1. Курстың пәні мен міндеттері Курстың мақсаты


Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет



бет2/4
Дата29.09.2022
өлшемі22.56 Kb.
#461643
түріРеферат
1   2   3   4
Кәсіпкерлик Лекция 1

Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет.
Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесідей қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, ресурстық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық.
Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып табылады. Бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субъектісі ретіндегі роліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің өз ісіне дамудың, экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнімнің, ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.
Ресурстық қызмет кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі. Кәсіпкерліктің дамуы реурстардың барлық түрін тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді. Сонымен қатар кәсіпкер шығармашылық қызмет немесе ізденіс қызметін де атқарады. Кәсіпкер өз ісіне жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінінің 10-бабының 1-тарауына сәйкес кәсіпкерлік қызметке мынадай анықтама береді: “Кәсіпкерлік – меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды (мемлекеттік кәсіпкерлік) шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет.”
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Анықтаманы толықтыра түсу үшін кәсіпкерліктің сипатты белгілерін айқындаса жеткілікті:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет