1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары бланың жас ерекшелігіне сай түснікті болуы тиіс



бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі42.66 Kb.
#464139
түріСабақ
1   2   3
1.Сауат ашу процесіне қойылатын педагогикалық талаптар.

Шығармаға жоспар жасау
Жоспар оқушы ойының, шығарманың мазмұнын көрсететін оқиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:
1.Әңгімені бөлімдерге бөлу;
2.Бөлімдерге ат қою, оны рет-ретімен жазу;
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды. Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең түсіндіруге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет оқып шыққаннан кейін яғни қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қорытынды әңгіме кезінде де жасалады.
3-сыныпта мәтінді бөлімдерге бөлу жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі:
1)мұғалім оқушылар мәтінді оқып келе жатқанда тоқтатып, олардан не жөнінде оқылғанын, нені білдіргенін , мұндағы басты ойдың не екенін сұрайды; 2)ол бөлімнің неліктен аяқталғанын дәлелдетеді;3)оқушылар кімге қай бөлімі ұнағанын айтады, сонан соң барлығының айтқан бөлімдері ретке келтіріледі.5)бөлімдерге ат қойылады.
Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері
Бұл жұмыстар, біріншіден, оқушылардың оқылған материалды тереңірек меңгеруіне мүмкіндік туғызса, екіншіден, оларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады. Төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады.
Сонымен, мәтінге байланысты жүргізілетін жұмыстардың барлығы оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет