1. Мәтінге лайықты тақырып


Мәтіндегі: « Ал Қазақстанда балқарағай әзірге ауладағы орындықта отырып шағуға арналған шемішкенің орнына ғана жүріп тұр»,- деген сөйлемнің мәнісі



бет3/4
Дата24.03.2024
өлшемі20.85 Kb.
#496381
1   2   3   4
оқу сауаттылығы 1-нұсқа

7. Мәтіндегі: « Ал Қазақстанда балқарағай әзірге ауладағы орындықта отырып шағуға арналған шемішкенің орнына ғана жүріп тұр»,- деген сөйлемнің мәнісі
A) Қазақстанда балқарағай майын өңдеуді құнттамайтыны
B) Қазақстанда балқарағай майына сұраныстың жоқтығы
C) Қазақстанда балқарағай майын өңдейтін өндірістің жоқтығы
D) Қазақстанда оны шағу арқылы денсаулыққа пайдаланатыны
E) Балқарағайдың Қазақстандағы молшылығы
8. Балқарағай майы ем болатын аурулар атауы
A) Бауыр, бүйрек
B)Қан қысымы , жүрек
C) Омырау безі, тамақ
D) Асқазан, атеросклероз
E) Иммундық жүйе, құлақ
9. Балқарағай майының құрамындағы пайдалы дәрумендер
A) Тмин, көмірсу
B) Йод, кальций
C) Кобальт, ақуыз
D) Тиамин, кальций
E) Флабиан, йод
10. Иван Грозныйдың Швеция мен Англияға балқарағай жөнелтуінің себебі
A) Швецияда балқарағайдын май, дәрілер жасаған
B) Швецияда омырау ауруларына қолданған
C) Балқарағай Швецияда өспеген
D) Англияда аурулар асқынып тұрған
E) Екі ел арасындағы шарттың орындалуы


3-мәтін


1.Қазақтың өткен өміріндегі мәдениетінен мол мәлімет беретін арқан, құрық, қамшы, найза, оқ сияқты құрал-саймандарды ата-бабаларымыз өздерінің күнделікті тұрмыс-тіршілігінде негізгі қызметімен қатар, өлшеу қызметінде де кеңінен пайдаланған. Бұл тек қазақ халқы үшін емес, сонымен қатар, түрік халқының тілінде де, көрініс тапқан. Осыған орай, қазақ және түрік халықтарының тілдерінде арқан бойы, найза бойы сияқты өлшемдік мәнге ие болған номинативтік тіркестер қалыптасқан. Мұнымен бірге, халқымыз дене мүшелерін де ұзындық өлшемі ретінде қолдана білген. Соның негізінде тұтам, қарыс, кере қарыс, сүйем, сере қарыс, қары, құлаш, адым, қадам-қарыс, уыс, аяқ, табан, кез, аршын дегендер өлшем құралы ретінде жұмсалған
2. Қазақ тілінде де ұзындық, биіктік, қалыңдық өлшем атаулары осы дене мүше атауларының негізінде дамып қалыптасқан. Олар: қар, қарыс, қарыс сүйем, сере қарыс, кере қарыс, жырта қарыс, ат шаптырым, бір шақырым, аспан мен жердей, бір құшақ, елі, аршын, шынтақ, табан, бармақ, құлаш, сүйем сияқты өлшемдік мағынадағы сөздер бар.
3.Қарыс – бас бармақ пен ортаңғы саусақтың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі .
4.Ұзындық өлшемін білдіретін қарыс атауын өлшемнің құрамдас бөлшегі ретінде тануымызға болады. Бұған негіз ретінде қарыс атауын құрайтын өлшем бірліктері өзара парадигмалық қатынаста жырта қарыс, кере қарыс, сере қарыс, қарыс сүйем, қарыс-қарыс, сүйем-сүйем, қарыс жер, аузы алты қарыс, бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс сияқты сөздер кездеседі.
5.Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың жай ғана созылуын – қарыс, ал бұл екеуінің барынша керіле созылуын кере қарыс дейді. Ал, сере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың арасы. Мысалы, Қартайғандықтың белгісі болар, қарыс жер мұң болып, баламның үйіне жете алмай отырмын.
6.Қысқасы, қарыс атауы – ежелгі өлшемдік бірліктер ішінен ең кең тараған аса танымал өлшем бірлігінің бірі. Қарыс этнос танымында өте танымал өлшем бірлігі болуымен қатар, басқа тіл бірліктерімен тіркесу қабілетінің ерекшеліктерін және мағына өрісінің дами отырып, сыбайластық байланысқа кең көлемде түскені белгілі болды.
7. Қазақ арасында кең тараған өлшемнің бірі – елі. Бір елі ауызға екі елі қақпақ. Тіліміздегі елі атауынан тараған бір елі, екі елі, үш елі, төрт елі, қыл елі, шынашақ елі, пышақ сырты, бармақ елі, жарты елі, ала бұлт қазы, табан елі сияқты тіл бірліктерінің мазмұнынан ұлт танымындағы өлшем жүйесін ешкімге ұқсамайтын тілдік ерекшелігі деп қарай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет