1 концепт ұҒымы және оның зерттелуі


) Адам психикасы туралы көрініс оның кеңістіктік сипаттауларымен



бет22/39
Дата03.01.2022
өлшемі199.46 Kb.
#451070
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
бакыт концепті

1) Адам психикасы туралы көрініс оның кеңістіктік сипаттауларымен (жоғары және төмен ) ассоциацияланады. Осы заңдылықтарға эмоциялар да бағынады. Жағымды эмоциялар жоғары қарай бағытталған қозғалыстармен, жағымсыз эмоциялар төмен қарай бағытталған қозғалыстармен байланысты кездеседі.

Шын мәнінде адамдардың көңіл-күйін, эмоциясын, сезімдік қатыстарын жеке сөзбен өлшеп, пішу мүмкін емес. Әрбір жеке адамдардың өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік «әлем бейнесі» әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда , фразеологизмдердегі эмоция мен экспрессияда анағұрлым көбірек қамтылады. Сондықтан да фразеологизмдерге жүгінуді жөн көрдік. Қазақ тіліндегі қуануға байланысты айтылатын фразеологизмдерде ол былайша көрініс тапқан: «қуаныштан секіру»; «төбесі көкке жету»; «төбесі көкке екі елі жетпеу»; « бөркін аспанға ату»; «көңілі көтерілу»; «тұла бойы алып ұшу» т.б. (орыс тілінде: «прыгать от радости», «чувствовать себя на верху блаженства», «чувствовать себя на седьмом небе», « летать радостью/от радости»)

Ал жағымсыз эмоциялар төмен қарайғы қозғалыстармен байланысты: «белі бүгілу», «жер таяну», «қайғыға бату», «қайғы басу» (орыс тілінде: «сгибаться от горя»). Тұтастық не түзу қалыптың бұзылуы да жағымсыз болып есептеледі : «қабырғасы сөгілу[ қайысу],[қақырау]»; «көкірегі қарс айырылу»; «жер бауырлап жатып алу» ( орыс тілінде: «горе его согнуло», «горе его не сломало»). 

Қуаныш шексіз, ауқымды нәрсе ретінде де көрінеді: «қуанышында шек жоқ», «қуанышы қойнына сыймау», «қуанышын ішіне сыйғыза алмау»(«быть вне себя от радости», «и мир не вмещает радость его»)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет