1. Курстың пәні мен міндеттері Курстың мақсаты


Кәсіпкерлік қызметті реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілердің сипаттамасы



бет3/4
Дата29.09.2022
өлшемі22.56 Kb.
#461643
түріРеферат
1   2   3   4
Кәсіпкерлик Лекция 1

3. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілердің сипаттамасы
Кәсіпкерлік қызметті реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық заңы болып 2015 жылғы 29 қазандағы қабылдаған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі табылады.
Кодекс Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес қызметі кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) кәсіпкерлік еркіндігі;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;
4) меншікке қол сұғылмаушылық;
5) адал бәсекелестік;
6) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;
7) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі;
8) кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
9) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
10) отандық тауарлар өндірушілерді қолдау;
11) мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу;
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;

  • орта кәсіпкерлік субъектілері;

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет