ПӘНІҢ ОҚыту бойынша әдістемелік нҰсқаулар



Дата24.02.2016
өлшемі202.89 Kb.
#17982
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

Қазақстанның саяси тарихы



ПӘНІҢ ОҚЫТУ БОЙЫНША әдістемелік нҰсқаулар
5В050200 Саясаттану мамандығының студенттеріне арналған

Дәріскер: Каппасова Гульсара Маданиевна

Павлодар
«Саяси тарих» пәнді оқу барысында келесі тақырыптармен және мазмұнымен танысасыз

1 тақырып Кіріспе. Әлемдік тарихтын өркениеттік-типологиялық, «кеңістік» өлшемдері.

Полистік Грецияның саяси тарихы. Көне Грециядағы саяси ойлар. Олардың тарихи және георграфиялық жағынан ерекшелігі. Афинадағы құлиеленушілік демократияның саяси ұйымдастыруы. Спартаның саяси ұйымдастыруы. Көне Римдегі саяси ойлар. Рим аристократиялық республиканың саяси ұйымдастыруы. Империя кезеңіндегі Римнің мемлекеттік құрылымы. Римдік құқықтың негізгі даму кезеңдері мен эволюциясы.

2 тақырып Еуропа және Америка елдері ХVIIғ. екінші жартысы мен XIII ғ. саяси тарихы.

Ортағасырдағы саяси ілімдер. Феодалдық Германияның саяси тарихы. Феодалдық Англияның саяси тарихы. Ортағасырлық Ресейдің саяси тарихы. Феодалдық Италияның саяси тарихы. Голландия. АҚШ. Отарлар мен метрополиялар аралығындағы қарама-қайшылықтың күшею себептері. Қарулы көтерілістің басталуы және тәуелсіздіктің жариялануы. Франция. Людовик ХІV тұсындағы француз абсолютизмі. Франциядағы ХVIІI ғ. феодалдық қатынастардың ерекшеліктері, сеньориалдық реакция.

3 тақырып Еуропа мен Америка елдері 1815-1860 жж. Халықаралық қатынастар 1815-1860жж.

Парламенттік кабинеттер. Виги және торилар-саяси партиялардың эволюциясы. Ағылшындар мен француздардың отар жаулап алуға байланысты бәсекелестігі. Австрия империясы. Португалия. Ресей. АҚШ. Революциялық азамат соғысы (1863-1865 жж.). солтүстіктің жеңісі. Президенттік биліктің күшеюі.

4 тақырып Еуропа мен Америка елдері 1870-1918 жж. ХІХғ. аяғында ХХ басында халықаралық қатынастар.

Жергілікті басқаруды реформалау. Саяси жүйенің әлеуметтік базасының кеңеюі. Саяси мәдениет деңгейінің өсуі. Сайлауға қатысушылардың көбеюі. Жұмысшы табының саяси аренаға шығыуы. Әлеуметтік реформизм. Әлемдік саяси кеңістіктің бірлігі және жетекші әлемдік державаладың қарым-қатынасындағы шиеленістің күшеюі. Дүниенің территориялық жағынан бөлістің аяқталуы және ықпал ету аймағы үшін күрестің басталуы.

5 тақырып Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау.

Отарлық империяның қалыптасуы. Феодализмнан капитализмге ауысу. Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау. Социал-демократиялық қозғалыстың эволюциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың авторитарлық қоғамның жүйелердің қалыптасуына, коммунистік, фашистік, анархистік идеялардың тарауына және батыс қоғамының психологиясына әсері. Батыс елдеріндегі саяси процестердің даму ерекшеліктері және 20-30 жж. Мемлекеттік-саяси даму модельдерінің көп түрлілігі.

6 тақырып Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа елдері. Соғыстың қортындысы.

Антигитлерлік каолицияның қалыптасу мәселесі. Италия мен Германиядағы фашизм жеңісінің себептері. «Берлин – Рим - Токио» осі.

7 тақырып Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.

Батыс теориялары. «Ұйымдаспаған», «өзгерген» (трансформацияланған) капитализм концепциясы, неокапитализм. Капитализмнің қазіргі марксистік ұғымы.

8 тақырып ХХғ. екінші жартысында интеграциялық процестер. Еуропалық интеграция.

Солтүстікамерикалық интеграция Маастрихт келісімінің ролі (1991 ж.). «Евро» - ортақ валюта. Қазіргі саясаты. Басқа ұйымдармен қарым-қатынасы. Еуропаның бірігу процесінің қиындықтары мен жетістіктері. Латын Америкасындағы, Австралиядағы, Жаңа Зеландиядағы, Орталық және Шығыс Еуропадағы, ТМД, Азия және Африкадағы интеграциялық процестер мен блоктар.

9 тақырып Еуропа мен Америка елдерінің ХХғ. екінші жартысында саяси дамудың негізгі бағыттары.Халықаралық жұмысшы, демократиялық және социал-демократиялық қозғалыстар.

Әлемдік кәсіподақ орталықтары және олардын эволюциясы. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұйымының қызметі. Қазіргі еңбек стандарттары. Дүниедегі ірі социал-демократиялық партиялар. Олардың бағдарламаларының эволюциясы. Коммунистік қозғалыстың күреуі. «Еурокоммунизмнің» тағдыры.

10 тақырып Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.

Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жиналысы (1975 ж.). Қарулану жарысы. «Жұлдызды соғыстар». Қарусыздану процесі. Ядролық ғасырдағы жаңаша ойлау. Экстремизм және терроризм мәселелері.

11 тақырып АҚШ 1945ж. ХХІғ.Ұлыбритания, Испания және Франция мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаты.

Ядролық қаруды тараптау жөніндегі келісім. Жұмысшы және демократиялық қозғалыс. Республикашыл Дж.Буштың (кіші) әкімшілігі (2000-2004). Ұлыбританияның соғыстан кейінгі салдары. Национализация және әлеуметтік заңдар. Консервативті кабинеттер. Лейбористік оппозиция. АҚШ-пен ерекше қатынастары.

12 тақырып Соғыстан кейінгі ГФР, Италия, КСРО және Ресей. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.

А.Суарестің үкіметі. «Монклоа пакті» (1977 ж.) демократиялық орталық одағы-либерал-буржуазиялық коалицияның билігі. Португалияның «Органикалық демократия» және А.Салазар режимінің либералдануы. Сабақтастық пен эволюция саясаты. Демократиялық автономия, денационализация.
«Саяси тарих» пәннің дәріс сабағының мазмұны

1 тақырып Кіріспе. Әлемдік тарихтын өркениеттік-типологиялық, «кеңістік» өлшемдері.

1 Саяси тарихтың пәні, әдістері және қызметтері

2 Әлемдік саяси тарихтың шеңберінде саяси тарихтың кеңестік және уақыттық өлшемі.

Әлемдік үрдістердің типологиясы және қоғамдық ғылымдарда олардың талдауы. Саяси білімнің ерекшелігі. Саяси әлемнің танып білуге ерекше әдіс-тәсілдер. Әлемдік саяси тарихтың шеңберінде саяси тарихтың кеңестік және уақыттық өлшемі.

Полистік Грецияның саяси тарихы. Көне Грециядағы саяси ойлар. Олардың тарихи және георграфиялық жағынан ерекшелігі. Афинадағы құлиеленушілік демократияның саяси ұйымдастыруы. Спартаның саяси ұйымдастыруы. Көне Римдегі саяси ойлар. Рим аристократиялық республиканың саяси ұйымдастыруы. Империя кезеңіндегі Римнің мемлекеттік құрылымы. Римдік құқықтың негізгі даму кезеңдері мен эволюциясы.

2 тақырып Еуропа және Америка елдері ХVIIғ. Екінші жартысы мен XIII ғ. саяси тарихы.

1 абсолютизм, оның әлеуметтік табиғаты және сипаттық белгілері.

2 Француз төңкерісі және оның нәтижесі.

17ғ. екінші жартысындағы «Білімді абсолютизм» саясаты, оның негізгі себептері және әлеуметтік –экономикалық мазмұны.17 ғ. феодалдық-абсолютті құрылыс дағдырысының пісіп жетілуі. 17 ғ. абсолютизм дағдырысының себептері және ерте буржуазиялық революциялар толқыны. Еуропалық-атлантикалық өркениеттің жаңа конъюктуралары. Отаршылдық империяның қалыптасуы.

Ортағасырдағы саяси ілімдер. Феодалдық Германияның саяси тарихы. Феодалдық Англияның саяси тарихы. Ортағасырлық Ресейдің саяси тарихы. Феодалдық Италияның саяси тарихы. Голландия. АҚШ. Отарлар мен метрополиялар аралығындағы қарама-қайшылықтың күшею себептері. Қарулы көтерілістің басталуы және тәуелсіздіктің жариялануы. Франция. Людовик ХІV тұсындағы француз абсолютизмі. Франциядағы ХVIІI ғ. феодалдық қатынастардың ерекшеліктері, сеньориалдық реакция.

3 тақырып Еуропа мен Америка елдері 1815-1860 жж. Халықаралық қатынастар 1815-1860жж.

1 1848 ж. Еуропа елдеріндегі төңкеріс.

2 Еуропалық мемлекеттердің отарлы жаулап алудағы жаңа бағыттары.

Абсолютизм дағдырысы. Неоабсолютизм. Бонапартизм Ұлттық мемлекетер және ұлт. Капиталистік экономика және бір орталыққа бағынған мемлекеттер. Ұлыбритания. Чартистік қозғалыстар және әлеуметтік негізі.

Парламенттік кабинеттер. Виги және торилар-саяси партиялардың эволюциясы. Ағылшындар мен француздардың отар жаулап алуға байланысты бәсекелестігі. Австрия империясы. Португалия. Ресей. АҚШ. Революциялық азамат соғысы (1863-1865 жж.). солтүстіктің жеңісі. Президенттік биліктің күшеюі.

4 тақырып Еуропа мен Америка елдері 1870-1918 жж. ХІХғ. аяғында ХХ басында халықаралық қатынастар.

1 Капиталистік мемлекеттердің ХІХғ. Соңындағы экономикалық дамуы.

2.Азаматтық қоғамның дамуы. Партия және партиялар жүйелер.

ХІХғ. Сонындағы әлемдік өнеркәсіптік дағдырыстар. Капиталды шетке шығару және еуропалық державалардың отарлауды күшейтуі. Әлемдік шаруашылықтың капиталистік жүйесінің қалыптасуы. Даму әрекетілігінің күшеюі. Капиталистік дүниенің «кәрі» және «жас» елдердің арасындағы қарама-қайшылықтың экономикалық, геосаяси, әскери факторлары.

Жергілікті басқаруды реформалау. Саяси жүйенің әлеуметтік базасының кеңеюі. Саяси мәдениет деңгейінің өсуі. Сайлауға қатысушылардың көбеюі. Жұмысшы табының саяси аренаға шығыуы. Әлеуметтік реформизм. Әлемдік саяси кеңістіктің бірлігі және жетекші әлемдік державаладың қарым-қатынасындағы шиеленістің күшеюі. Дүниенің территориялық жағынан бөлістің аяқталуы және ықпал ету аймағы үшін күрестің басталуы.

5 тақырып Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау.

1 Либералдар мен консервавторлар. Сайлау реформасы.

2 Компенсациялар туралы заң.

«Әскери мемлекеттік-монополистік капитализм» механизмінен бас тарту және капитализмнің макроэкономикалық моделін қайта қалпына келтіру. 20 ж. экономикалық ойдағы неоклассикалық бағыттың үстемдік етуі. Кейнсиандық теория және неокласикалық бағыттың макроэкономикалық талдауға көшу. ММК капитализм кезеңі индустриалды қоғамның сапалы түрде өзгеруінің кезеңі ретінде.

Либерализм және марксизм индустриалдық қоғамның негізгі идеологиялық доктриналар ретінде және олардың индустриалды қоғамның әлеуметтік құрылымының сапалы өзгерістер жағдайында трансформациялануы.

Отарлық империяның қалыптасуы. Феодализмнан капитализмге ауысу. Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау. Социал-демократиялық қозғалыстың эволюциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың авторитарлық қоғамның жүйелердің қалыптасуына, коммунистік, фашистік, анархистік идеялардың тарауына және батыс қоғамының психологиясына әсері. Батыс елдеріндегі саяси процестердің даму ерекшеліктері және 20-30 жж. Мемлекеттік-саяси даму модельдерінің көп түрлілігі.



6 тақырып Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа елдері. Соғыстың қортындысы.

1Австро-германдық одақтың құрылуы.

2 1939 ж. халықаралық саяси дағдарыс.

Халық майдандағы идеологиялық қарама-қайшылықтар және қозғалыстың ыдырауы. 1939 ж. халықаралық саяси дағдарыс. Мюнхен келісімі. КСРО соғысаралық кезінде. Кеңес Одағының 30-ші ж. ішкі және сыртқы саясаты. 1936 ж. Конституциясы.

Антигитлерлік каолицияның қалыптасу мәселесі. Италия мен Германиядағы фашизм жеңісінің себептері. «Берлин – Рим - Токио» осі.

7 тақырып Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.

1 Индустриалды қоғам концепциялары.

2 Еуропаны біріктіру концепциялары.

Батыс теориялары. «Ұйымдаспаған», «өзгерген» (трансформацияланған) капитализм концепциясы, неокапитализм. Капитализмнің қазіргі марксистік ұғымы.



8 тақырып ХХғ. екінші жартысында интеграциялық процестер. Еуропалық интеграция.

1 Ғаламдану процесі және интеграциялары.

2 Еуропалық кеңестің құрылуы.

Солтүстікамерикалық интеграция Маастрихт келісімінің ролі (1991 ж.). «Евро» - ортақ валюта. Қазіргі саясаты. Басқа ұйымдармен қарым-қатынасы. Еуропаның бірігу процесінің қиындықтары мен жетістіктері. Латын Америкасындағы, Австралиядағы, Жаңа Зеландиядағы, Орталық және Шығыс Еуропадағы, ТМД, Азия және Африкадағы интеграциялық процестер мен блоктар.



9 тақырып Еуропа мен Америка елдерінің ХХғ. Екінші жартысында саяси дамудың негізгі бағыттары.Халықаралық жұмысшы, демократиялық және социал-демократиялық қозғалыстар.

1 ҒТР мазмұны мен белгілері

2 Ғарышты игеру

Әлемдік кәсіподақ орталықтары және олардын эволюциясы. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұйымының қызметі. Қазіргі еңбек стандарттары. Дүниедегі ірі социал-демократиялық партиялар. Олардың бағдарламаларының эволюциясы. Коммунистік қозғалыстың күреуі. «Еурокоммунизмнің» тағдыры.



10 тақырып Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.

1 Екінші дүниедүзілік соғыстың себептері мен сипаты: ескі және жаңа көзқарастар.

2 Рузвельттің билікке келуі. «100 күн» бағдарламасы.

Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жиналысы (1975 ж.). Қарулану жарысы. «Жұлдызды соғыстар». Қарусыздану процесі. Ядролық ғасырдағы жаңаша ойлау. Экстремизм және терроризм мәселелері.



11 тақырып АҚШ 1945ж. ХХІғ.Ұлыбритания, Испания және Франция мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаты.

1 Еурорпаны біріктіру идеялары. Брюссель келісімі.

2 Еуроодақ органдары және олардың өкілдіктері.

Ядролық қаруды тараптау жөніндегі келісім. Жұмысшы және демократиялық қозғалыс. Республикашыл Дж.Буштың (кіші) әкімшілігі (2000-2004). Ұлыбританияның соғыстан кейінгі салдары. Национализация және әлеуметтік заңдар. Консервативті кабинеттер. Лейбористік оппозиция. АҚШ-пен ерекше қатынастары.



12 тақырып Соғыстан кейінгі ГФР, Италия, КСРО және Ресей. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.

1 Жаңа шығыс саясаты. Саяси реформалар.

2. Кеңестер Одағының ыдырауы. Сыртқы саясаттағы батыс бағыттары.

А.Суарестің үкіметі. «Монклоа пакті» (1977 ж.) демократиялық орталық одағы-либерал-буржуазиялық коалицияның билігі. Португалияның «Органикалық демократия» және А.Салазар режимінің либералдануы. Сабақтастық пен эволюция саясаты. Демократиялық автономия, денационализация


Саяси тарих пәнінің тәжірибелік сабақтарға дайындалған кезде студент өте ұқыпты болу керек, берілген сұрақтарға жазбаша түрінде дәптерге жауап жазу қажет. Жауабы толық және нақты болу крек және сол жазылған конспект бойынша тәжірибелік сабақта студент ауызша жауап береді, бұл жауапқа студенттер жеке арналған балл ала алады. Ұсынған әдебиеттерді зейін салып қолданыныздар. Тәжірибелік сабақ – бұл оқу үрдісінің басты құрамдас бөлігі. Оқытушының және студенттердің оқу қызметі тәжірибелік сабақтарға шоғырланған. Сондықтан да қандай да, бір оқу пәні бойынша студентті дайындаудың сапасы тәжірибелік сабақтарды жүргізудің деңгейімен, оның мазмұны мен әдістемелігімен айқындалады. Бұл деңгей жоғары болу үшін, оқытушы тәжірибелік сабақтарды дайындау барысында кез келген өнер шығармасы сияқты өзінің ерекшелігі бар педагогикалық шығармадай жасау керек. Әдістемелік жұмыс әр оқытушының дағдысын жоғарлатуды қамтамасыз етуімен, оқу үрдісін қалыпты құру қабілетімен айқындалатын оның кәсіби құзерттілігімен байланысты.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және тізбесі

1) Тәжірибе сабақ 1 Полистік Грецияның саяси тарихы.

1.Көне Грециядағы саяси ойлар. Олардың тарихи және георграфиялық жағынан ерекшелігі.

2. Афинадағы құлиеленушілік демократияның саяси ұйымдастыруы.

3.Спартаның саяси ұйымдастыруы.

2) Тәжірибе сабақ 2 Көне Римдегі саяси ойлар.

1. Рим аристократиялық республиканың саяси ұйымдастыруы.

2. Империя кезеңіндегі Римнің мемлекеттік құрылымы.

3. Римдік құқықтың негізгі даму кезеңдері мен эволюциясы.

3) Тәжірибе сабақ 3 Ортағасырдағы саяси ілімдер

1.Феодалдық Германияның саяси тарихы.

2. Феодалдық Англияның саяси тарихы.

3. Ортағасырлық Ресейдің саяси тарихы.

4. Феодалдық Италияның саяси тарихы.

4) Тәжірибе сабақ 4 АҚШ-тың пайда болуы.

1. 1776 ж. Тәуелсіздік декларациясы. Тәуелсіздік үшін күрес.

2. Конфедерациядан федерацияға ауысу. 1781 ж. Конфедерацияның статьялары.

3. 1787 ж. АҚШ-тың конституциясы.

5) Тәжірибе сабақ 5 Отарлық империяның қалыптасуы. Феодализмнан капитализмге ауысу.

1. Отарлық империяның қалыптасуы.

2. Еуропалық капитализмнің генезисі.

3. Еуропадағы буржуазиялық төнкерістер: себептер, қозғалыс күштер, нәтижелер.

6) Тәжірибе сабақ 6 І және ІІ дүниежүзілік соғыстар кезеңінде саяси тарих.

1. Версаль келісімі және оның саяси нәтижелері.

2. Соғысаралық дағдырыстар. Халықаралық қарымқатынастар.

3. Батыс елдеріндегі саяси процестердің даму ерекшеліктері және 20-30 ж.ж. мемлекеттік-саяси даму модельдерінің көп түрлігі.

4. Германияның саяси тарихы.

7) Тәжірибе сабақ 7 Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.

1. Еуропа мен Америка елдерінің ХХ ғ. екінші жартысындағы саяси дамудың негізгі бағыттары.

2. Қоғамдық дамудың екі моделі: либералдық-демократиялық және авторитарлық-тоталитарлық.

3. ХХ ғ. екінші жартысындағы ғылымның дамуы.

4. Отаршылдық империяның құлдырауы.

5. Ғаламдану процесі және интеграциялық процестер.

«Саяси тарих» пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарды жазудағы мақсаты кез келген жағдайлардан логикалық негіздер бойынша шыға алу, оларға талдау жасай білу қажеттілігі. Студенттердің өзіндік жұмысын жазу барысында аталған тақырыпты толықтай ашып оның маңызын көрсете білу керек. Сонымен қатар берілген тақырыптар бойынша нормативті актілер мен әдебиеттерді тақырыптың мәні мен мазмұнына қарай қолдана білу.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының мақсаты: студенттердің теориялық білімін тәжірибелік білімге ұштастыратын бастама болды.

Тақырыпты таңдап алғаннан кейін студент оның сұрақтарының құрамын толық талдау және оған көп көңіл бөлу керек.

Студенттің өзіндік жұмыстарды жазу барысында барлық құжаттарды ғылыми-зерттей білу, оларға талдау жасау, өз пікірлерін білдіру арқылы байланыстыру керек.

Тақырыпты қорғау барысында студенттер осы тақырыпқп байланысты сұрақтар қойылып оның тақырып бойынша дайындық деңгейі анықталады.

Бақылаудың нысаны мынадай болуы мүмкін:



  • жеке қабылдау;

  • мәнжазба түрінде жазбаша оны қорғау;

  • оқу материалын дәптерге жазу;

  • кесте немесе сызба түрінде;

  • тапсырмалар шешу;

  • тәжірибелік сабаққа дайындаплу;

  • тәжірибелік сабаққа мәнжазба дайындау.

Жұмыстың орындалу деңгейіне байланысты студенттердің жұмысы келтірілген негіздер бойынша және қойылған сұрақтарға негіздер келтіре отырып дәлелді түрде берген жауаптарын басшылыққа ала отырып, студенттердің білімділік деңгейлері «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен бағаланады.




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық және үй жұмысының орындалуы

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

30

3

Аудиториялық сабақтарға енбейтін материалдарды оқу

Конспект

Ауызша

40

4

Бақылау жұмысы шараларына дайындалу



МБ 1, МБ 2

5



Барлығы





90


Студенттің өздік жұмысының мазмұны

1) Кіріспе. Әлемдік тарихтын өркениеттік-типологиялық, «кеңістік» өлшемдері.

Әлемдік үрдістердің типологиясы және қоғамдық ғылымдарда олардың талдауы. Саяси білімнің ерекшелігі. Саяси әлемнің танып білуге ерекше әдіс-тәсілдер. Әлемдік саяси тарихтың шеңберінде саяси тарихтың кеңестік және уақыттық өлшемі.

Ұсынылған әдебиет: [1] 12 – 26 б., [8] 11 – 14 б.

2) Еуропа және Америка елдері ХVII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. саяси тарихы.

Абсолютизм, оның әлеуметтік табиғаты және сипаттық белгілері. ХVII ғ. екінші жартысындағы «Білімді абсолютизм» саясаты, оның негізгі себептері және әлеуметтік-экономикалық мазмұны. ХVII ғ. феодалдық-абсолютті құрылыс дағдырысының пісіп жетілуі. ХVII ғ. абсолютизм дағдырысының себептері және ерте буржуазиялық революциялар толқыны. Еуропалық индустриалды өркениет негіздерінің толық қалануы. Еуропалық-атлантикалық өркениеттің жаңа конъюктуралары. Француз төңкерісі және оның нәтижесі. Отаршылдық империяның қалыптасуы.

Ұсынылған әдебиет: [1] 88 – 120 б., [2] 119 – 144 б.

3) Еуропа мен Америка елдері 1815-1860 жж. Халықаралық қатынастар 1815-1860 жж.

Абсолбтизм дағдырысы. Неоабсолютизм. Бонапартизм. 1848 ж. Еуропа елдеріндегі төнкеріс. Ұлттық мемлекеттер және ұлт. Капиталистік экономика және бір орталыққа бағынған мемлекеттер. Ұлыбритания. Чартистік қозғалыстар және әлеуметтік негізі. Оңтүстік демократиялық реформалар. Шығыс мәселесі және 20-50 жж. ХІХ ғ. жетекші державалардың арасындағы қарама-қайшылықтың шиеленісуі.Бұғаздар мәселесі. 1853-1856 жж. Кырым соғысы. «Вена жүйесінің» дағдырысы. Еуропалық мемлекеттердің отарларды жаулап алудағы жаңа бағыттары.

Ұсынылған әдебиет: [1] 54 – 76 б., [3] 79 – 84 б.

4) Еуропа мен Америка елдері 1870-1918 жж. ХІХғ. аяғында ХХ басында халықаралық қатынастар.

ХІХ ғ. сонындағы әлемдік өнеркәсіптік дағдырыстар. Капиталды шетке шығару және еуропалық державалардың отарлауды күшейтуі. Әлемдік шаруашылықтың капиталистік жүйесінің қалыптасуы. Даму әркелкілігінің күшеюі. Капиталистік дүниенің «кәрі» және «жас» елдерінің арасындағы қарама-қайшылықтың экономикалық, геосаяси, әскери факторлары. Империалистік дәуірдегі халықаралық жанжалдардың глобализациялануы және әскери-саяси блоктардың құрылуы.

Ұсынылған әдебиет: [1] 84 – 96 б., [4] 89 – 104 б.

5) Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялар. Халықаралық қатынастарды талдау.

«Әскери Мемлекеттік-монополистік капитализм» механизмінен бас тарту және капитализмнің макроэкономикалық моделін қайта қалпына келтіру. 20 ж. Экономикалық ойдағы неоклассикалық бағыттың үстемдік етуі.Кейнсиандық теория және неоклассикалық макроэкономикалық талдауға көшу. ММК капитализм кезеңі индустриалды қоғамның сапалы түрде өзгеруінің кезеңі ретінде.

Либерализм және марксизм индустриалдық қоғамның негізгі идеологиялық доктриналар ретінде және олардың индустриалды қоғамның әлеуметтік құрылымының сапалы өзгерістер жағдайында трансформациялануы.

Ұсынылған әдебиет: [3] 54 – 86 б., [5] 119 – 134 б.

6) Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа елдері. Соғыстың қортындысы.

Халық майдандағы идеологиялық қарама-қайшылықтар және қозғалыстың ыдырауы. 1939 ж. халықаралық саяси дағдырыс. Мюнхен келісімі. КСРО соғысаралық кезінде. Кеңес Одағының 30-шы ж. ішкі және сыртқы саясаты. 1936 ж. Конституциясы.

Ұсынылған әдебиет: [5] 124 – 126 б., [6] 119 – 134 б.

7) Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.

Батыс теориялары. «Ұйымдаспаған», «өзгерген» (трансформацияланған) капитализм концепциясы, неокапитализм. Капитализмнің қазіргі марксистік ұғымы. Конвергенция теориясы. Экзистенциализм. Сыни рационализм (К.Попер «Ашық қоғам және оның жаулары»).

Ұсынылған әдебиет: [4] 84 – 96 б., [6] 129 – 144 б.

8) ХХғ. екінші жартысында интеграциялық процестер. Еуропалық интеграция. Солтүстікамерикалық интеграция.

«Ортақ рынок» құру туралы Рим кеілісімі (1957ж.). Еуроқауымдастыққа елдердің қосылу процесі. Еуроодақ органдары және олардың өкілдіктері.интеграциялау деңгейі: ашық экономикалық аймақтан саяси одаққа дейін. Секторлық интеграция. Маастрихт келісімінің ролі (1991 ж.). «Евро» - ортақ валюта. Қазіргі саясаты. Басқа ұйымдармен қарым-қатынасы. Еуропаның бірігу процесінің қиындықтары мен жетістіктері.

Латын Америкасындағы, Австралиядағы, Жаңа Зеландиядағы, Орталық және Шығыс Еуропадағы, ТМД, Азия және Африкадағы интеграциялық процестер мен блоктар.

Ұсынылған әдебиет: [1] 154 – 186 б., [5] 239 – 254 б.

9) Еуропа мен Америка елдерінің ХХғ. екінші жартысында саяси дамудың негізгі бағыттары.Халықаралық жұмысшы, демократиялық және социал-демократиялық қозғалыстар.

Либералды және буржуазиялық-радикалды партиялардың партиялық-саяси күштердің арасалмағының қалыптасуына әсері. Батыстың көппартиялық жүйесінде социалистік және социал-демокартиялық партиялардың ролі. Саяси партиялардың кәсіподақ қозғалысына әсері. Ғарышты игеру. Атом энергетикасы. Жаңа химиялық және биологиялық технологиялар. Компьютерлендіру негізінде жаңа техникалық-экономикалық жағдайдың, жаңа конструкциялық материалдарың пайда болуы. ҒТР екінші кезеңі.

Ұсынылған әдебиет: [2] 114 – 148 б., [9] 69 – 88 б.

10) Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.

Париж бітім конференциясы. Германияның бөлінуі. Дамушы елдердің өсуі. Халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі. Еуропа мен Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық шаралары. «Үлкен сегізілік» басшыларының кездесуі.

Ұсынылған әдебиет: [3] 203 – 226 б., [9] 101 – 124 б.

11) АҚШ 1945ж. ХХІғ.Ұлыбритания, Испания және Франция мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаты.

Г.Трумэннің «әділетті» бағыты. Трумэн доктринасы және Маршалл жоспары. Маккаратизм. Демократтардың «жаңа белесі». Кариб дағдарысы. «Ұлы қоғамның» демократиялық бағдарламасы және кедейлікпен күрес. Адам капиталына қаржы салу концепциясы. Вьетнамдағы соғыс. Франциядағы уақытша режим. V республиканың құрылуы. Мемлекеттік бюджетті теңестіру. Жұмыссыздықпен күрес. Оңшыл және социалистік әдістерді қолдану.

Ұсынылған әдебиет: [4] 94 – 106 б., [10] 119 – 144 б.

12) Соғыстан кейінгі ГФР, Италия, КСРО және Ресей. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.

Соғыстан кейінгі Германиядағы жағдай. Жаңа шығыс саясаты. Саяси реформалар. Герман неоконсерватизмінің өзгешілігі. Германияның бірігу туралы келісім (1990 ж.).

Италия. Италиян «экономикалық кереметі». Италиядағы Триестаның берілуі. Италиядағы неоконсерватизм. Беспартиялық каолиция пайда болуы. 90-шы жылдардағы саяси тұрақсыздық және жанжалдар. 1994 ж. Сайлау. Теңдестірілген сыртқы саяси бағыт.

Тәуелсіз Ресейдің қалыптасуы. Федералдық биліктің күшеюі. В.Путин Ресей президенті. Д.Медведевтің президенттікке келуі.

Ұсынылған әдебиет: [3] 249 – 276 б., [9] 59 – 84 б.

Әдебитеттер тізімі


Негізгі:

Новая история стран Европы и Америки. Первый период. – М., 2007



  1. Новая история стран Европы и Америки. Второй период. – М., 2007

  2. Новая история стран Европы и Америки. Часть первая. – М., 2005

  3. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2005.

  4. Новейшая история стран Европы и Америки. М., 2006.

қосымша:

  1. Новейшая история стран Европы и Америки ХХ век. 1900-2000 г.г. часть 1-3 – М., 2001

  2. Хрестоматия по социально-экономической истории Европы в новое и новейшее время. М.-Л., 2002.

  3. Хрестоматия по новой истории. 2 т. М., 2000.

  4. Новейшая история США. Сивачев Н.Н., Язьков Е.Ф. М., 2003.

  5. Юровская Е.Е. Практикум по новой истории (1870-1918). М., 2000

  6. Гонионский С.А. Очерки новейшей истории стран Латинской Америки. – М., 2001.

  7. Гаджиев К.С. Политическая философия. М., 1998

  8. Булатова А.Н. Курс лекций по социологии. Алматы, 2002

  9. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 1999.

  10. История политических и правовых учений. ХХ в. – М. 1998.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет