1. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз. Туған жердей ел болмас



бет5/11
Дата15.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#137260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

13 нұсқа


1. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.

A) Зұлқарнайын.

B) Бекмағамбет.

C) Исатай.

D) Жәңгір.

E) Өтеміс.



2. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.

A) «Бай баласы мен кедей баласы»

B) «Талаптың пайдасы».

C) «Қыпшақ Сейітқұл».

D) «Әке мен бала»

E) «Атымтай Жомарт».



3. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.

A) Некрасов.

B) Герцен.

C) Байрон.

D) Гете.

E) Михаэлис.



4. «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің авторын белгілеңіз.

A) А.Байтұрсынұлы.

B) М.Әуезов.

C) С.Сейфуллин.

D) М.Дулатов.

E) Ғ.Тоғжанов.



5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.

A) Кедейлердің аянышты халі.

B) Білім, өнер.

C) Адамгершілік қасиет.

D) Табиғат, жер.

E) Достық.



6. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.

A) Қорқыт.

B) А.Яссауи.

C) С.Сараи.

D) Ж.Баласағұн.

E) М.Қашқари.



7. «Алтын сақа» ертегісінде жанынан қорыққан байдың жалмауызға бермек болған нәрсесін атаңыз.

A) Жылқысын.

B) Алтын сақасын.

C) Дүниесін.

D) Жанын.

E) Жалғыз баласын.



8. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз.

A) Тортай.

B) Құлтай.

C) Жәдігер.

D) Алпамыс.

E) Байбөрі.



9. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.

A) Жұмбақ айтысы.

B) Жар-жар айтысы.

C) Ақындар айтысы.

D) Жануарлар мен адам айтысы.

E) Бәдік айтысы.



10. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.

A) Мұңды адам.

B) Өз басында қайғысы бар адам.

C) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.

D) Айналасына наразылықтан.

E) Жай қоя салған.



11. Дулат Бабатайұлының өмір сүрген жылдарын табыңыз

A) 1818 – 1881 ж.ж.

B) 1802 – 1874 ж.ж.

C) 1846 – 1945 ж.ж.

D) 1803 – 1846 ж.ж.

E) 1857 – 1931 ж.ж.



12. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.

A) «Поэзия».

B) «Мен таулықпын».

C) «Фантазия».

D) «Қара өлең».

E) «Анау – аспан, мынау – бақ».


13. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

A) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.

B) Табиғат көркін суреттеу.

C) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын

сипаттау.

D) Оқиғаның болған жерін көрсету.

E) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.


14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.

A) Ашаршылықтан құтылу үшін.

B) Жаулардан құтылу үшін.

C) Туысқандарына жолығу үшін.

D) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін.

E) Туған жерге жетіп өлу үшін.



15. Алдар көсе аңызында: - Естіген өтірік, көрген шындық,- деп айтатын кейіпкерді табыңыз.

A) Бай.


B) Кемпір.

C) Бізбикеш.

D) Хан.

E) Алдар.



16. ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’ қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.

A) Жиембет.

B) Шалкиіз.

C) Доспамбет.

D) Асан қайғы.

E) Қазтуған.



17. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.

A) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”

B) “Күмбір, күмбір кісінетіп”

C) “Мұнар күн”

D) “Асқар, асқар, асқар тау”

E) “Жиырма деген жасыңыз”



18. «Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен » деген үзінді қай шығармадан алынғандығын табыңыз.

A) «Кім жазықты».

B) «Көкшетау».

C) «Қамар сұлу».

D) «Қалың мал».

E) «Дала».



19. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы жаңашыл қыздардың аттарын табыңыз.

A) Аппақай, Күлтай.

B) Зылиха, Рысты.

C) Жаңыл, Жәмила.

D) Раушан, Күлтай.

E) Қамар, Жамал.



20. Қазақ поэмасына психологиялық талдау нақтылығын әкелген, оқиғалар тізбегіне баяндауды суреттеумен үйлестіруді жүзеге асырған І.Жансүгіровтің шығармасының атын табыңыз.

A) ’’Қырманда’’.

B) ’’Күйші’’.

C) ’’Көкшетау’’

D) ’’Тоғысу’’.

E) ’’Егінші’’.



21. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы жазылған жылды табыңыз.

A) 1930 ж.

B) 1928 ж.

C) 1932 ж.

D) 1921 ж.

E) 1920 ж.



22. Ғ.Мүсірепов «Шұғыла» әңгімесінде шұғыла деп нені айтқанын табыңыз.

A) Кемпірқосақты айтады.

B) Күн сәулесін бейнелейді.

C) Аспан әлемін суреттейді.

D) Қардан қаланған «аққаланы»айтады.

E) Сібір шұғыласын айтады.



23. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.

A) Пролог.

B) Кульминация.

C) Экспозиция.

D) Эпилог.

E) Шешім.



24. Найман-Ана аңызы Ш.Айтматовтың қай туындысында екенін табыңыз.

A) «Жан пида».

B) «Ерте қайтқан тырналар».

C) «Ақ кеме».

D) «Қош бол, Гүлсары».

E) «Боранды бекет».



25. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.

A) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.

B) Ислам дәуіріндегі әдебиет.

C) Хандық дәуіріндегі әдебиет.

D) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.

E) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.



26. Шернияз:

Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.

A) Жәнібекке.

B) Жәңгірге.

C) Арынғазыға.

D) Баймағамбетке.

E) Қарауылқожаға.



27. Алтын, күміс тас болар.

Арпа, бидай ас болар,

Бірігіп жан тусаң да,

Қарап та жүріп қас болар, -деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.

A) «Бала зары».

B) «Насихат».

C) «Зар заман».

D) «Замана».

E) «Алдаушы жалған».



28. Шоқан Уәлиханов қай жылы Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысқанын көрсетіңіз.

A) 1851 ж.

B) 1850 ж.

C) 1856 ж.

D) 1853 ж.

E) 1855 ж.



29. «Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу» тіркестерінде Шәкәрім қандай көркем тәсілді қолданғанын белгілеңіз.

A) Гипербола.

B) Метафора.

C) Эпитетті метонимия.

D) Теңеу.

E) Антитеза.



30. Т.Әлімқұлұлы «Қараойға ертеде ат шалдыртыпты-мыс,”- деп, Махамбеттен басқа қай батырдың атын атайтынын табыңыз.

A) Алпамыс.

B) Қамбар.

C) Арқалық.

D) Ер Тарғын.

E) Қобыланды.








14 нұсқа


1. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.

A) Әбілқайыр хан

B) Жолбарыс хан

C) Тәуке хан

D) Абылай хан

E) Жәңгір хан



2. Абайға жеңгелері қойған атты белгілеңіз.

A) Телғара.

B) Әбіш

C) Әбеке.



D) Абай.

E) Ибраһим.



3. Қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың, әдебиет теориясының негізін салушы кім екенін белгілеңіз.

A) А.Байтұрсынұлы.

B) Б.Майлин.

C) І.Жансүгіров.

D) М.Жұмабаев.

E) С.Сейфуллин.



4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.

A) Ақан сері.

B) Күйші.

C) Қарашаш.

D) Мардан.

E) Мәмбет.



5. Сәбит Мұқановтың туған жерін табыңыз.

A) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы.

B) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы.

C) Шығыс Қазақстан облысы.

D) Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы.

E) Алматы қаласы.



6. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері екенін атаңыз.

A) «Ұшқыш кілем».

B) «Ер Төстік».

C) «Кер құла атты Кендебай».

D) «Алтын сақа».

E) «Аяз би».



7. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.

A) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы

B) Отан, туған жер, халық туралы

C) Оқу, білім, өнер туралы

D) Үнемшілдік жайында

E) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы



8. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

A) Доспамбет.

B) Асан қайғы.

C) Жиренше.

D) Жиембет.

E) Қазтуған.



9. Асанның:

’’Ердің құны болса да,



Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

A) Кешірімділік.

B) Достық.

C) Дәстүр, салт мәселесі.

D) Қамқорлық.

E) Жер мәселесі.



10. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Ақтамберді.

B) Доспамбет.

C) Бұқар.

D) Шалкиіз.

E) Қазтуған.



11. Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.

A) «Интернатта оқып жүр»

B) «Өзен»

C) «Кел, балалар, оқылық!»

D) «Шәкірт ойы»

E) «Өнер-білім бар жұрттар»



12. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.

A) Қарақалпақ, араб.

B) Түрік, құмық.

C) Ұйғыр, тәжік, чуваш.

D) Татар, қырғыз, өзбек.

E) Орыс, қарашай.



13. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.

A) М.Шаханов.

B) Ш.Мұртаза.

C) Ә.Нүрпейісов.

D) І.Есенберлин.

E) О.Бөкей.



14. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.

A) Жаулардан қашып келеді.

B) Туған жеріне келеді.

C) Адасып келеді.

D) Түрмеден қашып келеді.

E) Мал ұрлау үшін келеді.



15. XV-XVІІІ ғасырлардағы жыраулар мұрасы бір жүйеге келтіріліп, текстологиялық екшеуден өткізіліп, алғаш қандай еңбекте жарияланғанын анықтаңыз.

A) ’’Жырау поэзиясы’’.

B) ’’Бес ғасыр жырлайды’’.

C) ’’Алдаспан’’ антологиясы.

D) ’’Қазақ әдебиеті’’.

E) ’’Әдебиет тарихы’’.



16. ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’ поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгілеңіз.

A) Танаш.

B) Тайлақ.

C) Көтібар.

D) Айбас.

E) Тазша.



17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.

A) Шабыт шақыру мақсаты.

B) Елдің көңілін аудару амалы.

C) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.

D) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

E) Айтыстың бір шарты.



18. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.

A) Махамбетке.

B) Жәңгір ханға.

C) Ел-жұртқа.

D) Бөкей ханға.

E) Баймағамбет сұлтанға.



19. «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге мазақ, қатты мінезді адам»- деген сипаттама «Қалың малдағы» (С.Көбеев) қай кейіпкерге лайық екенін көрсетіңіз.

A) Құрымбай.

B) Байғазы.

C) Амантай.

D) Итбай.

E) Тұрлығұл.



20. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.

A) М.Сералин.

B) Т.Жомартбаев.

C) Ж.Аймауытов.

D) С.Торайғыров.

E) С.Көбеев.



21. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.

A) Қысқы ауыл суреті әсер еткен.

B) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.

C) Жазушы қиялынан туған.

D) Естіген хикаясы себеп болған.

E) Өз басынан өткен.



22. Ғ. Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаң-бұлтарысын бүкпей, ашып айтқан шығармасының бірін белгілеңіз.

A) ’’Қазақ солдаты’’.

B) ’’Алғашқы адымдар’’.

C) ’’Қос Шалқар’’.

D) ’’Жат қолында’’.

E) ’’Ақан сері- Ақтоқты’’.



23. Ғ.Мұстафиннің’’Қарағанды’’ романында қандай мәселе әңгімеленетінін табыңыз.

A) Қазан төңкерісі.

B) Қазақ ауылының тұрмысы.

C) Жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы.

D) Білімдендіру, сауаттандыру мәселесі.

E) Колхоздастыру кезеңі.



24. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.

A) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін

ойы.

B) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.



C) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.

D) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.

E) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір

құбылыстарының түйіні.



25. Ежелгі түркі жеріндегі әйел тәңірі кім болғанын жазыңыз.

A) Томирис.

B) Домалақ ана.

C) Айша-бибі.

D) Ұмай ана.

E) Елбілге.



26. Еркін жатқан қайран ел,

Дәулетің бейне шалқар көл…

Енді келіп қамалдың

Орыс салған қамалға…- деген өлең шумағының авторын табыңыз.

A) Дулат.

B) Ақтамберді.

C) Бұқар жырау.

D) Шортанбай.

E) Асан қайғы.


27. Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа…

Байлар ұрлық қылады,- деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.

A) «Алдаушы жалған».

B) «Насихат».

C) «Замана».

D) «Зар заман».

E) «Бала зары».



28. «Ақындарға» өлеңінің авторын табыңыз.

A) Абай Құнанбаев.

B) Ілияс Жансүгіров.

C) Сәкен Сейфуллин.

D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

E) Міржақып Дулатов.



29. ’’Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас сері, дарқан,’’- деп, Ақан сері туралы айтқан ақынды белгілеңіз.

A) Мағжан Жұмабаев.

B) Абай Құнанбаев.

C) Мұхтар Әуезов.

D) Олжас Сүлейменов.

E) Ілияс Жансүгіров.


30. "Жеті жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты.

Жай оғынан кейін емес,

Темірден де өткізеді,

Күндік жерге жеткізеді."

Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.

A) Теңеу.

B) Аллегория.

C) Гипербола.

D) Метафора.

E) Эпитет.






15 нұсқа


1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.

A) 1835 ж.

B) 1846 ж.

C) 1865 ж.

D) 1904 ж.

E) 1804 ж.



2. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

A) «Қыпшақ Сейітқұл»

B) «Өлең – сөздің патшасы»

C) «Өнер – білім бар жұрттар»

D) «Әке мен бала»

E) «Ғылым таппай мақтанба»



3. Абайдың ән құдіретін жырлаған өлеңін көрсетіңіз.

A) «Ғылым таппай мақтанба».

B) «Бойы бұлғаң».

C) «Құлақтан кіріп бойды алар».

D) «Өлсем, орным қара жер».

E) «Кейде есер көңіл құрғырың».



4. С. Мұқановтың қазақ ауылы кедейлерінің типтік бейнесін танытқан өлеңін табыңыз.

A) «Балқаш».

B) «Майға сәлем!».

C) «Сүт заводы».

D) «Шоқпыттың шаруасы».

E) «Кедей баласы».



5. 1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы қай пьесамен ашылғанын көрсетіңіз.

A) «Айман – Шолпан»

B) «Түнгі сарын»

C) «Еңлік – Кебек»

D) «Қарақыпшақ Қобыланды»

E) «Қарагөз»



6. Ертегі кейіпкерін табыңыз.

A) Баян.


B) Қарашаш.

C) Құртқа.

D) Таңсық.

E) Күнікей.



7. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.

A) А. Байтұрсынов.

B) Ш. Уәлиханов.

C) Ы. Алтынсарин.

D) М. Тынышбаев.

E) Х. Досмұхамедов.



8. Шәкәрім шығармасын табыңыз.

A) "Оянған өлке".

B) "Абай жолы".

C) "Ақбілек".

D) "Қалқаман-Мамыр".

E) "Батыр Баян".



9. ’’Қалың мал’’ романында: ’’Байдың қатыны өлсе,- төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе,- басы қаңғырар’’ дегендей, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең, қызын біреу өзі-ақ әкеп тастар,’’- деп жұбату айтушы кім екенін белгілеңіз.

A) Ауыл ақсақалдары.

B) Қарағұл.

C) Серғазы.

D) Итбай.

E) Амантай.



10. Ғ. Мүсірепов жұмысшы факультетіне (рабфакқа) оқуға қай қалада түскенін белгілеңіз.

A) Алматы.

B) Қызылжар.

C) Ақтөбе.

D) Орынбор.

E) Семей.



11. Ғ.Мұстафиннің өзі романтикалық шығарма деп бағалаған туындысын атаңыз.

A) ’’Құлаған құз’’.

B) ’’Миллионер’’.

C) ’’Дауылдан кейін’’.

D) ’’Шығанақ’’.

E) ’’Күлмеген адам’’.



12. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.

A) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін

образдар.

B) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.

C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.

D) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.

E) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.


13. М.Әуезов пен Р.Ғамзатов арасындағы байланысты табыңыз.

A) Достық байланыс.

B) Үлкен сыйласым.

C) Туысқандық қатынас.

D) Рухани үндестік.

E) Жақсы жолдастық.



14. «Әпке» деп аталатын, Қамажай, Омар, Темірбек, Нәзила, Кама атты кейіпкерлері бар пьесаның авторын табыңыз.

A) Д.Исабеков.

B) Қ.Мұқаметжанов.

C) Б.Римова.

D) Р.Мұқанова.

E) И.Сапарбай.



15. Әділет, дәулет, ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұламаны табыңыз.

A) З.Бабыр.

B) А.Яссауи.

C) М.Қашқари.

D) С.Сараи.

E) Ж.Баласағұн.



16. Алдар Көсенің шайтанды алдауы деген аңыздағы шайтандардың атын көрсетіңіз.

A) Шойынқұлақ, Көкеман.

B) Құлан, Түлен.

C) Мүкен, Түкен.

D) Зор-теке, Сор-теке.

E) Әңкір, Мүңкір.



17. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз.

A) «Қыз Жібек».

B) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

C) «Күлше қыз».

D) «Мақпал мен Сегіз».

E) «Айман-Шолпан».



18. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.

A) Саяхат жасау.

B) Өлеңдерін тарату.

C) Өзінің кәсібі.

D) Шұрайлы жер іздеу.

E) Игі жақсыларды жинау.



19. ’’Кенелемін деген жігіттің

Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер,’’- қай шығарманың үзіндісі екенін анықтаңыз.

A) ’’Ор, ор қоян, ор қоян’’.

B) ’’Жауынды күні көп жүрме’’.

C) ’’Жел, жел есер, жел есер’’.

D) ’’Қоғалы көлдер, қом сулар’’.

E) ’’Шағырмақ бұлт жай тастар’’.


20. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.

A) 1465-1560 жж.

B) 1817-1881 жж.

C) 1670-1730 жж.

D) 1706-1778 жж.

E) 1675-1769 жж.



21. Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін анықтаңыз.

A) Кереку.

B) Семей.

C) Ақмола.

D) Көкшетау.

E) Қостанай.



22. Қару-жарақ аттары, теңізшілік терминдері және түрлі неологизмдерді шығармаларында көп пайдаланған ақынды белгілеңіз.

A) Ә.Сәрсенбаев.

B) А.Байтұрсынұлы.

C) С.Мұқанов.

D) Т.Жароков

E) С.Сейфуллин.



23. «Күйші» поэмасындағы кейіпкерді табыңыз.

A) Қарашаш.

B) Лағыл.

C) Жамал.

D) Айша.

E) Сұлушаш.



24. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.

A) Бір адамның ұзақ сөзі.

B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.

C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.

D) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.

E) Табиғат көркін суреттеу.



25. Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінетінін табыңыз.

A) Төрт.


B) Бес.

C) Үш.


D) Сегіз.

E) Алты.



26. Мәтелді табыңыз.

A) “Ат – ер қанаты”

B) “Бірлік болмай, тірлік болмас”

C) “Жердің сәні - егін”

D) “Көппен көрген ұлы той”

E) “Ырыс алды - ынтымақ”



27. Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.

A) Өзі.


B) Шаңқұтты.

C) Ақсүйек.

D) Би.

E) Хан.



28. Тауды екіге жарасың,

Тастың қашап арасын.

Кесіп өтіп кезеңді,

Аягөз, қайда барасың?

Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз.

A) Абай.


B) Дулат.

C) Шернияз.

D) Жамбыл.

E) Шөже.



29. «Киім кисе, жеңі жоқ,

Етегі бар да, белі жоқ...

Ел биледі бір сымпыс

Екі бұты таралған»

Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз.

A) Әбубәкір Шоқанұлы.

B) Шортанбай Қанайұлы.

C) Мұрат Мөңкеұлы.

D) Міржақып Дулатов.

E) Абай Құнанбаев.



30. Қ.Мұхаметжановтың пьесасын көрсетіңіз.

A) ’’Беу, қыздар-ай’’.

B) ’’Ажар мен ажал’’.

C) ’’Қуырдақ дайын’’.

D) ’’Майра’’.

E) ’’Сәуле’’.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет