1 Нарық жағдайында жоспарлаудың экономикалық мәні


Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың міндеттері мен қағидалары



бет2/3
Дата19.09.2023
өлшемі59.12 Kb.
#477919
1   2   3
305 дәріс

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың міндеттері мен қағидалары
Кәсіпорын қызметін жоспарлау өндірісті басқарудың маңызды қызметі болып табылады. Ол фирмалар мен кәсіпорындардың жоспарлы қызметіне тікелей қатысты ұйымдастырушылық-басқарушылық кызметтерді құрайды. Ол қызметтерге мақсатты негіздеу, стратегия құру, жұмыстарды жоспарлау, белгілі операцияларды жобалау, үдерісті ұйымдастыру, жұмыстар мен қызмеггерді үйлестіру, олардың атқарылуын бақылау, нәтижелерді бағалау, мақсатқа түзету енгізу, жоспарларды өзгерту жатады. Кәсіпорындағы жоспарлау - адамдардың өзара байланысты ғылыми тәжірибелік қызметі. Зерттеу пәні ретінде материалдық және рухани құндылықтарды өндіру, бөлу жэне түтыну кезіндегі еңбек пен капитал арасындағы еркін нарықтық қарым-қатынастар жүйесі есептеледі.
Кәсіпорындағы жоспарлаудың негізгі міндеттері:
1. Қалаған нәтижеге жетуге болатын шарттар мен шектеулерді анықтау.
2. Стратегиялық және ағымдық жоспарларды байланыстыру.
Жоспарлаудың ортақ қағидалары:

  1. Бірлік (полизм) қағидасы: өзара байланысқан жоспарлар жүйелерiн құрастыру. Файоль А.)

  2. Үздіксіздік қағидасы: орнын басушылықты қамтамасыз ететін жоспарлардың уақытша байланысы.(Файоль А.)

  3. Икемділік қағидасы: “қауіпсіздік қорлары” шегінде жоспарларды түзету мүмкіндігі. (Файоль А.)

  4. Дәлдік қағидасы: жоспарларды нақтылау және айқындау. (Файоль А.)

  5. Белсенді қатысу қағидасы: ұйымның барлық мүшелерінің қатысуы, бұл жоспарларды іске асыруды жеңілдетеді. (Акофф Р.)

Жоспарлаудың жалпы экономикалық қағидалары

  1. Жүйелілік

  2. Кешенділік

  3. Ықшамдылық

  4. Ғылимилық

  5. Басымдылық

  6. Салалық (секторлық) және аймақтық жоспарлауды үйлестіру

  7. Басқалар



Кәсіпорын қызметін жоспарлау әдістері

Кәсіпорын - күрделі әлеуметтік-экономикалық, ашық жүйе ретінде





Жүйе - «қара жәшік» ретінде.



Сурет 1. Жүйенің сыртқы ортасын және оның ішкі құрылымын талдау кезектілігі

Ереже: Жүйенің сыртқы ортамен өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін орнатуда «қара жәшік» тұрғызған жөн және алдымен «шығу» параметрлерін қалыптастыру, содан кейін макро және микро орталар факторларының әсерін, «енуге» қойылатын талаптарды, кері байланыс каналдарын анықтау және соңғы кезекте жүйедегі үрдіс параметрлерін жобалау керек.


Жоспарлаудың негізгі әдістері:



  1. Жоспарлаудың нормативті әдісі шаруашылық субъектінің ресурстарға қажеттіліктері нормалар мен техникалық- экономикалык нормативтер негізінде есептелінеді.

  2. Есептік-сараптамалық негіз ретінде қабылданған көрсеткіштердің шамаларын және жоспарлы кезеңдегі өзгерістерінің индексін талдау арқылы осы көрсеткіштердің жоспарлы шамалары есептелінеді (сараптамалык бағалау әдісі).

  3. Баланстық әдіс балансты құру жолымен қолда бар қаржылык ресурстар және оған нақты қажеттіліктер арасындагы байланыстың қамтамасыз етілуін білдіреді.

  4. Жоспарлы шешімдерді ұтымды үйлестіру әдісі шешімдердің ішінен ұтымдысын және тиімдісін таңдау үшін жоспарлы есептеулердің бірнеше нұсқасын құруды білдіреді.

  5. Экономикалық-математикалық моделъдеу - экономикалық үдерісті дәл математикалық сипаттау, яғни математикалык символдар және амалдармен (теңдеу, теңсіздік) берілген экономикалық құбылыстардың өзгерістерін, заңдылықтары мен құрылымын сипаттайтын факторларды бағалау.

  6. Жоспарлаудың жүйелілік әдісі - бұл өзара байланысты жұмыстар кешенін жүргізуді жоспарлау.

  7. Бағдарламалық-мақсаттық әдіс - бұл бағдарламаны жоспарлау мен басқару әдістерінің жиыны.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет