2. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника Мәдениет - адамдардың іс әрекеті белгілі бір саланың жетілуі деңгейі сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті т.б.
Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.
Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері (пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру.
Саяси мәдениет – белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жұмыстар сөз болып келеді. Бірқатар зерттеушілер тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі екенін айтады.
Құқық – мораль, саясат, экономика, өнер сияқты мәдениеттің ажырамас бөлігі.Құқық – сан қырлы түсінік. Ол үш түрлі мағнада қолданылады. Алғашқысы – қоғамдағы аса маңызды қатынастарды реттейтін нормалар жиыны және оларды бұзғандығы үшін мемлекет айып салады. Екінші мағнасы – жеке мүмкіндік, бұл мүмкіндікке заң кепіл береді. Бұл жерде әңгіме ар – ождан, дін бостандығы, еңбек ету, білімалу сияқты адам құқықтары туралы болып отыр.
Мораль – қоғамдық сананың көне формасы. Ол дін, өнер пайда болғанға дейін сонау алғашқы қауымдық қоғамда пайда болды. Мораль ненің не екенін ажырата, не істеуі керектігін біле бастаған уақытта пайда болды. Мораль кәзіргі әлемді екінші әлеммен , қағидасы орындалуға тиісті әлеммен өзгертуге ұмтылатын айрықша ерекшелік.Болуға тиісті жүріс-тұрыс мұратын анықтайтын құндылықтар жүйесі мораль деп аталады.
Ғылым – адам қызметінің және мәдениеттің саласы.Оның міндеті ақиқат туралы объективті білімдерді әзірлеу және теориялық жүйелеу болып табылады.Ғылыми таным бірқатар принциптерге негізделген.Ол принциптер ақиқатқа жетудің ғылыми көзқарасын және ғылыми танымның түрлерін анықтап, нақтылайды, жеткілікті талданған өзіндік ғылыми көзқарастың кейбір ерекшеліктерін белгілейді. Ғылым этикасы-жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді өрелі бағыт. Ол ғылыми қызметтің әлеуметтік – этикалық және гуманистік проблемаларын талдап, зерттейді.