1-модуль. Алғы сөз. Дербес компьютермен алғашқы таныстық Компьютер – бұл


Файлдарды Себетке жойған кезде ... болады



бет2/4
Дата04.03.2016
өлшемі1.27 Mb.
#40358
1   2   3   4

17. Файлдарды Себетке жойған кезде ... болады.

  1. файлдар дискіден өшіріліп, ал себетте олардың тек қана тізімі сақталатын

  2. файлдар дискіден жойылмастан Себет қалтасында сақталып, бірақ бұрын тұрған қалтада енді жоқ болатын

  3. файлдар дискіден жойылмастан бұрын тұрған сол қалтада сақталатын

  4. файлдар дискіден қайтымсыз жойылатын


18. Әр жерде орналасқан бірнеше файлды ... ерекшелеуге болады.

а) бірінші файлды және Shift пернесін басып тұрып соңғы файлды шертіп

b) Shift пернесін басып тұрып әрбір файлды шертіп

c) бірінші файлды және Ctrl пернесін басып тұрып соңғы файлды шертіп



d) Ctrl пернесін басып тұрып әрбір файлды шертіп
19. Windows амалдық жүйесінде файлдың белгіленуі қандай бөліктерден тұрады?

  1. екі бөліктен: атауы және кеңейтімі

  2. екі бөліктен: атауы және үйшік атауы

  3. бір бөліктен: атауы

  4. үш бөліктен: атауы, кеңейтімі және үйшік атауы


20. Файлдың (.txt, .doc, .ipg және б.) кеңейтімі нені көрсетеді?

  1. құжат жасалған қосымша типін

  2. файлдың тұрған орнын

  3. файлдың ақпараттық көлемін

  4. файлдың құрылымын


21. Төменде келтірілген жазбалардың қайсысы файлдың атауы бола алады?

  1. :abcd.doc


  2. lacd.doc

  3. ?abcd.doc


22. Қалта жойылған кезде ондағы мәліметтері жойыла ма?

  1. жоқ, бірақ бірінші жазылған файл жойылады

  2. жоқ

  3. иә

  4. жоқ, бірақ бірінші каталог жойылады


23. Қалтаны немесе файлды дискетке тез көшіру үшін мына әрекеттерді орындау керек:

  1. тінтуірдің оң жақ пернесімен керекті файлды бөлектеу және мәтінмәндік мәзірде Жіберу3,5 алмалы дискі А әмірін

  2. тінтуірдің оң жақ пернесімен керекті файлды бөлектеу және мәтінмәндік мәзірде Көшіру - 3,5 алмалы дискі А әмірін

  3. тінтуірдің оң жақ пернесімен керекті файлды бөлектеу және мәтінмәндік мәзірде Жіберу – Хат алушы әмірін

  4. тінтуірдің оң жақ пернесімен керекті файлды бөлектеу және мәтінмәндік мәзірде Жөнелту – CD-RAM әмірін


24. Сіз файл белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен C: дискі ішінде бір қалтадан екіншісіне апардыңыз. Қандай әрекет орындалды?

  1. файлды көшіру

  2. файлды жылжыту

  3. файлды қайта атау

  4. лақап жасау


25. Жұмыс үстелінде қалай жаңа қалта жасауға болады?

  1. Жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ пернесін шертіп, Жаңа тармағында Қалта әмірін таңдау

  2. Жұмыс үстелінде тінтуірдің сол жақ пернесін шертіп, Жаңа тармағында Қалта әмірін таңдау

  3. Бастау батырмасын шертіп, Жаңа тармағында Қалта әмірін таңдау

  4. Тапсырмалар үстелін тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, Жаңа тармағында Қалта әмірін таңдау


26. Басқа қалтада қалай жаңа қалта жасауға болады?

  1. қалтаны ашып, тінтуірдің оң жақ пернесімен терезенің жұмыс аймағын шертіп, Жаңа мәзіріндегі Қалта тармағын таңдау керек

  2. қалтаны ашып, тінтуірдің сол жақ пернесімен терезенің жұмыс аймағын шертіп, Жаңа мәзіріндегі Қалта тармағын таңдау керек

  3. Тапсырмалар үстелінде тінтуірдің оң жақ перенесін шертіп, Жаңа мәзіріндегі Қалта әмірін таңдау керек

  4. бір қалта ішінде екінші жаңа қалта жасауға болмайды


27. Нысанның лақабын қалай жасау керек?

  1. нысан үстін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Лақап жасау әмірін таңдау керек

  2. нысанда тінтуірдің оң жақ пернесін екі шерту керек

  3. нысанды тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, пайда болған мәзірде Сипаттар әмірін таңдау керек

  4. Тапсырмалар үстелінде тінтуірдің оң жақ пернесін шертіп, Жаңа мәзіріндегі Лақап әмірін таңдау керек


28. Аралық сақтағыш – бұл ...

  1. Windows-тың кез келген қосымша бағдарламалары үшін бір мезгілде қатынас құруға болатын жады аймағы

  2. бағдарлама мен жүйені байланыстыруды қамтамасыз ететін арнайы аймақ

  3. қосымша бағдарламалар арасында мәліметтер алмасу реті

  4. MS Word қосымша бағдарламасы терезесіндегі жұмыс аймағы


29. Қалтаның атауы файл атауынан ... ерекшеленеді.

  1. кеңейтімі жоқ болуымен

  2. тым қысқалығымен

  3. бас әріппен жазылуымен

  4. ерекшеленбейді


30. Бас мәзірдегі Іздеу әмірі файлды ... бойынша табуға мүмкіндік береді.

  1. атауы, мәліметтері немесе әзірленген күні бойынша

  2. тек қана файлдың атауы

  3. тек файлдың толық атауы (толық жол)

  4. файлдың мәліметтері


4-модуль. Деректерді мұрағаттау. Компьютерді вирустардан қорғау
1. Мұрағаттау – бұл

  1. шифрлау, мұрағаттық түсіндірмелерді үстеу және дерек беру ретін жүргізу

  2. жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау

  3. тосын жағдайларға байланысты анағұрлым маңызды файлдардың қосымша көшірмесін әзірлеуге мүмкіндік беретін процесс

  4. пайдаланылмайтын файлдардың есебінен қатты дискідегі бос кеңістіктің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін процесс


2. Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?

  1. мұрағаттаушы бағдарламалар

  2. файлдарды сақтық көшіру бағдарламалары

  3. интерпретатор-бағдарламалар

  4. транслятор-бағдарламалар


3. Мұрағат дегеніміз не?

  1. аты, әзірленген күні, соңғы өзгеріс енгізілген күні бар қандай да бір ұзындықтағы мәліметтер жиыны

  2. зақымданған файл

  3. жүйелік файл

  4. бір ғана файлда қысылып сақталған қалталар, файлдар және өзге де мәліметтер жиынтығы


4. Қысылған файл – бұл

  1. ұзақ уақыт қолданылмаған файл

  2. көшіруден қорғалған файл

  3. мұрағаттаушы көмегімен буылған файл

  4. рұқсатсыз қолданудан қорғалған файл


5. Қысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы

  1. оған аз уақытта қол жеткізуге болады

  2. ол вирустардан жеңіл қорғалады

  3. ол рұқсатсыз қолданудан жеңіл қорғалады

  4. ол аз орын алады


6. Мұрағаттаушы бағдарламаларды көрсетіңіз.

    1. WinZip, WinRar

    2. WordArt

    3. Word, PowerPoint

    4. Excel, Internet Explorer


7. WinRar және WinZip бағдарламалары ... арналған

  1. қалталармен жұмыс істеуге

  2. файлдармен жұмыс істеуге

  3. вирусқа қарсы өңдеуге

  4. файлдарды қысуға


8. Қалтаны немесе файлды мұрағаттау үшін ... керек

  1. таңдалған нысанда тінтуірдің оң жақ батырмасын басу, мәтінмәндік мәзірдегі Мұрағатқа үстеу әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу

  2. таңдалған нысанда тінтуірдің сол жақ батырмасын басу, Бас мәзірдегі Орындау әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу

  3. Файл мәзіріндегі Әзірлеу әмірін таңдау – Мәтіндік құжат – Жарайды батырмасын басу

  4. Құралдар мәзіріндегі Мұрағатқа үстеу әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу


9. Қысылған файлмен жұмыс істемес бұрын аталған әрекеттердің қайсысын орындау керек?

  1. қайта пішімдеу

  2. ағымдағы каталогта көшірмесін жасау

  3. мұрағатты ашу

  4. орындалуға жіберу


10. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

  1. желідегі және амалдық жүйедегі нысандарға зиян келтіруге қабілетті және өздігінен көбейетін бағдарламалар

  2. қатты немесе иілгіш дискіде сақталған, бірақ онымен жұмыс істеу мүмкін емес ақпарат

  3. дискілерді жарамсыз ететін, жоюсыз жоғалатын және қалпына келтірілмейтін бағдарламалар

  4. Жою әмірінің көмегімен жою мүмкін емес, жасырын бағдарламалар


11. Аталған бағдарламалардың қайсысы вирусқа қарсы?

    1. Doctor WEB, AVP

    2. WinZip, WinRar

    3. Word, PowerPoint

    4. Excel, Internet Explorer


12. Вирусқа қарсы бағдарлама – бұл

  1. тексеру және тану бағдарламалары

  2. компьютерлік вирустарды тауып, емдеу бағдарламалары

  3. вирустарды тек айқындайтын ғана бағдарламалар

  4. мұрағаттаушы, мұрағаттан шығарушы бағдарламалар


13. Компьютерлік вирустар

    1. компьютердің жабдықтық бөлігіндегі ақауға байланысты пайда болады

    2. дұрыс жазылмаған бағдарламалармен жұмыс істеуде туындайды

    3. амалдық жүйедегі қателіктердің салдары болып табылады

    4. компьютерге зиян келтіру үшін адамдар қолымен қасақана әзірленеді


14. Компьютерлік вирустардың өзіндік ерекшеліктері

  1. бағдарламалық коды көлемінің үлкендігі

  2. пайдаланушы тарапынан қосу қажеттілігі

  3. амалдық жүйенің кедергіге сезімталдық қабілеттілігін күшейтеді

  4. компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергілер тудыру және өз бетімен іске қосылу қабілеттілігі


15. Бөлек нысандарды вирус бар-жоғына қалай тексеруге болады?

  1. нысанды тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту – Вирусқа тексеру

  2. нысанды тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту – Вирусқа тексеру

  3. нысанды тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту – Ортақтастыру мен қауіпсіздік

  4. нысанды тінтуірдің сол жақ батырмасымен шерту – Ортақтастыру мен қауіпсіздік



5-модуль. Жергілікті желі
1. Кабель арқылы өзара жалғанған бірнеше компьютерлер тобы – бұл ...

а) компьютер сыныбы

b) желілік бейімдеуіш

c) жергілікті желі

d) топология
2. Жергілікті желі ... үшін қызмет етеді.

a) компьютерлер арасында мәліметтер алмасу

b) компьютердің сипаттамасын жақсарту

c) басып шығару жылдамдығын арттыру

d) компьютердің жұмыс істеу қауіпсіздігі
3. Желідегі компьютердің атауын білу не үшін керек?

a) пайдаланушыны қалай шақыруды білу үшін

b) эстетикалық түр үшін

c) желідегі компьютерді іздеу үшін

d) оны өшіру үшін
4. Жұмыс үстелінде қандай белгіше жергілікті желіде жұмыс істеуге арналған?

a) Менің компьютерім

b) Себет

c) Менің құжаттарым

d) Желілік орта
5. Желілік басып шығарғыш – бұл ...

a) лазерлік басып шығарғыш

b) бөлек пайдаланушылар үшін ортақ қатынас құру басып шығарғышы

c) жергілікті желідегі әрбір компьютерде тұрған басып шығарғыш

d) түрлі түсті басып шығарғыш
6. Қалтаны ортақтастыруды баптау … ашылады.

a) желілік ортаның мәтінмәндік мәзірі арқылы

b) қалтаны тінтуірдің сол жақ батырмасын шерткенде

c) қалтаның мәтінмәндік мәзірі арқылы

d) қалтаны екі рет шерткенде
7. Жергілікті желі компьютерлері арасында мәліметтерді жеткізу ... арқылы орындалады.

a) басып шығарғыш

b) телефон

c) модем


d) шоғырлағыш (концентратор)
8. Өз компьютеріңізде қалтаны ... әмірлерінің көмегімен ортақтастыруға болады.

a) қалтаның мәтінмәндік мәзірі – Ортақтасу мен қауіпсіздік – Ортақтасу

b) желілік орта – Ортақтасу мен қауіпсіздік – Ортақтасу

c) қалтаны шерту – Ортақтасу мен қауіпсіздік – Ортақтасу

d) қалтаны екі рет шерту – Ортақтасу мен қауіпсіздік – Ортақтасу
9. Жергілікті желінің пайдаланушысы өзіне қажет компьютерді табу үшін нені білуі керек?

a) компьютерге қосылған басып шығарғыш бар-жоғын

b) компьютерде модем бар-жоғын

с) жүйелік қораптың түсін

d) компьютердің атауын
10. Сіздің компьютеріңізге қосылған басып шығарғышты … әмірлерінің көмегімен ортақтастыруға болады.

a) Бастау – Менің құжаттарым – Басып шығарғыш пен факстар

b) Бастау – Басқару үстелі – Басып шығарғыш пен факстар

c) Желілік орта – Басып шығарғыш пен факстар

d) Менің компьютерім – Басып шығарғыш пен факстар – Ортақтастыру
11. Желілік басып шығарғышты өз компьютеріңізге қосу … әмірлерінің көмегімен орындалады.

a) Бастау – Басқару үстелі – Басып шығарғыш пен факстар – Басып шығарғышты орнату

b) Менің компьютерім – Басып шығарғыш пен факстар – Басып шығарғышты орнату

c) Желілік орта – Басып шығарғыш пен факстар – Басып шығарғышты орнату

d) Бастау – Менің құжаттарым – Басып шығарғышты орнату
12. Сіздің жұмыс тобыңызда қандай компьютерлер тұрғанын … әмірлерінің көмегімен қарап шығуға болады.

a) Бастау – Желілік орта – Жұмыс тобының компьютерлерін көрсету

b) Менің компьютерім – Жұмыс тобының компьютерлерін көрсету

с) Бастау – Жұмыс тобының компьютерлерін көрсету

d) Менің құжаттарым – Жұмыс тобының компьютерлерін көрсету
13. Жергілікті желідегі компьютердің атауын … әмірлерінің көмегімен қарап шығуға болады.

a) Менің компьютерім белгішесінің мәтінмәндік мәзірі – Сипаттар – Ортақ

b) Менің компьютерім белгішесінің мәтінмәндік мәзірі – Сипаттар – Компьютердің атауы

с) Менің компьютерім белгішесінің мәтінмәндік мәзірі


– Сипаттар – Қосымша

d) Менің компьютерім белгішесінің мәтінмәндік мәзірі – Сипаттар – Жабдық


14. Компьютерге қатысты жұмыс тобының атауын … әмірлерінің көмегімен қарап шығуға болады.

a) Менің компьютерім белгішесінің мәтінмәндік мәзірі – Сипаттар – Ортақ

b) Менің компьютерім белгішесінің мәтінмәндік мәзірі – Сипаттар – Компьютердің атауы

с) Менің компьютерім белгішесінің мәтінмәндік мәзірі


– Сипаттар – Қосымша

d) Менің компьютерім белгішесінің мәтінмәндік мәзірі – Сипаттар – Жабдық


15. Жергілікті желіде компьютерді іздеу үшін қандай әмірлерді орындау керек?

a) Бастау – Іздеу – Компьютерлерді не адамдарды – Желідегі компьютерді

b) Бастау – Іздеп табу – Компьютерлерді не адамдарды – Желідегі компьютерді

c) Бастау – Іздеу – Құжаттар – Желідегі компьютерді



d) Бастау – Іздеу – Файлдар мен қалталар – Желідегі компьютерді


6-модуль. Word-та жұмыс істеу. Құжаттарды әзірлеу мен безендіру
1. Microsoft Office дестесінің Microsoft Word бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

  1. мәтіндік құжаттарды әзірлеу, қарап шығу, өңдеу және басып шығару

  2. электрондық кестелерді әзірлеу

  3. көрмелерді, яғни сөйлеуге арналған суреттемелерді әзірлеу

  4. жан бітірімдер, мультимедиалық нысандарды әзірлеу


2. Microsoft Word бағдарламасында мәтіндегі сөзді бөлектеу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?

  1. сөзді тінтуір батырмасымен екі рет шерту

  2. файл – Бөлектеу әмірін орындау

  3. сөздің алдын үш рет шерту

  4. сөзді шерту


3. Word бағдарламасы терезесінде Файл, Өңдеу, Көрініс және т.б. әмірлер тобы қайда тұрады?

  1. Мәзір жолағында

  2. Стандартты құралдар үстелде

  3. Пішімдеу құралдар үстелінде

  4. Тапсырмалар аймағында


4. Құжаттың өрісін, сондай-ақ өрістен шегіністі беруге мүмкіндік беретін Word бағдарламасы терезесінің элементі – бұл ...

  1. Стандартты үстел

  2. Пішімдеу үстелі

  3. Сызғыш

  4. Тапсырмалар аймағы


5. Құжаттың ағымдық бетін, бөлімнің нөмірін, беттің санын және т.б. бейнелейтін элемент – бұл ...

  1. Күй жолағы

  2. Стандартты үстел

  3. Пішімдеу үстелі

  4. Сызғыш


6. Пайдаланушы Word бағдарламасы терезесінің айналдыру сызығының көмегімен ...

  1. әріптердің тізбектілігін ескере отырып, сөзді іздеуді жүзеге асыра алады

  2. құжатты сақтай алады

  3. құжаттың қажетті бөлігіне орын ауыстыра алады

  4. тағы бір құжатты аша алады



7. Word құжатын қандай әмірлер көмегімен ашуға болады?

  1. КірістіруНысан

  2. ҚұралдарПараметрлер

  3. ӨңдеуБәрін бөлектеу

  4. ФайлАшу


8 . Сақтау әмірін Word бағдарламасы мәзірінің қай қосымшасынан табуға болады?

  1. Файл

  2. Құралдар

  3. Өңдеу

  4. Пішім


9. Word бағдарламасында мәтінді туралау түрлерінің бәрін атап көрсетіңдер:

  1. ұзындығы бойынша, сол жақ шеті бойынша, диагоналі бойынша

  2. сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, ені бойынша

  3. тігінен, ортасы бойынша, көлденеңінен

  4. ені бойынша, көлденеңінен



10. Құжатқа мәтінді енгізу кезінде Enter пернесін қашан басу керек?

    1. әрбір жолдың соңында

    2. әрбір еже соңында

    3. әрбір сөзден кейін

    4. әрбір беттің соңында


11. Word бағдарламасында мәтінді бөлектеуді болдырмау үшін ... керек.

  1. құжатты жабу

  2. компьютерді қайта қотару

  3. құжат аймағының кез келген жерінде шерту

  4. құжатты сақтау


12. Word бағдарламасы құжатын дискетке жазу үшін Файл мәзірінен ... тармағын таңдау керек.

      1. Басқаша сақтау

      2. Қайтадан жазу

      3. Ашу

      4. Көшіру



13. Word бағдарламасы құжатында бөлектелген мәтінде қаріп мәнерін өзгерту үшін қандай әмірді орындау керек?

  1. Пішім – Қаріп

  2. Құралдар – Баптау – Аспаптар тақтасы – Пішім мәзірі

  3. Өңдеу – Қосымша

  4. Пішім – Еже


14. Қаріп сұхбат терезесі қай қосымшада орналасқан?

  1. Файл

  2. Өңдеу

  3. Көрініс

  4. Пішім


15. Word бағдарламасында Пішім мәзірінің Қаріп қосымшасы ... мүмкіндік береді.

  1. байрақшалы тізімді белгілеуге

  2. қаріпті, оның түсін, өлшемін және мәнерін белгілеуге

  3. мәтінді бағандарға бөлуге

  4. Word бағдарламасын қайтадан іске қосуға


16. Белгілі бір типті құжатты ( есеп-қисаптар, жоспарлар, тапсырыстар, түйінхат, іскерлік хаттар, хабарландырулар және т.б.) әзірлеуді оңайлату үшін ... пайдаланылады.

  1. қалып

  2. беттің нөмірі

  3. құжат сұлбалары

  4. қаріптер мәнері


17. Мәтін беттерінің нөмірлерін қою үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?

  1. Кірістіру – Бет нөмірлері – қажетті параметрлерді таңдау

  2. Пішім – Бет нөмірлері – қажетті параметрлерді таңдау

  3. Көрініс – Бет сызбасы – қажетті параметрлерді таңдау

  4. Файл – Бет өлшемдері – қажетті параметрлерді таңдау


18. Жолдар аралығын, шегіністерді, қадамды шегіндіруді өзгерту үшін қандай әмірлерді орындау керек?

  1. Пішім Еже

  2. Пішім Қаріп

  3. Пішім Тізім

  4. Пішім – Мәнерлер және пішімдеу


19. Word бағдарламасының Еже сұхбат терезесі қандай мүмкіндіктерді ұсынады?


  1. қаріпті, оның түсін, өлшемін және мәнерін өзгерту

  2. жан бітірім пәрмендерін жасау

  3. жүйені қайтадан іске қосу

  4. жолдар аралығын, шегіністерді, қадам шегінісін өзгерту


20. Word бағдарламасында құжаттың бөлектелген мәтінін бірнеше бағанға бөлу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек?

  1. Өңдеу – Бағандар

  2. Пішім – Бағандар

  3. Құралдар – Бағандар

  4. Көрініс – Бағандар


21. Word бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?

  1. көк

  2. жасыл

  3. күлгін

  4. қызыл


22. Word бағдарламасында стилистикалық қателер қандай түспен айрықша көрсетіледі?

  1. көк

  2. жасыл

  3. күлгін

  4. қызыл


23. Емле және грамматика әмірі Word бағдарламасы мәзір жолағының қай тармағында орналасқан?

  1. Файл

  2. Өңдеу

  3. Көрініс

  4. Құралдар


24. Сөздегі қателерді түзету үшін ... керек.

  1. сөзді тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту, мәтінмәндік мәзірде ұсынылған нұсқаны таңдау

  2. Бас мәзірдің көмегімен Анықтама және қолдау қызметіне қатынау

  3. ақаулық туралы есеп жөнелту

  4. компьютерді қайта қотару




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет