1. Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Педагогтың үздіксіз білім алу жолдарына мысал келтіріңіз



бет6/17
Дата03.06.2024
өлшемі3.81 Mb.
#502229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Пед 1-40

15.Педагогтың үздіксіз білім алу жолдарына мысал келтіріңіз
Мысалы: мұрағаттық жазбалардың орнына компьютерлік деректер қорын жүргізу. Үздіксіз білім беру қызметкердің байланысты мәселелерді түсінуі және бірегей маман болуы үшін жаңа бағыттарды дамытуда да көрсетілуі мүмкін. Үздіксіз білім беру заман ағымынан қалмау қажеттілігінен, қазіргі кәсіби, әлеуметтік ортада сұранысқа ие болуға, жаңа жағдайға, кәсіпке, техникаға тез бейімделуге деген ұмтылыстан туындап отыр. Елімізде үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы қарқынды дамуда, бүгінде біз «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасының жаңа цифрлық форматта серпін алып, осы процеске барлық дерлік азаматтардың тартылғанына куәміз
16. Педагогика басқа ғылымдармен байланыстырыңыз
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы 
Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Ең алдымен, педагогика философиямен тығыз байланысты, өйткені ол философиядан бөлініп шықты. Философия табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын зерттейді. Ал педагогика тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде қарастырып, тәрбиенің дамуын қоғамның дамуымен тығыз байланыстырады. Философияның бөлімдері – эстетика мен этика – педагогикадағы адамгершілік, эстетикалық тәрбиелердің мақсатын жүзеге асыруда басшылыққа алынады. Педагогика психологиямен байланысты. Егер психология жеке адамның дербес ерекшеліктерін (түйсік, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, т.б.) зерттесе, педагогика ғылымы осы зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кеңінен пайдаланады. Педагогика да , психология да адамды зерттейді. Психология адамның мінез-құлқын зерттесе, педагогика сол мінез-құлықты қалай тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін зерттейді. Педагогика жас ерекшелігі физиологиясымен байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв жүйесінің қызметі, тыныс алу, қан, жүрек-тамыр жүйелерінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалім білуі керек. Бұл оған педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастырып, басқаруға көмектеседі. Педагогика мектеп гигиенасымен тығыз байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту туралы ғылым. Мектептің жалпы тазалығы, сынып бөлмелерінің кең, жарық болуы балалардың денсаулығына әсер етеді. Ауаның жеткіліксіздігі, жарықтың нашарлығы, бөлменің шаң болуы балаларды әлсіздікке, бас ауруына, көруінің нашарлауына әсер етеді, сөйтіп оқушылардың оқуы төмендейді. Сондықтан әр мұғалім гигиенаның сақталуына көңіл бөлуі керек. Педагогика математика, социология, медицина, экология, т.б. ғылымдармен де байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет