Төменгі призма n 2 өлшегіш призма деп аталады.Оның жоғарғы беті СД жылтыр болады, оған жұқа сұйық тамшыларын құямыз. (зерттелетін сұйық ерітіндіні) Т-трубамен қарағанда көру өрісінде бір жағы қара, ал екіншісі ақ жарты дөңгелек көрінеді, олардың шекарасы анық көрінеді.
; Рефрактометрдің жұмысы толық ішкі шекті бұрышын өлшеуге негізделген. Сонда шкаладан бірден ерітіндінің сыну көрсеткіші анықталады. Оның мәнінде n=1.325 тен n=1.360 аралықта болады.дәлдікпен.
Тақырып: Иондаушы сәулелердің детекторлары. Дозиметрлер
Негізгі сұрақтар:Элементар бөлшектердің детекторлары.Иондаушы сәулелердің дозиметрлері.Ядролық бөлшектердің траекториясын бақылау құралдары.
ИРД-02Б1 дозиметр-радиометрі. Оның жұмыс істеу принципі..
Құралдың жұмыс істеу принципі СБТ-10 есептегіші тіркеген иондаушы сәулелердің ( гамма-сәулелер немесе бетта бөлшектер) детектор арқылы электр сигналына айландыруға негізделген. Бірлік уақытта пайда болуын электр сигналдарының саны гамма- сәулелену МӘД- не тура пропорционал. Ұзақтығы және амплптудасы бойынша реттелген электр сигналдары тіркеу схемасына немесе дыбыстық сигнализацияға беріледі. Тіркеу схемасы шығысынан алынған өлшенетін шама туралы ақпарат құралдың сандық таблосына келіп түседі. Сандық таблодағы өлшенетін шама көрсеткішінің ауысу периоды 0,5-1 с болып келеді. Детектордың сезгіш көлемнің центрі экран шетінен центрге қарай 10 мм арақашықтықта орналасқан. Құрал екі режимде жұмыс істей алады; ол ажыратып- қосқыш арқылы реттеліп отырады.
1.''Мк3в/газ.'' режимі гамма-сәулелердің өрістерін бағдарлау және өлшеу үшін, сонымен қатар топырақ, су т.б. гамма-сәулелермен ластануын өлшейді.
2.''Бөлш./мин.см'' режимі беттер мен топырақ бетінің бетта-гамма сәулелер нуклидтерімен ластану дәрежесін бағалау үшін қолданылады.
3 ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Зертханалық сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
1. Физикалық өлшеулер жүргізу әдістемелері.Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Жұмыстың мақсаты:.
Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп,төмендегі сұрақтарға жауап беру:
2. «Өлшеу құралдары, өлшеу әдістері. Сызықтық шамаларды өлшеу»
1. «Денелердің сызықтық өлшемдерін анықтау.Нониустың теориясын меңгеру » лабораториялық жұмысын орындау
Сурет. Микрометр: 1 — скоба, 2 —- винт с барабаном, 3 — основная шкала, 4 — деления барабана , 5 — измеряемая деталь, 6 — фрикцион.
«Дәл өлшеу әдістерін меңгеру: дұрыс формалы дененің тығыздығын анықтау»
Жұмыстың мақсаты:
Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп,төмендегі сұрақтарға жауап беру:
3.«Физикалық шамаларды өлшеу нәтижелерін өңдеуду ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика әдістерін қолдану » ( 4 сағат)
1. «Өлшеудегі статистикалық заңдылықтар және оларды ескеру » лабораториялық жұмысын орындау
2. « Ауаның ылғалдылығын өлшеу әдістерін меңгеру» лабораториялық жұмысын орындау
Жұмыстың мақсаты:
1.Ауаның ылғалдылығын сипаттайтын шамалармен танысу.
2. Ауаның салыстырмалыжәне абсолют ылғалдылығын анықтау
Бақылау сұрақтарына жауап беру:
1. Ауаның ылғалдылығы туралы түсініктеріңізді айтыңыздар.
2. Абсолют және салыстырмалы ылғалдылық.
3. Максимал ылғалдылық деген не?
4. Ылғалдылықтардың өлшем бірліктері.
5. Ренью формуласын жазыңыздар.
6. Шық нүктесі деген не?
7. Ылғалдылықты ауыл-шаруашылығында еске алудың маңызы қандай?
4. «Периодты процестердің параметрлерін анықтау »
1.«Осциллографтың жұмысымен танысу. Лиссажу фигураларын алу » лабораториялық жұмысын орындау
Электрондық_осциллограф__Жұмыстың_мақсаты'>Электрондық осциллограф
Жұмыстың мақсаты: Электрондық осциллографтың құрылысы және жұмысымен танысу; электрондық осциллографты пайдалануға дағдылану; индуктивтігі мен сиымдылығы бар айнымалы ток тізбегінің әртүрлі бөлігіндегі кернеулер арасындағы фазалық ығысуды өлшеп және оған визуальдық бақылау жасау.
Теориядан қысқаша түсінік
Электрондық осциллограф дегеніміз электрлік кернеу қисығының формасын бақылау үшін жасалынған сонымен қатар периодты және импульстік процесстерді зерттеуге арналған құрал. Бұл прибор арқылы айнымалы кернеулерді өлшеуге болады, кедергілердің шамасын анықтаймыз, қуатты, жиілікті және фазаны өлшейміз.
Электрондық осциллографтың негізгі бөліктері: электрондық- сәулелік түтік, екі күшейткіш, (развертка) жәймалық генератор және қоректендіруші блок.
Электрондық осциллографтың басты бөлігіне электрондық- сәулелік түтік жатады, оның экранында зерттеліп отырған процестің қисықтары бақыланады.
Электрондық- сәулелік түтік (1 - сурет) ішіндегі ауа сорылып алынған конус формалы шыны баллон болып келеді. Оның маңдай алды түбі (экраны) кең және дөңес болып келеді де, төбесі яғни конустың мойны жіңішке цилиндр тәрізді болады. Экранның ішкі қабырғасына электрондық сәуле келіп соққанда жарқыл шығаратын, яғни флюоресценцияланатын зат есебінде жасыл түсті жарқыл беретін виллемитті қолданады.
Түтіктің цилиндр тәрізді мойнында яғни түп жағында инерциясы аз және секундіне талай миллион рет өзгеретін процестерді тіркей алатын жіңішке тез қозғалған электрондар шоғын жасайтын ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЗЕҢБІРЕК орналасқан.
Электрондық зеңбірек, сыртынан қыздырылатын және электрондарды эммиссиялауға арналған катод пен катодқа салыстырғанда натылы потенциалдары бар бірнеше цилиндр тәрізді электродтардан тұрады. Бұл электродтар бытыраған электрондарды концентрациялап, экран жазықтығындағы көлденең қимасы титтей тоғысқан шоққа айналдырады және оларды үдетіп шығарады.
Электронды зеңбіректің схемасы - суретте берілген.Басқарушы электрод есебінде ішінде катод орналасқан және түбінің центрінде тесігі бар цилиндр алынған. Егер басқарушы электродқа теріс потенциал берсек, онда біз электрондық шоқты жіңішкертіп сыққан сияқты боламыз. Бірінші анод (фокустаушы) бір немесе бірнеше диафрагмалы цилиндр түрінде жасалынады да, трубканың өсінен көбірек бұрылатын электрондарды кідірту үшін қолданылады.
Потенциалы 1000 вольт пен 2000 в аралығында өзгеріп отыратын (әр түрлі системалы трубалар үшін әртүрлі) және потенциалы бірінші анодтың потенциалынан 3-5 есе асатын екінші анод электрондық шоқты үдету үшін қолданылады.
Анодтық цилиндрден кейін, электрондық шоқ, өзара перпендикуляр жазықтықта орналасқан екі пар бұрушы пластинкалар арқылы өтеді. Горизонталь орналасқан пластинкаларға, жиілігі 20 Гц-тен үлкен зерттелін айнымалы кернеу берсек, экранда вертикаль түзу сызық кескіндісі байқалады да, оның ұзындығы берілген кернеудің амплитудасына пропорционал болып келеді.
Айнымалы кернеуді вертикаль орналасқан пластинкаларға қоссақ, онда горизонталь оське параллель болып келетін түзу байқалынады. Бұл пластинкалараға, осциллографтың ішіне орнатылған арнаулы развертка генераторынан араның тістері тәрізді кернеу беріледі.
Прибордың барлық бөліктері металдан жасалынаған қорапқа орналастырылған, бұл қорап ол бөліктерді механикалық бүлінуден сақтайды, ал экспериментаторды, күшейткіш пен трубканы қоректендіріп отырған жоғары кернеуден сақтайды. Барлық басқару тұтқалары шассидің алдынғы панеліне шығарылған.
«Жарықтық» және «Фокус» тұтқалары электрондық прожектордың электродтарындағы кернеуді реттеу үшін қолданылады да, экрандағы жарықтықты және дақтың мөлшерін өзгертіп отыруға мүмкідік береді.
«Вертикаль орнату» және «горизонталь орнату» деген тұтқаларды пайдаланып дақтың экран бетіндегі орнын ауыстыруға болады (бақылау жасаудың алдында оны экранның сол жағына орналастыру керек болады).
Уақытқа байланысты өзгеріп отыратын процестерді бақылау үшін, мысалы, айнымалы ток тізбегіндегі кернеудің өзгеруін бақылау үшін, зерттелінетін кернеуді электрондар шоғын вертикаль бағытта ауыстыратын горизонталь пластинкалараға жалғау керек. Бұл кернеу «вертикаль күшейткіш кірісі» деген қысқыштарға қосылады да, (панельдің төменгі сол жағында), ол ауыстырғыш пластикалараға күшейткіш арқылы келеді, күшейту дәрежесі «вертикаль күшейту» деген тұтқа арқылы реттеледі.
Шоқты горизонталь бағытта ауыстыратын пластинкалараға, периодты процестерді уақытқа байланысты развертка жасау үшін қолданылатын және разверткалық генератордан алынатын ара тәрізді дейтін кернеу жалғанады.
Ара тәрізді кернеу деп ( сурет) максимумге дейін уақытқа тура пропорционал өсетін және одан кейін қысқа уақыт ішінде нөлдік мәнге дейін төмендейтін периодты кернеуді айтады.
Егер развертка периоды зерттелінетін кернеудің периодыны тең болса немесе одан бірнеше есе артық болса, онда экранда қозғалмайтын қисық пайда болады, егерде периодтар қатынасы бүтін сан болмаса, онда қисық экранда қозғалатын болады.
Развертка жиілігін реттеу үшін екі тұтқа қолданылады: «жиілік диапазоны», бұл арқылы развертка генераторының жиілігі 2 Гц-тен
200 килогцке дейінгі шекте секірмелі өзгертіледі, ал біркелкі жиілік тұтқасы таңдап алынған жиілік бөлігінде генератор жиілігін біркелкі жәй өзгертуге мүмкіндік береді.
Ара тәрізді разверткалық кернеуді жалғау үшін «развертка күшейткіш» тұтқасын «развертка» деген қалыпқа қою керек. (Ол тұтқаны бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстырар алдында осциллографты қалалық сетьтен ажырату керек). «Горизонталь күшейту» деген тұтқаны 3 және 5 деген бөліктердің арасына қою керек.
Панельдің жоғарғы жағында, оған қоректендіретін кернеу жалғанғаннан кейін приборды қалалық сетьке қосатын тумблер орнатылған, сонымен бірге кернеу бергенде жанатын индикаторлық лампа қойылған.
Ұсынылып отырған жұмыс жағдайында осциллограф визуальдық тура көзбен бақылау үшін және индуктивтіктігі мен сиымдылығы бар айнымалы ток тізбегінің әртүрлі бөлімшесіндегі кернеулердің арасындағы фаза ығысуын өлшеу үшіні қолданылады.
Екі бірдей кернеу қисығын бір мезгілде бақылау үші электрондық ауыстырғыш немесе электрондық коммутатор пайдаланылады. Электрондық коммутатаор осциллографтың кірісіне трубканың экранында бірінен соң бірі екі осциллограмма пайда болатын етіп, зерттелінетін кернеулер ауыстырылып беріліп отырады. Ауыстырып қосу жиілігі өте жоғары болғандықтан (100 гц тан 10 гц дейін), алынған осциллограммалар тұтасып, бір уақытта пайда болған сияқты болып көрінеді. Электорндық коммутатордың схемасы 50- суретте көрсетілген.
Тізбектің ортақ нүктесі бар көршілес екі бөлімшесінен алынған зерттелінетін кернеулерді жаңағы ортақ нүкте прибордың А клеммасына қосылатындай етіп «күшейткіш 1» және «күшейткіш 2» қысқыштарына жалғайды. Әрбір кернеу өз күшейткішімен күшейтіледі, күшейтуді реттеуге арналған тұтқалар коммутатордың алдыңғы жағындағы панельге орналастырылады.
Осциллографтың «вертикаль күшейтудің кірісі», «комутатордың шығыс» клеммасына қосылады. «Үйлестіру» тұтқасы бақылап отырған қисықтардың біреуін вертикаль жазықтықта ауыстыруға мүмкіндік береді. Коммутатор қалалық сетьтен қоректенеді; оны сетьке қосқанда, қызыл түсті бақылау лампасы жанады. Зерттелінетін кернеуді, электрондық коммутатор арқылы осциллографқа жалғағанда, экранда - суретте көрсетілгендей сурет пайда болады.
Зерттелінетін кернеулер арасындағы фазалық ығысу сөз жоқ, мынаған тең болады:
Өлшеулер
Керекті құралдар мен жабдықтар: электрондық- сәулелік трубка және оның детальдары;электрондық осциллограф; электрондық коммутатор; темір өзекшесі бар индуктивтік катушка;сиымдылық магазині; реостат; штепсельдік вилка.
1-жаттығу. Электрондық- сәулелік трубканың құрылысын зерттеу.
Электрондық- сәулелік трубканың құрылысынның схемасын салып, оның негізгі бөліктерін жазыңдар. Электрондық зеңбіректің жеке бөліктерін қарап және оларды жазыңдар.
2-жаттығу. Қалалық сеть кернеуінің қисығын бақылау.
Осциллографты қалалық жарықтану сетьке қосыңдар. «Синхронизация» тұтқасын «сетьтен» деген қалыпқа қойыңдар.Вертикаль күшейткіштің кіру клеммасына «бақылау сигналы» клеммасынан кернеу беріңдер (бұл бірнеше вольтке төмендетілген қалалық сеть кернеуі). «Жиілік диапазоны» тұтқасын «20» деген қалыпқа қозғалмайтын және ауыспайтын болуын қамтамасыз етіңдер. Калька қағазға қисықтың суретін сызыңдар.
Трубканы тесіп алмау үшін экранға карандашты онша батырмау керек.
3-жаттығу. Айнымалы ток тізбегінде индуктивтік және сиымдылық болған жағдайдағы фазалық ығысуды бақылау және өлшеу.
- суретте көрсетілген схема бойыншы тізбек жинастырыңдар.
Приборды қосыңдар да осциллографтың экранында амплитудалары шамамен алғанда бірдей болатын тұрақты қисықтар алыңдар.
Коммутатордағы күшейтуді өзгерте отырып, қай қисық сиымдылықтағы кернеуге, қай қисық индуктивтіктегі кернеуге сәйкес келетінін анықтаңдар. Екі қисық вертикаль жазықтықта сәйкестендіріп, олардың суретін салыңдар және фазалық ығысуды анықтаңдар. Осы айтылған бақылауды, коммутатордың 51 және 52 суреттерде көрсетілген қосулары бойынша жасаңдар.
Осы көрсетілген барлық жағдайдағы қисықтардың суретін калька қағазға салып, зерттелінетін кернеу лердің арасындағы фазалық ығысуды анықтаңдар.
Бақылауға арналған сұрақтар
-
Электрондық зеңбірекке берілетін кернеудің схемасын салыңдар.
-
1-ші және 2-ші анодтардағы диафрагмалар не үшін керек?
-
Басқарушы электродтағы (сеткадағы) кернеудің өзгерісі экрандағы дақтың жарықталыну интенсивтігіне қалай әсер етеді?
-
Айнымалы ток тізбегіндегі ток пен индуктивтіктегі кернеудің арасындағы фазалық ығысуды қалай өлшеуге болады?
-
Сиымдылығы және индуктивтігі бар айнымалы ток пен толық кернеудің арасындағы фазалық ығысуды қалай өлшеуге болады?
-
Активті және реактивті кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі ток пен кернеудің арасындағы фазалық ығысудың шамасы неге байланысты болады?
2.«Осциллографтың көмегімен өткізгіштің кедергісін анықтау» лабораториялық жұмысын орындау
Жұмыстың мақсаты:.
Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп,төмендегі сұрақтарға жауап беру:
5. «Электр тізбектерінің элементтері »
1. «Термопараны градуирлеу.Термоэлектр қозғаушы күшті өлшеу» лабораториялық жұмысын орындау
2. «Гальвонометрдің бөлік құнын анықтау» лабораториялық жұмысын орындау
Жұмыстың мақсаты:.
Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп,төмендегі сұрақтарға жауап беру:
6. «Оптикалық құралдар»
«Монохроматордың жұмысын меңгеру.Спектрлік анализ негіздірі» лабораториялық жұмысын орындау
Жұмыстың мақсаты:.
Зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына сәйкес өлшеулер жүргізіп,төмендегі сұрақтарға жауап беру:
Достарыңызбен бөлісу: |