Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз



Дата29.02.2016
өлшемі36.2 Kb.
#34042
Қирабаев, С.

Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. - 2009. - 17 наурыз (№39). - (Тағзым)

Мен 1947 жылы Алматыға оқуға келгенде, Ғабдолла 7 жастағы жүripin жүрген бала еді. Әлі мектепке де бармаған. Әкесі Әбдіқожа кол­хоз құрылысына көп еңбек сіңірген, ұзак жылдар басқару ісінде болған Жаңаарқа ауданының бас көтерер азаматтарының 6ipi болды. Қанша дегенмен, Кеңес өкіметі оқымаған, 6ipақ көкірегі сара, халықтың өз ішінен шығып, жаңа тіршілікті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген талантты адамдарды тәрбиелеп шығарғаны шындық еді ғой. Жаңаарқадан осындай, өкіметке тірек боп, елдің тіршілігін түсініп, оларға жайлы басшы бола білген 6ip шоғыр азаматтар шыкты. Олар өзара достасып, сырласып, 6ipiн-6ipi сыйлап, 6ipiнe-6ipi қамқор болып жүрді. Тұтастай ел тұтқасына айналды. Әбдіқожа осы топтан болатын. Солардың қатарында менің Жаман деген ағам болды. Әбекеңмен дос еді. Жаман қайтыс болғанда, Әбекеңнің жылап келіп, сөз сөйлегені есімде. Бірін-6ipi таныған, 6ipiн-6ipi қадірлеген азаматтың жылы сөзін айтып еді Әбекең. Meнің соғыс кезінде мектеп бітіріп, «оқимын» деген ниетімді icке асыpa алмай, 3-4 жылдай ауданда қыз­мет істеп қалғаным бар. Сонда осы ағаларымның көбімен таныс, icтec болдым. «Жеткіншек» колхозында тұратын Әбекеңнің де үйінде болғам. Сонда жүгіріп жүрген Ғабдолланы көргенмін. Yй-iшi «Қабыкен» дейтіні есімде қалыпты. Кейін қайта танысқанда ecімe түcin, мен де «Қабыкен» деп кеттім.

Сол кеткеннен мен елге қайтпай, алматылық боп калдым. Бірақ елмен хабарымыз үзілген емес. Ағалар кетіп, жана ұрпақ өcin шык­ты. Олар ел басқару, халқына қызмет ету жолында көзге түcin жатты. Солардың iшіндe ауыл, аудан көлемінен асып облыстық жүйеде жақсы танылып жүрген Ақселеу Сейдімбековтің, Ғабдолла Құлқыбаевтың, Қани Мұсылманбековтің атын көбірек естіп жүрдім. Алғашқысы қалам қызметкері болды да, соңғы екеуі жақсы дәрігер боп, елден келген ауру адамдарға шапағаты көп тиеді екен. Ақселеудің жазғандарын оқып та жүрдім. Қарағанды облыстық газетінің редакторы болған, 6ipre оқып, 6ipre өскен досым Сейфолла Оспановты жерлеуге барғанда, оны көрin таныстым. Кейін 6ip peтi келіп қалғанда Алматыға қызметке шақырылуына да себепкер болғаным есте.

1973 жылы менің 6ip баламның оқуы жайымен Қарағандыға асығыс барып, 6ip күн болып кеткенім бар. Бәрімбек Бейсенов деген қайын ағам Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы жоғары мектебінде бастық еді. Сол Сейфолла eкeyi күтіп алды да, Долинкаға алып кетті. (Сонда мектептің жазғы демалыс орны бар екен). Сол жерден Шахтинск қаласына барып, 6ip үйде қонақ болғанымыз бар. Соған Евней Бөкетов марқұм келді. Қасында Ғабдолла бар. Ол мені танып, сәлемдесіп жөнін айтты. Құшақтасып баяғы бала күнгі көргенімді еске түсірдім. Осы жиынды Ғабдолла басқарды. Оның сөзге шебер, әншілік өнepi де барын, халыққа сүйкімді мінезді екенін байқадым.

«Адам болар бала қонаққа үйір» деген сөз бар ғой қазақта. Бұрынғы ел ұстаған азаматтар балаларын бетінен жасқамай, «қонақ келді, кетіңдер» деп қуып шықпай, оның жұртпен танысуына жол ашқан, елдің әңгімесін тыңдатып өсірген. Мен мұны өзім алған тәрбиеден білем. Әкем марқұм мені осылай epкін ұстап, қонақтарға қызмет етуге, 6ipre отырып, солардың өнегесін үйренуге баулыды. Ғабдолла да осы жолмен жүріпті. Әбекең марқұм өзі де сөз білетін, ел ұстаған азамат еді. Ғабдолланың да солай, елмен араласып, сөз тыңдап өскеніне қуанып қалдым. Осыдан соң көп кешікпей Алматыда Кардиология институты ашылып, Ғабдолла соған директор болып келгенде, оны жақынырақ білдім. Акселеу екеуі Алматыға бір мезгілде көшіп келіп, өрісімізді кеңейтіп кетіп еді.

Кейін Ғабдолла Қарағандыға қайтып, сонда орнықты. Ұлттық Ғылым Академиясының Қарағанды бөлімшесінде «Физиология және еңбек гигиенасы» деген институт ашылып, соны басқарды. Тәуелсіздік алғаннан соң бұл институт Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өтіп, «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар» ұлттық орталығы атанды. Осында Ғабдолла қайтыс болғанша еңбек етті. Сонда жүріп ол Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 2003 жылы академигі болып сайланды. Өз ісінің жақсы маманы есебінде танылды. Сонымен бірге оның әдебиетке, өнерге қатысты жан-жақты талантын да ел көріп бағалады. Ол жақсы ағаларының қасында жүріп өсті, өзі де шәкірттеріне ағалық қамкорлық жасады. Алматыда болғанда ол аға жазушылар (Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев) мен ғалымдар (Т.Шарманов) арасында таныс есімге айналды. Қарағандыда Евней Бөкетовпен дос болды. Қарағандыда ол академиктер, әріптес ағалары Әбілқас Сағынов пен Зейнолла Молдахметовпен жақын екенін көрдім. Бұл - оның тек дәрігерлік мамандықпен шектеліп қалмай, үлкен азамат, кең пейіл, құшағы ашық жігіт ағасы дәрежесіне жеткендігінің айғағындай еді.



Тағдыр бізге оны көп бірге жүруді жазбады. Қабыкенім менің, ерте сөнген жарық жұлдыздай өте шықты өмірден. Бірақ оның аты өлмейді, артанда еңбегі мен ұрпағы қалды.
Суретте: Ғ. Құлқыбаев(сол жақта), Д. Қасейінов және Ж. Ақылбаевпен бірге.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет