№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№40 МҰҒАЛІМДІК ҚАСИЕТ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУМЕН



Pdf көрінісі
бет37/86
Дата30.03.2024
өлшемі1.35 Mb.
#497013
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86
91 эссе

№40 МҰҒАЛІМДІК ҚАСИЕТ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУМЕН 
САҚТАЛАДЫ
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын 
алға қарай жетелеуші құдіретті күш ол – білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие 
мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін 
реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім шығармашыл 
мұғалім ретінде орталық тұлға болып табылады. 
«Шығармашыл мұғалім – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, 
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, 
өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары 
білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты». Н. 
Назарбаев. 
Осы орайда, біздің басты мақсатымыз – бастауыш сатыдан бастап баланың 
тілін, ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман 
талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет. 
Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге 
негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, 
оны өз іс-тәжірибемізде қолдану арқылы оқу-тәрбие процесінде шығармашыл 
білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі. «Инновация» ұғымының 
(латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген 
мағынаны білдірсе, «Технология» – деп оқытудың объективтік 
факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс-тәсілдері, 
дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар, т. б) қандай да бір іс-әрекетте 
нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология – 
мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге 
мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа 
әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы 
оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы 
баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс 
шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. 
«Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы 


талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен 
ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен 
көрінеді. Шығармашылық – адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің 
жоғары формасы. Шәкірттеріммен оқу-процесін жаңаша ұйымдастыру 
барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке 
дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны 
қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық-педагогикалық 
технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы барлық салада таңғажайып 
табыстарға қол жеткізудемін. 
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар 
орындалу тиіс: 
Шығармашылық 
қабілетін 
дамытуды 
ерте 
бастан 
қолға 
алу; 
Оқушының 
шығармашылық 
іс-әрекетіне 
жағдай 
туғызу; 
Жүйелі 
түрде 
шығармашылық 
әрекет 
жағдайында 
болуы; 
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету; 
Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны 
ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 
бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған 
үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау 
қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. 
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы 
пайдаланады. 
Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің 
интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы 
шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің 
тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына 
айналады» – деп айтқан. Өйткені, жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам 
бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, 
әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, 
оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады. 
1. Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық 
пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны 
түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни 
ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін құрметтей біледі, 
ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз 
жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті 
жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол 
саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға 
қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат 
мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды. 
2. Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы 
алдымен балаға деген махаббатында, жоғары адамгершілігінде және 
арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын 
түсінуге, өзінің кәсіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы 
көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым–қатынастағы сұлулықты өте 


жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары 
дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан-дүниесінің байлығын түсінуге 
үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз 
болады. 
3. Шығармашыл мұғалім – жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен 
біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. 
Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, 
тудыру, жасап көру – оның күнделікті кәсіби жағдайы. 
4. Шығармашыл мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби 
әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның 
ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті 
сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар 
әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан 
еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді 
өз мойнына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар. 
5. Шығармашыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет