халқының мұң-зарымен, махаббат бейнетімен,
әділетсіз билікпен байланысты.
Біріншіден, Абай – халық жанашыры, халқының басына
түскен сынақпен күресіп, қашан да Дәркембай сынды
жатақтарға жақ болып, дау-дамайын шешіп өмірінің
көп бөлігін өткерген. Таусылмас даудан мезі болған
ақын, ішіне сыймағанын өлең-сөз арқылы жеткізеді.
Көбіне ақын жұртының надан, қараңғы болуына іші
ашиды. Елінің басына түскен қиыншылықтың бәрі
білімсіздіктен деп біледі.
Екіншіден, Абай ақын махаббат жайында да біртуар
туындылар жазған. Ақын қаламымен көптеген өлеңдер
махаббат тақырыбында жарық көрген.
3.
Мұхтар Әуезов шығармаларындағы
жалпыадамзаттық құндылықтар.
М.Әуезов әлем әдебиетінде жалпыадамзаттық құндылықтар
негізінде өрнекті із, тағылымды табыс қалдырды. М.Әуезов
мұрасы қазақ әдебиеті көкжиегін кемелдікпен толықтырып,
қазақ руханиятына даңғыл жол салуымен де ерекшеленеді.
Мұхтар Әуезов есімі Абай есімімен рухани сабақтастықты
жалғастырып, адамзаттық құндылықтар шеңберін шеберлікпен
дамытуымен де асқақтай түседі.
М.Әуезовтей суреткердің соңына қалдырған мол рухани
дүниесінің әлі де болса ашылмаған қырлары жетерлік деуге
болады. Әузов мұрасы адамзат өмірінің сан-саласына қарай
пайдалы қызмет атқарып, жалпыадамзаттық құндылықтар
биігінен көз тастайды. Ғалым мұрасы әуелі қазақ руханияты үшін
заңғар шың болса, әлемдік әдебиет деңгейінің биік
талаптарымен де үндесіп жатады. М.Әуезов және
жалпыадамзаттық құндылықтар негізі де ауқымды ұғым. Осы
ұғымның бастауындағы Әуезовтің заңғар тұлғасы уақыт өрнегі
өткен сайын жаңғырып, әлемдік арнада биіктей түседі.
|