1. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз. Туған жердей ел болмас



бет10/11
Дата15.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#137260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

28 нұсқа


1. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.

Ер бір рет өледі, …

A) Қорқақ мың рет өледі.

B) Ерді намыс өлтірер.

C) Ер атағын ел сақтар.

D) Ел үшін өледі.

E) Батыр майданда шынығады.



2. «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің авторын белгілеңіз.

A) С.Сейфуллин.

B) М.Әуезов.

C) Ғ.Тоғжанов.

D) А.Байтұрсынұлы.

E) М.Дулатов.



3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.

A) Ж.Жабаев.

B) С.Сейфуллин.

C) І.Жансүгіров.

D) Б.Майлин.

E) Ғ.Мүсірепов.



4. Сәбит Мұқановтың туған жерін табыңыз.

A) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы.

B) Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы.

C) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы.

D) Алматы қаласы.

E) Шығыс Қазақстан облысы.



5. М. Мақатаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1845 – 1904 ж.ж.

B) 1894 – 1938 ж.ж.

C) 1931 – 1976 ж.ж.

D) 1804 – 1846 ж.ж.

E) 1835 – 1865 ж.ж.



6. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.

A) Жай қоя салған.

B) Айналасына наразылықтан.

C) Өз басында қайғысы бар адам.

D) Мұңды адам.

E) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.



7. Жаманды байқап қарасаң,

Күндердің күні болғанда

Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында Махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз.

A) Батырға тән мінез.

B) Жақсыдан шарапат.

C) Жастарға өнеге іс.

D) Адамгершілік.

E) Жаманнан кесапат.



8. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.

A) «Өзен»

B) «Интернатта оқып жүр»

C) «Өнер-білім бар жұрттар»

D) «Кел, балалар, оқылық!»

E) «Шәкірт ойы»



9. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.

A) ’’Өзен’’.

B) ’’Әкеме’’.

C) ’’Жазғытұры’’.

D) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’.

E) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.



10. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз.

A) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».

B) «Дүние мен өмір».

C) «Жастарға».

D) «Ақындарға».

E) «Бостандық туы жарқырап».



11. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

A) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.

B) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын

сипаттау.

C) Табиғат көркін суреттеу.

D) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.

E) Оқиғаның болған жерін көрсету.


12. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.

A) Татар, қырғыз, өзбек.

B) Қарақалпақ, араб.

C) Ұйғыр, тәжік, чуваш.

D) Орыс, қарашай.

E) Түрік, құмық.



13. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) «Алмас қылыш».

B) «Ғашықтар».

C) «Қаһар».

D) «Қатерлі өткел».

E) «Жанталас».



14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.

A) Мал ұрлау үшін келеді.

B) Туған жеріне келеді.

C) Адасып келеді.

D) Түрмеден қашып келеді.

E) Жаулардан қашып келеді.



15. Әділет, дәулет, ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұламаны табыңыз.

A) З.Бабыр.

B) Ж.Баласағұн.

C) А.Яссауи.

D) С.Сараи.

E) М.Қашқари.



16. Өзі іздеген сұлу қызды құмырсқаның көмегімен тапқан кейіпкері бар ертегіні табыңыз.

A) «Құмырсқалар, аралар-қиыспас дос құдалар».

B) «Алтын сақа».

C) «Аяз би».

D) «Күн астындағы Күнікей қыз».

E) «Ер Төстік».



17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.

A) Елдің көңілін аудару амалы.

B) Айтыстың бір шарты.

C) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

D) Шабыт шақыру мақсаты.

E) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.



18. Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудың өзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) Шалкиіз.

B) Бұқар.

C) Қазтуған.

D) Доспамбет.

E) Асан қайғы.



19. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

A) “Жиырма деген жасыңыз”

B) “Мұнар күн”

C) “Асқар, асқар, асқар тау”

D) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”

E) “Күмбір, күмбір кісінетіп”



20. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.

A) Баймағамбет сұлтанға.

B) Махамбетке.

C) Жәңгір ханға.

D) Ел-жұртқа.

E) Бөкей ханға.



21. «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге мазақ, қатты мінезді адам»- деген сипаттама «Қалың малдағы» (С.Көбеев) қай кейіпкерге лайық екенін көрсетіңіз.

A) Байғазы.

B) Итбай.

C) Амантай.

D) Тұрлығұл.

E) Құрымбай.



22. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы жаңашыл қыздардың аттарын табыңыз.

A) Раушан, Күлтай.

B) Аппақай, Күлтай.

C) Зылиха, Рысты.

D) Жаңыл, Жәмила.

E) Қамар, Жамал.



23. Ғ.Мүсірепов «Шұғыла» әңгімесінде шұғыла деп нені айтқанын табыңыз.

A) Аспан әлемін суреттейді.

B) Күн сәулесін бейнелейді.

C) Қардан қаланған «аққаланы»айтады.

D) Сібір шұғыласын айтады.

E) Кемпірқосақты айтады.



24. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.

A) Эпилог.

B) Экспозиция.

C) Кульминация.

D) Шешім.

E) Пролог.



25. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз.

A) XІ ғ.


B) XV ғ.

C) X ғ.


D) XІV ғ.

E) XІІ ғ.



26. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топты атаңыз.

A) Қалмақтар тобы.

B) Сарыбай тобы.

C) Базарбай тобы.

D) Қодар тобы.

E) Қарабай тобы.



27. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.

A) Асан қайғы.

B) Шернияз.

C) Дулат.

D) Шортанбай.

E) Бұқар.



28. Алтын, күміс тас болар.

Арпа, бидай ас болар,

Бірігіп жан тусаң да,

Қарап та жүріп қас болар, -деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.

A) «Замана».

B) «Насихат».

C) «Зар заман».

D) «Алдаушы жалған».

E) «Бала зары».



29. Шоқан Уәлиханов қай жылы Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысқанын көрсетіңіз.

A) 1855 ж.

B) 1853 ж.

C) 1851 ж.

D) 1850 ж.

E) 1856 ж.



30. Баубек Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатты жазғанда неше жаста екенін табыңыз.

A) Он тоғызда.

B) Жиырма екіде.

C) Жиырма үште.

D) Жиырма бірде.

E) Жиырмада.








29 нұсқа


1. Махамбет Өтемісұлының туған жерін табыңыз.

A) Батыс Қазақстан облысы

B) Алматы облысы

C) Ақмола облысы

D) Атырау облысы

E) Қызылорда облысы



2. Шәкәрім поэмасын табыңыз.

A) «Ескендір».

B) «Медғат-Қасым».

C) «Масғұт».

D) «Батыр Баян».

E) «Еңлік-Кебек».



3. Қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың, әдебиет теориясының негізін салушы кім екенін белгілеңіз.

A) С.Сейфуллин.

B) І.Жансүгіров.

C) М.Жұмабаев.

D) А.Байтұрсынұлы.

E) Б.Майлин.



4. 1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы қай пьесамен ашылғанын көрсетіңіз.

A) «Түнгі сарын»

B) «Еңлік – Кебек»

C) «Қарагөз»

D) «Айман – Шолпан»

E) «Қарақыпшақ Қобыланды»



5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.

A) Ақтау қаласы.

B) Павлодар қаласы.

C) Орал қаласы.

D) Алматы қаласы.

E) Атырау қаласы.



6. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.

A) Отан, туған жер, халық туралы

B) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы

C) Оқу, білім, өнер туралы

D) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы

E) Үнемшілдік жайында



7. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

A) Қазтуған.

B) Жиренше.

C) Асан қайғы.

D) Жиембет.

E) Доспамбет.



8. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Доспамбет.

B) Ақтамберді.

C) Бұқар.

D) Қазтуған.

E) Шалкиіз.



9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Еділ бол да, Жайық бол»

B) «Анаңнан асыл бар ма?!»

C) «Аягөз, қайда барасың?!»

D) «Абайдың суретіне»

E) «Артықша туған азамат»



10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1863 ж. Ырғызда.

B) 1865 ж. Қостанайда.

C) 1865 ж. Орынборда.

D) 1866 ж. Омбыда.

E) 1864 ж. Торғайда.



11. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.

A) Қара басының қамын ойлаушы.

B) Тойымсыз, дүниеқоңыз.

C) Мақтаншақ, даңғой.

D) Даңққұмар, озбыр.

E) Қанішер, жауыз.



12. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.

A) “Терме”.

B) “Азамат”.

C) “Қирағат”.

D) “Есеп құралы”.

E) “Оян, қазақ”.



13. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.

A) Р.Ғамзатов.

B) П.Тычина.

C) Ш.Айтматов.

D) Б.Кербабаев.

E) С.Айни.



14. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.

A) М.Шаханов.

B) І.Есенберлин.

C) Ә.Нүрпейісов.

D) О.Бөкей.

E) Ш.Мұртаза.



15. ’’Жамиғат-тауарих’’ кімнің еңбегі екенін табыңыз.

A) М.Х.Дулати.

B) Қадырғали Жалайри.

C) З.М.Бабыр.

D) Әбілғазы Бахадүр.

E) Мұхаммед Салих.



16. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.

A) Шыншыл бейне.

B) Сиқырлы бейне.

C) Қиялдан туған.

D) Типтік бейне.

E) Аңыздан туған.



17. «Айтыс – сөз барымтасы» - деп баға берген зерттеушіні табыңыз.

A) С.Мұқанов.

B) Б.Кенжебаев.

C) М.Әуезов.

D) С.Сейфуллин.

E) І.Жансүгіров.



18. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.

A) 1670-1730 жж.

B) 1706-1778 жж.

C) 1675-1769 жж.

D) 1465-1560 жж.

E) 1817-1881 жж.



19. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.

A) С.Торайғыров.

B) Ж.Аймауытов.

C) Т.Жомартбаев.

D) М.Сералин.

E) С.Көбеев.



20. Қару-жарақ аттары, теңізшілік терминдері және түрлі неологизмдерді шығармаларында көп пайдаланған ақынды белгілеңіз.

A) С.Мұқанов.

B) С.Сейфуллин.

C) А.Байтұрсынұлы.

D) Ә.Сәрсенбаев.

E) Т.Жароков



21. С.Мұқановтың ’’Ботагөз’’ романының 2-бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) ’’Жолда’’.

B) ’’Күн күлімдегенде’’.

C) ’’Тұңғиықта ’’.

D) ’’Таң атарда’’.

E) ’’Тарауда’’.



22. Ғ. Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаң-бұлтарысын бүкпей, ашып айтқан шығармасының бірін белгілеңіз.

A) ’’Жат қолында’’.

B) ’’Қазақ солдаты’’.

C) ’’Алғашқы адымдар’’.

D) ’’Ақан сері- Ақтоқты’’.

E) ’’Қос Шалқар’’.



23. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.

A) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.

B) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.

C) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.

D) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.

E) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.



24. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.

A) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.

B) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.

C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін

ойы.

D) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір



құбылыстарының түйіні.

E) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.



25. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.

A) «Диуани хикмат».

B) «Қисса-сул әнбия».

C) «Диуани лұғат ат-түрк».

D) «Хибатул-хақайық».

E) «Құтты білік».



26. ’’Айман-Шолпан’’ жыры аяқталар тұста Көтібар кім болатынын анықтаңыз.

A) Өкіл ата.

B) Нағашы.

C) Құда.


D) Ата.

E) Өкіл әке.



27. Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.

A) Ақсүйек.

B) Шаңқұтты.

C) Хан.


D) Өзі.

E) Би.


28. Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа…

Байлар ұрлық қылады,- деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.

A) «Бала зары».

B) «Насихат».

C) «Замана».

D) «Алдаушы жалған».

E) «Зар заман».



29. Ыстықкөл сапарына, Құлжаға бірге барған Шоқанның досын табыңыз.

A) Семенов-Тян-Шанский.

B) Дуров.

C) Достоевский.

D) Костылецкий.

E) Гонсевский.



30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып,шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.

A) Ауылдағы адамдарға жолықты.

B) Жер ананы құшақтап сүйе берді.

C) Шекарашыларға берілді.

D) Ата-бабалар зиратына құран оқыды.

E) Отырып тамақ ішті.








30 нұсқа


1. «Өтемістен туған он едік,

Онымыз атқа мінгенде,

Жер қайысқан қол едік...» ,- деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған, белгілеңіз.

A) «Әй, Махамбат жолдасым»

B) «Қызғыш құс»

C) «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны»

D) «Беркініп садақ асынбай»

E) «Ереуіл атқа ер салмай»



2. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

A) «Қыпшақ Сейітқұл»

B) «Өлең – сөздің патшасы»

C) «Әке мен бала»

D) «Ғылым таппай мақтанба»

E) «Өнер – білім бар жұрттар»



3. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.

A) «Сағындым».

B) «Пайғамбар».

C) «Жұртыма».

D) «Аққу, шортан һәм шаян».

E) «Жетісу суреттері».



4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.

A) Ақан сері.

B) Мардан.

C) Мәмбет.

D) Қарашаш.

E) Күйші.



5. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

A) «Балқаш».

B) «Сүт заводы».

C) «Шоқпыттың шаруасы».

D) «Кедей баласы».

E) «Майға сәлем!».



6. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.

A) Қорқыт.

B) А.Яссауи.

C) Ж.Баласағұн.

D) М.Қашқари.

E) С.Сараи.



7. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиетінің түрін белгілеңіз.

A) Мысал.

B) Ертегі.

C) Наурыз жыры.

D) Тұрмыс-салт жыры.

E) Айтыс.



8. Асанның:

’’Ердің құны болса да,



Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

A) Дәстүр, салт мәселесі.

B) Кешірімділік.

C) Қамқорлық.

D) Достық.

E) Жер мәселесі.



9. А.Құнанбаевтың «Аттың сыны» өлеңінен байқалатын ерекшелікті табыңыз.

A) Қазақ тіршілігін терең білетіні көрінеді.

B) Шыншыл, реалистігі сезіледі.

C) Суретшілігі анық көрінеді.

D) Шебер ақындығы байқалады.

E) Шебер ақындығының үстіне, білгір саятшы, сыншылығы көзге түседі.



10. ’’Қалың мал’’ романында: ’’Байдың қатыны өлсе,- төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе,- басы қаңғырар’’ дегендей, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең, қызын біреу өзі-ақ әкеп тастар,’’- деп жұбату айтушы кім екенін белгілеңіз.

A) Ауыл ақсақалдары.

B) Амантай.

C) Итбай.

D) Қарағұл.

E) Серғазы.



11. С.Сейфуллиннің Қазан қаласындағы «Матбуғат Кәримия» баспасында басылған жинағын табыңыз.

A) «Өткен күндер».

B) «Асау тұлпар».

C) «Қызыл ат».

D) «Домбыра».

E) «Экспресс».



12. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.

A) «Фантазия».

B) «Анау – аспан, мынау – бақ».

C) «Поэзия».

D) «Қара өлең».

E) «Мен таулықпын».


13. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін

образдар.

B) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.

C) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

D) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.

E) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.


14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

A) А.Бақтыгереева.

B) М.Шаханов.

C) Т.Молдағалиев.

D) Қ.Мырзалиев.

E) Т.Айбергенов.



15. ’’Қаңбақ шал’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін табыңыз.

- Кел, жердің ішек- қарынын шығарайық.

A) 1- дәу.

B) Шал.


C) Кемпір.

D) Түлкі.

E) 2- дәу.


16. ’’Алпамыс батыр’’ жырындағы қалмақ батырын табыңыз.

A) Қараман.

B) Қартқожақ.

C) Кейқуат.

D) Ұлтан.

E) Тайшық.



17. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз.

A) «Айман-Шолпан».

B) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

C) «Мақпал мен Сегіз».

D) «Күлше қыз».

E) «Қыз Жібек».



18. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.

A) Игі жақсыларды жинау.

B) Шұрайлы жер іздеу.

C) Саяхат жасау.

D) Өлеңдерін тарату.

E) Өзінің кәсібі.



19. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1465-1560 жж.

B) 1668-1781 жж.

C) 1706-1778 жж.

D) 1670-1730 жж.

E) 1675-1768 жж.



20. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.

A) Жазушы қиялынан туған.

B) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.

C) Өз басынан өткен.

D) Естіген хикаясы себеп болған.

E) Қысқы ауыл суреті әсер еткен.



21. Ғ.Мүсіреповтің 1950-70 жылдары аралығында жазған шығармасын белгілеңіз.

A) «Ақан сері-Ақтоқты».

B) «Ақлима».

C) «Амангелді».

D) «Өмір жорығы».

E) «Алғашқы адымдар».



22. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.

A) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.

B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.

C) Табиғат көркін суреттеу.

D) Бір адамның ұзақ сөзі.

E) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.



23. Найман-Ана аңызы Ш.Айтматовтың қай туындысында екенін табыңыз.

A) «Боранды бекет».

B) «Жан пида».

C) «Ерте қайтқан тырналар».

D) «Қош бол, Гүлсары».

E) «Ақ кеме».



24. Тау асып, тас басып, шекарадан өтіп, атамекеніне келіп жығылған шал туралы жазған жазушыны табыңыз.

A) Т.Әбдіков.

B) Д.Исабеков.

C) Қ.Жұмаділов.

D) Т.Әлімқұлұлы.

E) Ә.Тарази.



25. ’’Мұхаббат-наме’’ дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықтаңыз.

A) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.

B) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.

C) Түркі қағанаты дәуіріне.

D) Кеңес дәуіріндегі әдебиет.

E) Ислам дәуіріндегі әдебиет.



26. Шернияз:

Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.

A) Қарауылқожаға.

B) Жәнібекке.

C) Арынғазыға.

D) Баймағамбетке.

E) Жәңгірге.



27. Еркін жатқан қайран ел,

Дәулетің бейне шалқар көл…

Енді келіп қамалдың

Орыс салған қамалға…- деген өлең шумағының авторын табыңыз.

A) Ақтамберді.

B) Шортанбай.

C) Дулат.

D) Бұқар жырау.

E) Асан қайғы.


28. «Киім кисе, жеңі жоқ,

Етегі бар да, белі жоқ...

Ел биледі бір сымпыс

Екі бұты таралған»

Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз.

A) Әбубәкір Шоқанұлы.

B) Шортанбай Қанайұлы.

C) Мұрат Мөңкеұлы.

D) Абай Құнанбаев.

E) Міржақып Дулатов.



29. «Ақындарға» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Міржақып Дулатов.

B) Сәкен Сейфуллин.

C) Абай Құнанбаев.

D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

E) Ілияс Жансүгіров.



30. ’’Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,

Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды’’. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.

A) Мұсабек.

B) Мағжан.

C) Ақан сері.

D) Жамбыл.

E) Абай.






31 нұсқа


1. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.

Аққу ұшып көлге кетті.

Сұңқар ұшып шөлге кетті.

Ол адасып кеткен жоқ

Әркім барар жөнге кетті.

A) Той бастар.

B) Сыңсу.

C) Беташар.

D) Естірту.

E) Жар - жар.



2. Махамбет Өтемісұлының «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңі кімге арналғанын табыңыз.

A) Туған жеріне

B) Исатайға

C) Қарауылқожаға

D) Баймағамбетке

E) Жәңгір ханға



3. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.

A) М.Дулатов.

B) Ә.Бөкейханов.

C) Ы.Алтынсарин.

D) Ш.Уәлиханов.

E) А.Байтұрсынов.



4. Бейімбет Майлиннің қоғамдық маңызы үлкен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын поэмасын белгілеңіз.

A) «Байдың қызы».

B) «Жазғы қалып»

C) «Көңіл айту».

D) «Кемпірдің ертегісі».

E) «Ауылда».



5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.

A) Адамгершілік қасиет.

B) Табиғат, жер.

C) Білім, өнер.

D) Достық.

E) Кедейлердің аянышты халі.



6. Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз.

A) Гүлбаршын.

B) Назым.

C) Қаракөзайым.

D) Кенжекей.

E) Құртқа.



7. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образын белгілеңіз.

A) Қамар сұлу

B) Шолпан

C) Сұлушаш

D) Баян сұлу

E) Айман



8. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.

A) Жиембет.

B) Асан қайғы.

C) Махамбет.

D) Доспамбет.

E) Шалкиіз.



9. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.

A) Жайнақ.

B) Жарылғас.

C) Қанай.

D) Баймағанбет.

E) Орынбай.



10. Дулат Бабатайұлының туған жылын табыңыз.

A) 1802 ж.

B) 1904 ж.

C) 1874 ж.

D) 1835 ж.

E) 1892 ж.



11. Aбайдың қай қара сөзі тек афоризмдерден тұратынын анықтаңыз.

A) Бесінші.

B) Он тоғызыншы.

C) Отыз жетінші.

D) Он бесінші.

E) Үшінші.



12. Шәкәрім шығармасын табыңыз.

A) "Оянған өлке".

B) "Қалқаман-Мамыр".

C) "Ақбілек".

D) "Батыр Баян".

E) "Абай жолы".



13. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.

A) ²Орда².

B) ²Еңбекші қазақ².

C) ²Кедей сөзі².

D) ²Тіршілік².

E) ²Әдебиет майданы².



14. Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятында: «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!» деген жолдарды кімнің айтқанын табыңыз.

A) Ергеш.

B) Еркінбек.

C) Сұлтанмұрат.

D) Төреаға.

E) Анатай.



15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.

A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.

B) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.

C) Қорқыт ата.

D) ’’Құдатғу біліг’’.

E) ’’Мұхаббат-наме’’.



16. Алдар Көсенің шайтанды алдауына арналған аңыздарды сюжеті мен құрылысы жағынан әңгіменің қандай түріне жатқызуға болатынын көрсетіңіз.

A) Күлдіргі әңгіме.

B) Шытырман оқиғалы.

C) Қайғылы әңгіме.

D) Діни әңгіме.

E) Қорқынышты әңгіме.



17. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.

A) Эпиграмма, арнау жырлары.

B) Қара өлең.

C) Бейне өлең.

D) Баллада.

E) Ән өлең.



18. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.

A) Тәуке хан.

B) Жәңгір хан.

C) Қасым хан.

D) Абылай хан.

E) Есім хан.



19. Ы.Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз.

A) «Өнер-білім бар жұрттар»

B) «Қыпшақ Сейітқұл»

C) «Асыл шөп»

D) «Таза бұлақ»

E) «Кел, балалар, оқылық!»



20. "Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам".

А.Байтұрсынов осы жолдарды жазуға мәжбүр болған себебін анықтаңыз.

A) Ел мұңы.

B) Әкесінің ұсталуы.

C) Оқуға еріксіздігі.

D) Кедейлік.

E) Ғашықтық.



21. Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жерді табыңыз.

A) Ақтөбе.

B) Көкшетау.

C) Атырау.

D) Өскемен.

E) Павлодар.



22. «Күйші» поэмасындағы кейіпкерді табыңыз.

A) Жамал.

B) Сұлушаш.

C) Айша.


D) Қарашаш.

E) Лағыл.



23. Ғ.Мүсіреповтің ’’Қазақ солдаты’’ романы 1945 жылы алғаш қандай атпен жарық көрді?

A) ’’Ақлима’’.

B) ’’Ботагөз’’.

C) ’’Жұмбақ жалау’’.

D) ’’Қазақ батыры’’.

E) ’’Қазақ айнасы’’.



24. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз.

A) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.

B) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.

C) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.

D) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.

E) Табиғат көркін суреттеу.



25. Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз.

A) ’’Ақиқат сыйы’’.

B) ’’Мухаббат-наме’’.

C) ’’Хұсрау-Шырын’’.

D) ’’Хисса-сул әнбия’’.

E) ’’Кодекс куманикус’’.



26. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз:

Бай кедейді көрмейді,

Кедей байға ермейді.

Қызметін бір күн қылмаса,

Майлы сорпа бермейді.

A) Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы.

B) Табиғаттың тамаша көрінісі.

C) Бостандықтың туғандығы.

D) Өнер, оқу, білім.

E) Әйелдер теңсіздігі.



27. «Ботагөз» романының ақырында Ботагөздің атқан таңды қарсы алған жерін табыңыз.

A) Бурабай көлінің ортасындағы діңгек таста.

B) Сексенкөлдің ортасындағы діңгек таста.

C) Шалқар көлінің ортасындағы діңгек таста.

D) Шортанды көлінің ортасындағы діңгек таста.

E) Қалың орман ортасында.



28. Бенжамен Матиптің ²Қазақ - неткен ғажайып халық² деген пікірі қай шығарманы оқығаннан кейін туындағанын көрсетіңіз.

A) Ғ.Мүсірепов ²Қазақ солдаты².

B) С.Мұқанов ²Ботагөз².

C) М.Әуезов ²Қилы заман².

D) Ғ.Мұстафин ²Миллионер².

E) М.Әуезов ²Абай жолы².



29. «Көшпенділер» трилогиясының бас қаһарманын анықтаңыз.

A) Әке.


B) Әйелдер.

C) Халық.

D) Ерлер.

E) Ана.


30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.

A) Балалары туған жерге кетіп қалған.

B) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған.

C) Балалары жоқ адам.

D) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.

E) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.








32 нұсқа


1. Махамбет ақынның өлеңін табыңыз.

A) «Ғылым таппай, мақтанба».

B) «Қызғыш құс».

C) «Керей қайда барасың».

D) «Жал – құйрығы қаба деп».

E) «Жанбота».



2. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.

A) «Жетісу суреттері».

B) «Жұртыма».

C) «Сағындым».

D) «Аққу, шортан һәм шаян».

E) «Пайғамбар».



3. С. Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітіргенін табыңыз.

A) Орск.


B) Орынбор.

C) Алматы.

D) Қызылорда.

E) Шымкент.



4. Мына жолдарды айтқан қай пьесаның кейіпкері екенін табыңыз.

«Өз көңілімді барласам, дүниенің бәр дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос…Сауық құрам - ән сүйем, саят құрам – сән сүйем, жалын ұрам – жар сүйем.»

A) «Қарагөз» - Сырым.

B) «Ақан сері - Ақтоты» - Ақан.

C) «Қыз Жібек» - Төлеген.

D) «Айман-Шолпан» - Арыстан.

E) «Еңлік-Кебек» - Кебек.


5. М. Мақатаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1835 – 1865 ж.ж.

B) 1894 – 1938 ж.ж.

C) 1845 – 1904 ж.ж.

D) 1804 – 1846 ж.ж.

E) 1931 – 1976 ж.ж.



6. Хайуанаттар туралы ертегіні табыңыз.

A) «Аққудың күйі»

B) «Түлкі, аю, қойшы»

C) «Ер Төстік»

D) «Керқұла атты Кендебай»

E) «Тұлпар»



7. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образын белгілеңіз.

A) Айман


B) Қамар сұлу

C) Шолпан

D) Баян сұлу

E) Сұлушаш



8. Таза мінсіз асыл тас,

’’Су түбінде жатады.



Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады’’

Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.

A) Асан қайғы.

B) Ақтамберді.

C) Шалкиіз.

D) Доспамбет.

E) Қазтуған.


9. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.

A) «Интернатта оқып жүр»

B) «Өзен»

C) «Шәкірт ойы»

D) «Өнер-білім бар жұрттар»

E) «Кел, балалар, оқылық!»



10. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.

A) Мағауияға.

B) Әбдірахманға.

C) Құнанбайға.

D) Оспанға.

E) Ақылбайға.


11. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз.

A) «Жастарға».

B) «Бостандық туы жарқырап».

C) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».

D) «Ақындарға».

E) «Дүние мен өмір».



12. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.

A) 1925 ж.

B) 1927 ж.

C) 1926 ж.

D) 1930 ж.

E) 1920 ж.



13. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.

A) Оқиғалар арасындағы байланыс.

B) Адамның сырт бітімін суреттеу.

C) Бір адамның ұзақ сөзі.

D) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету.

E) Оқиға не оқиғалар жиынтығы.



14. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.

A) Орыс, қарашай.

B) Ұйғыр, тәжік, чуваш.

C) Татар, қырғыз, өзбек.

D) Түрік, құмық.

E) Қарақалпақ, араб.



15. Орхон-Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.

A) «Оғыз-наме».

B) «Диуани лұғат ат-түрік».

C) «Диуани хикмет».

D) «Құдатғу біліг».

E) «Күлтегін», «Тоныкөк».



16. ’’Алдар Көсе’’ аңызында майдың орнына қандай зат салынатынын анықтаңыз.

A) Сүйек.

B) Тулақ.

C) Ет.


D) Тезек.

E) Құрт.



17. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.

A) Мәлік Ғабдуллин.

B) Қасым Қайсенов.

C) Бауыржан Момышұлы.

D) Талғат Бигелдинов.

E) Рахымжан Қошқарбаев.



18. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Шалкиіз.

B) Жиембет.

C) Ақтамберді.

D) Қазтуған.

E) Шернияз.



19. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

A) “Жиырма деген жасыңыз”

B) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”

C) “Күмбір, күмбір кісінетіп”

D) “Асқар, асқар, асқар тау”

E) “Мұнар күн”



20. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.

A) Шернияз.

B) Шәңгерей.

C) Алмажан.

D) Мұрат.

E) Бекболат.



21. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.

A) М.Сералин.

B) С.Торайғыров.

C) С.Дөнентаев.

D) М.Әуезов.

E) С.Көбеев.



22. ...Бұрынғы өткен күніңді,

Берейін жырлап елге, анам.

Көргеніңді бүгінгі

Жаз, жаз, қалам, тер қалам...

Үзінді қай поэмадан алынғанын белгілеңіз.

A) ’’Гималай’’.

B) ’’Альбатрос’’.

C) ’’Күйші’’.

D) ’’Дала’’.

E) ’’Күй’’.


23. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.

A) «Этнографиялық әңгіме.»

B) «Кездеспей кеткен бір бейне».

C) «Боранды түнде».

D) «Ананың анасы».

E) «Боранда».



24. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз.

A) Синтаксистік параллелизм.

B) Интонация.

C) Теңеу.

D) Саз.

E) Ырғақ.



25. Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінетінін табыңыз.

A) Үш.


B) Алты.

C) Бес.


D) Төрт.

E) Сегіз.



26. Жерге қарай мал бітіп,

Малға қарай құт болмақ.

Қонысынан мал тайса,

Құты кетіп жұт болмақ, - деген кім, табыңыз.

A) Шортанбай

B) Мұрат


C) Төле би

D) Дулат


E) Әйтеке би

27. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.

A) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

B) Әбубәкір Шоқанұлы.

C) Шортанбай Қанайұлы.

D) Мағауия Абайұлы.

E) Мұрат Мөңкеұлы.



28. Ш.Уәлиханов 1857 жылы кімнің ұсынысымен орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болғанын белгілеңіз.

A) Г.Н.Потанин.

B) Ф.М.Достоевский.

C) С.Ф.Дуров.

D) Семенов-Тян-Шанский.

E) И.Н.Березин.



29. Қ.Мұхамеджанов қандай жазушымен бірігіп пьеса жазғанын табыңыз.

A) О.Сүлейменов.

B) Ә.Әбішев.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) Ш.Айтматов.

E) М.Әуезов.



30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып,шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.

A) Отырып тамақ ішті.

B) Жер ананы құшақтап сүйе берді.

C) Ата-бабалар зиратына құран оқыды.

D) Ауылдағы адамдарға жолықты.

E) Шекарашыларға берілді.








33 нұсқа


1. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.

A) Зұлқарнайын.

B) Жәңгір.

C) Өтеміс.

D) Исатай.

E) Бекмағамбет.



2. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.

A) «Талаптың пайдасы».

B) «Атымтай Жомарт».

C) «Әке мен бала»

D) «Қыпшақ Сейітқұл».

E) «Бай баласы мен кедей баласы»



3. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) І.Жансүгіров.

C) Б.Майлин.

D) М.Жұмабаев.

E) Ж.Жабаев.



4. Сәбит Мұқановтың туған жерін табыңыз.

A) Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы.

B) Алматы қаласы.

C) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы.

D) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы.

E) Шығыс Қазақстан облысы.



5. «Оянған өлке» романының авторын табыңыз.

A) Ж. Аймауытов.

B) М. Жұмабаев.

C) Ә. Сәрсенбаев.

D) С. Мұқанов.

E) Ғ. Мүсірепов.



6. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.

A) ’’Диуани хикмет’’.

B) ’’Оғыз-нама’’.

C) ’’Мұхаббат-наме’’.

D) ’’Құдатғу біліг’’.

E) ’’Кодекс-Куманикус’’.



7. Жаманға «Аяз би» деген атты кімнің қойғанын көрсетіңіз.

A) Нағашысы.

B) Әкесі.

C) Анасы.

D) Бес ханның елі.

E) Уәли бай.



8. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз.

A) Алпамыс.

B) Тортай.

C) Байбөрі.

D) Жәдігер.

E) Құлтай.



9. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.

A) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.

B) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’.

C) ’’Жазғытұры’’.

D) ’’Әкеме’’.

E) ’’Өзен’’.



10. «23 жоқтау», «Тіл жұмсар», «Оқу құрал» еңбектерінің авторын табыңыз.

A) Ш.Құдайбердіұлы.

B) Ж.Аймауытов.

C) М.Дулатов.

D) А.Байтұрсынұлы.

E) М.Жұмабайұлы.



11. ’’Қалың мал’’ романында: ’’Байдың қатыны өлсе,- төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе,- басы қаңғырар’’ дегендей, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең, қызын біреу өзі-ақ әкеп тастар,’’- деп жұбату айтушы кім екенін белгілеңіз.

A) Амантай.

B) Серғазы.

C) Қарағұл.

D) Итбай.

E) Ауыл ақсақалдары.



12. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.

A) «Анау – аспан, мынау – бақ».

B) «Қара өлең».

C) «Мен таулықпын».

D) «Фантазия».

E) «Поэзия».


13. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

A) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын

сипаттау.

B) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.

C) Оқиғаның болған жерін көрсету.

D) Табиғат көркін суреттеу.

E) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.


14. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) «Қатерлі өткел».

B) «Жанталас».

C) «Алмас қылыш».

D) «Ғашықтар».

E) «Қаһар».



15. Алдар көсе аңызында: - Естіген өтірік, көрген шындық,- деп айтатын кейіпкерді табыңыз.

A) Кемпір.

B) Бізбикеш.

C) Хан.


D) Алдар.

E) Бай.


16. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.

A) Шұрайлы жер іздеу.

B) Саяхат жасау.

C) Өлеңдерін тарату.

D) Игі жақсыларды жинау.

E) Өзінің кәсібі.



17. Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудың өзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) Қазтуған.

B) Асан қайғы.

C) Доспамбет.

D) Шалкиіз.

E) Бұқар.



18. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз.

A) 1675-1768 жж.

B) 1670-1730 жж.

C) 1465-1560 жж.

D) 1668-1781 жж.

E) 1706-1778 жж.



19. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.

A) Махамбетке.

B) Бөкей ханға.

C) Баймағамбет сұлтанға.

D) Ел-жұртқа.

E) Жәңгір ханға.



20. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы жаңашыл қыздардың аттарын табыңыз.

A) Раушан, Күлтай.

B) Аппақай, Күлтай.

C) Зылиха, Рысты.

D) Қамар, Жамал.

E) Жаңыл, Жәмила.



21. Қазақ поэмасына психологиялық талдау нақтылығын әкелген, оқиғалар тізбегіне баяндауды суреттеумен үйлестіруді жүзеге асырған І.Жансүгіровтің шығармасының атын табыңыз.

A) ’’Қырманда’’.

B) ’’Егінші’’.

C) ’’Көкшетау’’

D) ’’Тоғысу’’.

E) ’’Күйші’’.



22. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.

A) Экспозиция.

B) Пролог.

C) Шешім.

D) Кульминация.

E) Эпилог.



23. ²Өз басым өзге елге сапарға шыққанда өзіммен бірге алып жүрер екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі - ²Манас², бірі - М.Әуезовтің ²Абай жолы², - деген пікірдің авторын көрсетіңіз.

A) З.Қабдолов.

B) Ш.Айтматов.

C) М.Шаханов.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) С.Мұқанов.



24. О.Бөкейдің туған жерін есіңізге түсіріңіз.

A) Шығыс Қазақстан Қатонқарағай ауданы.

B) Семей. Абай ауданы.

C) Ақтөбе. Ырғыз ауданы.

D) Павлодар. Баянауыл ауданы.

E) Қызылорда. Қазалы ауданы.



25. Сайф Сараидың «Гүлстан бит-туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.

A) Он.


B) Жиырма.

C) Сегіз.

D) Он екі.

E) Алты.



26. Мәтелді табыңыз.

A) “Бірлік болмай, тірлік болмас”

B) “Ат – ер қанаты”

C) “Ырыс алды - ынтымақ”

D) “Көппен көрген ұлы той”

E) “Жердің сәні - егін”



27. Тарбағатай тауынан

Тоқсан сала қосылып,

Тоғыз өзен түйісіп,

Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.

A) «Арқалық аясында»

B) «Жетісу суреттері»

C) «Аягөз , қайда барасың?!»

D) «Тарланым»

E) «Толағай»


28. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.

A) Сәкен, Ілияс, Бейімбет.

B) Шортанбай, Дулат, Мұрат.

C) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан.

D) Қалижан, Ғафу, Мұқағали.

E) Ыбырай, Абай, Шоқан.



29. Шоқан Уәлиханов қай жылы Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысқанын көрсетіңіз.

A) 1851 ж.

B) 1850 ж.

C) 1853 ж.

D) 1855 ж.

E) 1856 ж.



30. «Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу» тіркестерінде Шәкәрім қандай көркем тәсілді қолданғанын белгілеңіз.

A) Метафора.

B) Антитеза.

C) Гипербола.

D) Эпитетті метонимия.

E) Теңеу.








34 нұсқа


1. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.

A) Абылай хан

B) Жолбарыс хан

C) Жәңгір хан

D) Тәуке хан

E) Әбілқайыр хан



2. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

A) «Қыпшақ Сейітқұл»

B) «Өнер – білім бар жұрттар»

C) «Әке мен бала»

D) «Өлең – сөздің патшасы»

E) «Ғылым таппай мақтанба»



3. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.

A) Достық.

B) Табиғат, жер.

C) Білім, өнер.

D) Адамгершілік қасиет.

E) Кедейлердің аянышты халі.



4. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

A) «Балқаш».

B) «Сүт заводы».

C) «Шоқпыттың шаруасы».

D) «Майға сәлем!».

E) «Кедей баласы».



5. Ғ. Мүсіреповтің туған өлкесін табыңыз.

A) Шығыс Қазақстан облысы.

B) Батыс Қазақстан облысы.

C) Солтүстік Қазақстан облысы.

D) Алматы қаласы.

E) Оңтүстік Қазақстан облысы.



6. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.

A) Қорқыт.

B) Күлтегін.

C) Білге.

D) Ұлық Түрік.

E) Тоныкөк.



7. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.

A) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы

B) Үнемшілдік жайында

C) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы

D) Отан, туған жер, халық туралы

E) Оқу, білім, өнер туралы



8. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.

A) Жай қоя салған.

B) Айналасына наразылықтан.

C) Өз басында қайғысы бар адам.

D) Мұңды адам.

E) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.



9. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Бұқар.

B) Шалкиіз.

C) Ақтамберді.

D) Доспамбет.

E) Қазтуған.



10. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.

A) Мақтаншақ, даңғой.

B) Даңққұмар, озбыр.

C) Тойымсыз, дүниеқоңыз.

D) Қара басының қамын ойлаушы.

E) Қанішер, жауыз.



11. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.

A) “Оян, қазақ”.

B) “Азамат”.

C) “Есеп құралы”.

D) “Қирағат”.

E) “Терме”.



12. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.

B) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.

C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.

D) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

E) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін

образдар.


13. Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен саналатын ақынды табыңыз.

A) О.Хайям.

B) Низами.

C) Айбек.

D) Рудаки.

E) Фирдоуси.



14. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.

A) І.Есенберлин.

B) Ш.Мұртаза.

C) Ә.Нүрпейісов.

D) О.Бөкей.

E) М.Шаханов.



15. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.

A) Аңыздан туған.

B) Қиялдан туған.

C) Типтік бейне.

D) Шыншыл бейне.

E) Сиқырлы бейне.



16. Алдар Көсенің шайтанды алдауы деген аңыздағы шайтандардың атын көрсетіңіз.

A) Зор-теке, Сор-теке.

B) Мүкен, Түкен.

C) Құлан, Түлен.

D) Әңкір, Мүңкір.

E) Шойынқұлақ, Көкеман.



17. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.

A) Шешендік өнер.

B) Жыраулық.

C) Күйшілік.

D) Термелік.

E) Айтыс.



18. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.

A) Эпиграмма, арнау жырлары.

B) Қара өлең.

C) Баллада.

D) Ән өлең.

E) Бейне өлең.



19. Алмажанның дастанын табыңыз.

A) “Бірінші тілек тілеңіз”

B) “Еспембет”

C) “Арнау өлеңдері”

D) “Баймағамбет сұлтанға айтқаны”

E) “Жетім қыз”



20. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз.

A) Қазақ даласына келген сауданы айыптау, елдің ақшаға құнығуын сынау.

B) Дінді сынау.

C) Оқу-білімге үндеу.

D) Кедейлерді күреске шақыру.

E) Орысша оқуға шақыру.



21. Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін анықтаңыз.

A) Ақмола.

B) Семей.

C) Көкшетау.

D) Кереку.

E) Қостанай.



22. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен » деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз.

A) «Көкшетау».

B) «Кім жазықты».

C) «Дала».

D) «Қалың мал».

E) «Қамар сұлу».



23. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.

A) Ж.Аймауытов.

B) М.Сералин.

C) Т.Жомартбаев.

D) С.Торайғыров.

E) С.Көбеев.



24. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.

A) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.

B) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.

C) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.

D) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.

E) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.



25. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз.

A) XV ғ.


B) XІІ ғ.

C) XІ ғ.


D) XІV ғ.

E) X ғ.



26. Дулат ақынның дүниеге келген жылын көрсетіңіз.

A) 1802 ж.

B) 1810 ж.

C) 1683 ж.

D) 1847 ж.

E) 1728 ж.



27. «Ақындарға» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Абай Құнанбаев.

B) Сәкен Сейфуллин.

C) Ілияс Жансүгіров.

D) Міржақып Дулатов.

E) Шәкәрім Құдайбердіұлы.



28. ’’Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас сері, дарқан,’’- деп, Ақан сері туралы айтқан ақынды белгілеңіз.

A) Олжас Сүлейменов.

B) Ілияс Жансүгіров.

C) Абай Құнанбаев.

D) Мұхтар Әуезов.

E) Мағжан Жұмабаев.


29. Баубек Бұлқышевтың «Өмір сүргім келеді» деген әңгіме-хатты жазғанда неше жаста екенін табыңыз.

A) Жиырма бірде.

B) Он тоғызда.

C) Жиырма үште.

D) Жиырмада.

E) Жиырма екіде.



30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.

A) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған.

B) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.

C) Балалары туған жерге кетіп қалған.

D) Балалары жоқ адам.

E) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.








35 нұсқа


1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1846 ж.

B) 1835 ж.

C) 1904 ж.

D) 1865 ж.

E) 1804 ж.



2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.

A) А.Байтұрсынұлы.

B) Ш.Құдайбердіұлы.

C) М.Жұмабаев.

D) Ж.Аймауытов.

E) М.Дулатов.



3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) Ж.Жабаев.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) Б.Майлин.

E) І.Жансүгіров.



4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.

A) Ақан сері.

B) Күйші.

C) Мардан.

D) Қарашаш.

E) Мәмбет.



5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.

A) Атырау қаласы.

B) Алматы қаласы.

C) Ақтау қаласы.

D) Павлодар қаласы.

E) Орал қаласы.



6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

A) Доспамбет.

B) Жиренше.

C) Жиембет.

D) Қазтуған.

E) Асан қайғы.



7. Асанның:

’’Ердің құны болса да,



Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

A) Дәстүр, салт мәселесі.

B) Жер мәселесі.

C) Кешірімділік.

D) Достық.

E) Қамқорлық.



8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.

A) Ы. Алтынсарин.

B) А. Байтұрсынов.

C) М. Тынышбаев.

D) Ш. Уәлиханов.

E) Х. Досмұхамедов.



9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1865 ж. Қостанайда.

B) 1864 ж. Торғайда.

C) 1865 ж. Орынборда.

D) 1863 ж. Ырғызда.

E) 1866 ж. Омбыда.



10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.

A) «Интернатта оқып жүр».

B) «Қалың елім, қазағым...»

C) «Әсемпаз болма әрнеге».

D) «Жасымда ғылым бар деп...»

E) «Ғылым таппай мақтанба».



11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.

A) "Ақбілек".

B) "Батыр Баян".

C) "Қалқаман-Мамыр".

D) "Оянған өлке".

E) "Абай жолы".



12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Б.Майлин.

B) С.Сейфуллин.

C) І.Жансүгіров.

D) Ж.Жабаев.

E) С.Мұқанов.



13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.

A) Нағима.

B) Ақлима.

C) Мәрзия.

D) Қапия.

E) Наталья.



14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

A) Т.Айбергенов.

B) Т.Молдағалиев.

C) Қ.Мырзалиев.

D) М.Шаханов.

E) А.Бақтыгереева.



15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.

A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.

B) ’’Құдатғу біліг’’.

C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.

D) ’’Мұхаббат-наме’’.

E) Қорқыт ата.



16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.

A) "Ұшқыш кілем".

B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".

C) "Ер Төстік".

D) "Керқұла атты Кендебай".

E) "Аяз би".



17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.

A) Елдің көңілін аудару амалы.

B) Айтыстың бір шарты.

C) Шабыт шақыру мақсаты.

D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.

E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.



18. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.

A) Абылай хан.

B) Жәңгір хан.

C) Қасым хан.

D) Тәуке хан.

E) Есім хан.



19. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген’’, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.

A) Махамбет.

B) Мұрат.

C) Шернияз.

D) Жанкісі.

E) Шортанбай.


20. «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге мазақ, қатты мінезді адам»- деген сипаттама «Қалың малдағы» (С.Көбеев) қай кейіпкерге лайық екенін көрсетіңіз.

A) Байғазы.

B) Құрымбай.

C) Итбай.

D) Тұрлығұл.

E) Амантай.



21. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.

A) Естіген хикаясы себеп болған.

B) Жазушы қиялынан туған.

C) Өз басынан өткен.

D) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.

E) Қысқы ауыл суреті әсер еткен.



22. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.

A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.

B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.

C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.

D) Бір адамның ұзақ сөзі.

E) Табиғат көркін суреттеу.



23. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.

A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.

B) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір

құбылыстарының түйіні.

C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін

ойы.


D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.

E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.



24. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат…» шығармасы прозаның қай түріне жататынын табыңыз.

A) Эпопея.

B) Әңгіме.

C) Повесть.

D) Эссе.

E) Роман.



25. ’’Мұхаббат-наме’’ дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықтаңыз.

A) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.

B) Ислам дәуіріндегі әдебиет.

C) Түркі қағанаты дәуіріне.

D) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.

E) Кеңес дәуіріндегі әдебиет.



26. Ай астына аспанға

Құрды бақан қақтырып,

Алтын теңге аттырып,

Теңгені атып түсірген ... – батыр қай сұлуды алады, табыңыз.

A) Құртқаны сұлу сол алар

B) Назымды сұлу сол алар

C) Гүлбаршынды сұлу сол алар

D) Баянды сұлу сол алар

E) Ақжүністі сұлу сол алар


27. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топты атаңыз.

A) Қалмақтар тобы.

B) Базарбай тобы.

C) Қарабай тобы.

D) Сарыбай тобы.

E) Қодар тобы.



28. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.

A) Дулат.

B) Шортанбай.

C) Бұқар.

D) Асан қайғы.

E) Шернияз.



29. Самаурын мен шайдың өзін қазақтың дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз құбылыс көрген ақындарды табыңыз.

A) Абай дәстүрін жалғастырушылар.

B) Ондайлар болған емес.

C) Зар заман ақындары.

D) Демократтық бағыттағы ақындар.

E) Романтик ақындар.



30. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы мазар орналасқан жерді атаңыз.

A) Жаңа өзен.

B) Сарыөзек.

C) Жерұйық.



D) Ош.

E) Тарбағатай.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет