13.Педагогикалық іс әрекет түсінігі және оның құрылымын анықтаңыз.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу. Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы. Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады. Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады. Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді. Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
14.« Кәсіби құзіреттілік» ұғымын өз сөзіңізбен айтыңыз
Қазіргі замандағы жағдайлардағы кәсібиліктің өсуі маман құзыреттілігінің кәсібилік мәселесін ерекше қарастырады. Кәсіби құзыреттілікке- тұлға маманның интегративті сапалар, білім, шеберліктер және дағдылар жүйесін, типтік міндеттерді шешу амалдарын талдау жатады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұлғаның әртүрлі қасиеттерінен, оның негізгі қайнар көзі оқу және субъективті тәжірибесі болып табылады. Кәсіби құзыреттілік үнемі ұмтылысты жетілдіруді сипаттайды. Құзыреттіліктің психологиялық негізі өз біліктілігін көтеру, кәсіби дамытуды дайындауды қажет етеді. Педагогикалық кәсіп бір уақытта басқарушы және өзгеруші болып табылады. Тұлға дамуын басқару үшін құзыретті болуы қажет.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түсінігі педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайындықты және оның кәсіби сипаттамасын көрсетеді. Педагогтың дайындығының мазмұны қандай да бір мамандық бойынша –педагог құзыреттілігінің нормативті моделі, кәсіби білім, шеберліктер мен дағдылар құрамын бейнелейді. Құзыреттілік сипаттамасы- бұл теоретикалық және тәжірибелік деңгейде талаптарды жалпылау.
Психологиялық- педагогикалық білім оқу бағдарламасымен анықталады. Психологиялық-педагогикалық дайындық әдіснамалық негіз жайлы білім және педагогика категорияларынан тұрады, тұлға дамуы мен әлеуметтану заңдылықтарын; тәрбие мен оқытудың технологиялары, мақсаттары, мәні; балалар, жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму заңдарын да көрсетеді. Ол мұғалім –тәрбиелеуші ойлауына негізделген. Психологиялық-педагогикалық және арнайы (пән бойынша) білім-қажетті, алайда кәсіби құзыреттіліктің жеткілікті жағдайы емес. Теоретикалық-практикалық және әдіснамалық білім, интеллектуалдық және практикалық шеберліктер мен дағдылардың алдын-алу болып табылады. Педагогикалық шеберлік- бұл теоретикалық білімге негізделген әрекеттер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |