Монотомия жолымен бөліну кезінде клетка екіге бөлінеді. Пайда болған ұсақ клеткалар әрі қарай бөлінбей өседі, барлық органоидтарын түзеп, аналық формасына жетілгеннен кейін ғана тағы да бөлінеді, олар өз кезегінде тағы да өсіп бөлінеді. Талшықтылардың монотомия жолымен пайда болған колониялары 6-суретте көрсетілген.
Палинтомия жолымен бөліну кезінде пайда болған ұсақ клеткалар өспей әрі қарай бөліне береді (мысалы, Volvox туысында).
Талшықтылар жынысты жолымен де көбейеді: Volvox, Polytoma, Pandorina, Eudorina туысындағы өкілдері. Бұларда изогамия, анизогамия копуляциясы кеңінен тараған. Талшықтыларды қоректену тәсіліне қарай - автотрофты, гетеротрофты және миксотрофты топтарына бөледі.
Автотрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың цитоплазмасында жасыл түсті хроматофора органоидтары болады. Осыған байланысты бұлар фотосинтез жолымен қорекгенеді, яғни күн сәулесінің энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттарды синтездейді, сондықтан қоректенудің бұл тәсілін голофиттік немесе өсімдікше қоректену деп атайды.
Гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың хроматофора органоидтары болмайды. Олар дайын органикалық заттармен, бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен т. б. қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін голозойлық немесе жануарларша қоректену деп атайды. Паразиттік тіршілік ететін талшықтылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды.
Миксотрофты талшықтылар автотрофты және гетеротрофты жолымен қоректене алады. Мысалы, жасыл эвглена Euglena viridis миксотрофты организм күн сәулесі бар жерде жасыл эвглена хлорофилл дәндері арқылы нағыз жасыл өсімдіктер сияқты қоректенеді, демек көмір қышқыл газынан және судан органикалық заттарды синтездеп алады. Эвгленаны органикалық заттарға бай қараңғы жерге орналастырса, онда эвглена өзінің хлорофилл дәндерінің жасыл түсін жойып, дайын органикалық заттармен қоректенуге көшеді. Осыған орай эвгленаның денесінің алдыңғы жағында ауыз тесігі мен жұтқыншағы дамыған.
Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдіктектес талшықтылар - Phytomastigina және гетеротрофты жануартектес талшықтылар - Zoomastigina.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет