№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№65 ЖҰМЫСТАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢГЕНДІГІҢІЗДІ



Pdf көрінісі
бет69/86
Дата30.03.2024
өлшемі1.35 Mb.
#497013
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86
91 эссе

№65 ЖҰМЫСТАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢГЕНДІГІҢІЗДІ 
АЙТЫҢЫЗ 
Өмір. Өмір деген өзені сарқыраған, сулары арқыраған, құстары шиқылдап
әсем әуенге салған таңғажайып әлем. Бірақ та осы ғажайыптардың бәрі 
жоғалып, адамның әлемін қара түнек басатын кездер де болады. Бұл кезеңді 
қиындық кезеңі деп атайды. Қиындық кез келген адамның басынан өтетін 
жағдай. Бірақ мұны кейбіреулер болмашы нәрсе ғой, өтеді де кетеді деп 
қабылдаса, кейбір адамдар тағдырдың берген ауырпалығы деп түсінеді. 
Негізінде қиындықты жеңудің жолы бар. Ең бастысы қиындыққа қаймықпай 
қарсы тұрып, оны бір өтіп кететін нәрсе де қабылдау керек. Қиындықты күні 
бойы ойласаңыз, жансызданып қаласыз. Қиындықтар туралы ойлай берсеңіз, 
оның салмағы азаймайды, одан да әрекет етсеңіз одан құтылуға болады. Солай 
ғана оны жеңіп шығуға болады. 
Маған да көптеген қиындықтар қарсы тұрып, жолыма тосқауыл болды. Сонда 
мен де күні бойы сол туралы ойлап, салым суға кетіп жүретін. Әрине, менің 
өмірімдегі қиындықтар сабаққа қатысты болды. Орыс тілін өте төмен деңгейде 
білдім, информатика сабағы да көптеген қиындықтар тудырды. Сонымен 
қатар отбасымнан жырақта жүрген соң оларға деген сағынышым да жанымды 
жегідей жеді. Күнде уайымдап, жылап, өз-өзімнен таусыла беретінмін, тіпті 
өмір сүруге деген құлшынысым азайып, алға қойған жоспарларымның 
ешқайсысы жүзеге аспады. Ұзақ жыладым, ешкіммен араласпай, дос болмай 
жүрдім. Сонда мен не ұттым? Әрине мұның бәрі маған кері әсерін тигізді. Ата-
анам да мен үшін уайымдап, ұйықтамай жүрді. 
Түбінде мен үлкен жеңіске жеттім, өз қиындықтарымды жеңе білдім. Мұның 
ешқандай қиыншылығы жоқ. Ең басты алдыңа мақсат қоя біл, егер бір нәрсе 
қолыңнан келмесе, тырыс, талпын, сонда ғана сен сол көздеген мақсатыңа 
жетесің. Мен бүгін төмен нәтиже көрсетсем, келесіде жоғарғы нәтижеге жету 
үшін көп еңбектендім, және осы еңбегімнің жемісін көрдім. Сонымен қатар 
кейбір адамдар қиындықты өзі шақырып алады. Егер қиындық сені қуып келе 
жатса да артыңа қарама, оны ұстатпай қашып кететініңе сенімді бол. Бірақ 


саған қашу үшін күш керек, ал сен күшті өмірден аласың. Сол үшін сен 
өміріңді жандардырып күш жина, сол күшпен қиындық атаулыға оп-оңай 
тойтарыс 
бере 
аласың. 
Мен де күрестім, бірде жеңдім, бірде жеңілдім, бірақ мені жеңістерімнің көп 
болғандығы қуантады. Тағы да айта кететін нәрсе, қиындығың туралы жалғыз 
өзің ғана білмей, өзге адамдармен де бөліс, сонда олар саған бұндай 
жағдайлардан шығуға көмектеседі. 
Қорытындылай айтқым келетіні, алдыңа мақсат қоя біл, сол мақсатқа жетер 
жолда талай сүрініп, талай жығылсаң да ешқашан мойныңды артқа бұрма. Осы 
кезден бастап өз-өзіңді мықтылыққа тәрбиелесең, болашақта кез болған 
барлық қиындықтарды жоя аласың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет