1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет18/27
Дата01.10.2022
өлшемі491 Kb.
#461734
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
лекции-Маркетинг-каз

1. Бағаның атқаратын қызметтері.
Маркетинг кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Соның нәтижесінде коммерциялық фирма әрекетінің түпкі нәтижесі көбінесе бағаға байланысты. Дұрыс таңдалынып алынған баға стратегиясы тауардың бәсекелестік қабілетіне және кәсіпорынның өндіру-өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін тигізеді.
Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын бес қызметі белгілі:

  1. Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететінін көрсетеді. Тауарды өндіру үшін қанша еңбек, шикізат, материалдар, басқа да өндірі құрал-жабдықтары жұмсалғанын баға арқылы анықталады.

  2. Ынталандыру қызметінің мәні әртүрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады.

  3. Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды. Бұнда баға арқылы ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді.

  4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс аралығындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді.

  5. Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі.




  1. Бағаға әсер ететін факторлар.

Бағаға әсерететін негізгі факторлар:шығындар, тұтынушылар, тауар қозғалысына қатынасушылар, бәсекелестер және мемлекет.


1.Шығындар түпкі бағаға аса қатты әсер етеді.Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге, транспортқа,қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты.Бұл шығындар бағаны белгілеу кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейі белгіленеді.
2.Тұтынушылар.Баға және сату көлемінің өзара тәуелділігін екі есеппен түсіндіруге болады.1.Сұраныс пен ұсыныс заңның әрекеті және баға икемділігі;
2.Әртүрлі нарық сигменттері тұтынушыларының бағаға деген жауап әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет