2. Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі
Қ.К. Кеулімжаевтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты кітабында ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып қалуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндік болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсаалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан щығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осяндай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұймдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізі мерзімі жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қаьылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі негізгі құралдар-2-ші Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланыста тиісті деректер өзгертулер мен толықтыулар жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымныңбухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгі түрі негізгі құралдар-2 Жөнделген қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдап-тапсыру актісі екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарда жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, ондла ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
-
Аяқталмаған өндіріс
-
Тауарларды сату жөніндегі шығындар
-
Жалпы және әкімшілік шығындар
-
Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитінде, ал мына төмендегі:
-
Материалдар
-
Бюджетпен есеп айырысу
-
Еншілес серіктестіктердің несиелік борышы
-
Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
-
Жабдықтаушылыр және мердігерлермен есеп айырысу
-
Басқадай несиелік борышпен есептеулер
деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.
Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жөндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебиттелініп, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелінеді.
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындаржы өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады. Бұл жағдайда қордың сомасы ай сайын:
-
Аяқталмаған өндіріс
-
Тауарларды сату жөніндегі шығындар
-
Жалпы және әкімшілік шығындар
-
Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитінде
-
Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер
деп аталатын шоттың кредитіне жазылады.
Ал негізгі құралдарға жөндеу жүргізген уақытында бұл резервтегі қордың жұмсалуына төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни субъектінің өз күшімен жүргізілсе, Қосалқы өндірістер шоты кредиттелініп, Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер шоты деьиттелінеді. Ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе Өнім беруші және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелініп Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген ьөлемдер шоты дебиттелінеді. Жыл соңында Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.
3 – кесте. Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№
|
Операцияның мазмұны
|
Дебиттелетін шот
|
Кредиттелетін щот
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындар
|
7110,7210,8410
|
1310,2110,3350,3130,
3200,1030,1010
|
2
|
Негізгі құралдарды жөндеу үшін резерв қор құрылғанда
|
1340,7110,7210,8410
|
3230
|
3
|
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жасаалған резервтік қор пайдаланғанда, яғни
жұмсалғанда:
-
шаруащылық әдіспен, яғнм өзіміз жөндеу жүргізгенде
-
мердігерлік әдіспен жөндеу жүргізілсе, яғни біреуді жалдағанда
|
3230
3230
|
8310
3350
|
Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» окулығында негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін және олардың пайдалану мерзімінде үнемі жұмыс жасау қабілетінде болуын қамтамасыз ету үшін оларды мезгіл-мезгіл сапалы жөндеуден өткізіп, отыру қажет және техникалық күтімнің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалап отырған жөн. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және мерзімдерін белгілеу негізгі құралдардың пайдалану қарқынына және пайдалану ортасының жағдайына қарай анықталады. Осыған байланысты әр шаруашылықта жөндеу жұмыстарының жоспары жасалынып, жөндеуге кететін шығындарының сметасы жасалынады.
Жөндеу жұмыстарының сипаты және күрделілігіне байланысты оларды:
-
техникалық күтім;
-
ағымдағы жөндеу;
-
күрделі жөндеу.
Негізгі құралдардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі техникалық күтімін (ұдайы үйкелісте болатын байланыс тетіктерін уақытылы майлап тұру, мотордың майын дер кезінде ауыстыру т.с.с) дұрыс ұйымдастыру. Бұл жұмыстарды негізінен жауапкершілігіне бекітілген адамдар негізгі құралдардың жұмыс ырғағын бұзбай атқарып отыруы керек. Ол жұмыстар үшін арнайы еңбекақы төленбейді және материалдық шығындары да болмашы. Сондықтан ол жұмыстардың бөлек есебі жұргізілмейді.
Ағымдағы жөндеу кезінде құралдырдың қалыпты жұмыс жағдайында жұмыс ырғағына елеулі нұсқан келтірмей тозған майда бөлшектері ауыстырылады немесе жөнделеді. Көп жағдайларда алдын-ала сақтық жөндеулерін жоспары түрде ұйымдастырып отырады. Ол үшін запас бөлшектер, құрылыс материалдары, жағар майлар, т.с.с. едәуір материалдық шығындар жұмсалады. Сондықтан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірілген өнімдердің, атқарылған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құндарының есебінен, белгіленген нормативтер бойынша жөндеу қорына арнайы қаржы бөліп отырады.
Күрделі жөндеу кезінде негізгі құралдар пайдаланудан уақытша алынып, олардың тозған негізгі бөліктері ауыстырылады немесе жөнделеді. Негізінен күрделі жөндеулерді жоспарлы түрде ұйымдастырады (апатқа ұшыраған негізгі құралдардан басқа). Негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізі үшін міндетті түрде олардың негізгі бөлшектерін құрамы бойынша түгел ажыратып, ішіндегі тозған детальдарын ауыстырып немесе жөндеп қайта жинайды.
Күрделі жөндеуде екі түрлі тәсілмен жасауы мүмкні. Біріншіден, шаруашылықтың өзінде жөндеу материалдары және білікті мамандары жеткілікті болған жағдайда және жөндеу жұмыстарын жүргізуге толық жағдай жасалған болса жөндеу жұмыстары шаруащылықтың өз күшімен орындалады. Мұны шаруашылықтың тәсіл деп атаймыз.
Екіншіден, білікті мамандар мен жөндеу материалдары тапшы болса және жөндеу жұмыстарын жүргізетін орын жағдайы нашар, немесе жоқ болса, онда күрделі жөндеуді мамандандырылған мекемелер орындайды. Мұны мердігерлік тәсіл деп атаймыз.
Күрделі жөндеуден өткізілуге тиіс негізгі құрал білікті мамандардан құралған арнайы комиссияның байқауынан өтеді. Комиссия күрделі жөндеуден өтетін әрбір объектіге дефект ведомісін толтырады.
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаражылық жағдайын және төлем қабілеттілерден негізгі құрал объектілерін уақытша пайдалануға,яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Жалға жасалатын келісім-шартта: жалға берілетін мүліктің құралы мен құны; жол ақысының мөлшері; жалдық мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарт және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жол ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және басқа қарастырылады.
Негізінен алғанда , жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы есепке көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлік есеп №7-ші «Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырып ретеледі және сонымен жол мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.
Жал келісім-шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Жал мерзімі- көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен ресімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы деп - қаржыландырылатын жалгерліктен басқа кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің боцында жүйелі түрде әрбір есеп алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1430-«Басқа да» шоттың дебетінде және 3280,705 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса шоттарының кредитінде көрініс табады.
7210 егер де негізгі құрал жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін пайдаланылса 3210 шоттың кредитінде көрініс табады.
Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.
Қаржыландырылатын жал-мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің алжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады.
Қаржылық лизинг - бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амартизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлуі мүмкін. Ішкі лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да ҚР-ның резиденті болып табылады. Халықаралық лизинг, негізінен ҚР-ның резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады.
Жалға берушіде
1. Бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарды жалға берген кезде
Дт 7410 Кт 2412-2416
2. Есептелген жалдау процентінің сомасына
Дт 2940 Кт 4420
3. Есепті кезең басталған кезде жалдық % кіріс ретінде есептен шығарылады Дт 4420 Кт 6110
4. Жалгерден жалдау ақысы келіп түсті:
а) амортизация бөлігінде
Дт 1010,1020,1050,1060. Кт 1430
б) жалдық % бөлігінде
Дт 1010,1020,1050,1060 Кт1270
Жалгердің есебінде мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:
Жалдау мерзімінің соңында негізгі құралдар өтемін төлеу былайша көрсетіледі: жалға берушінің шоты бойынша өтемін төлеп қайтарылмаса
Дт 2412-12116 Кт 3310
Егер негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылса, онда:
Есептелген тозудың сомасына:
Дт 2421-2428/2 Кт2412-2416/2.
Негізгі құралдарды есептен шығару.
Негізгі құралдарды есептен шығарған кезде «Негізгі құралдардың есептен шығару актісі» толтырылады. Актіні субьектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп тағайындайды. Актінің 1-данасы бухгалтерияға беріледі,екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.
Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің «Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі»деген бөлімінде қарастырылады. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуға тиіс,шығып қалғаннан кейін, не оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындайтын пайда немесе залал ондай объектіні тану тоқтатылған жағдайда міндетті түрде пайдаға немесе залалға қосылуға тиіс (егер 17 IAS кері жалдап сату кезінде өзгеше талап етпесе). Пайданы кіріс ретінде сыныптауға тиым салынады.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің шығып қалуы әр түрлі жолдармен жасалуы мүмкін (мысалы, сату, қаржылық жалдау шартын жасау немесе сыйға тарту жолымен). Ондай активтің шығып қалған күнді анықтау үшін ұйым тауарлар сатудан түскен кірісті тануға арналған 18-«Табыс» IAS Халықаралық стандартының өлшемдерін қолданады. 17 IAS кері жалдап сату жолымен істен шығаруға қолданылады.
Егер, баяндалған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектінің бір бөлігін алмастыру құнын танитын болса, осы алмастырылатын бөлік бөлек амортизацияланған ба, жоқ па, соған қарамастан, ол алмастырылатын бөліктің баланстық құнын тануды тоқтатады. Егер ұйым активтің алмастырылған бөлігінің баланстық құнын анықтай алмайтын болса, ол алмастыру құнын оны сатып алған немесе салған кездегі алмастырылған бөлік құнының көрсеткіші ретінде пайдалануға құқылы.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындаған пайда немесе залал, шығып қалудан болған таза түсімдер (егер ондайлар бар болса) мен осы объектінің баланстық құны арасындағы айырма ретінде міндетті түрде анықталуға тиіс.
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі шығып қалғаннан кейін алуға ыңғайласпа беру бастапқыда оның әділ құны бойынша көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі үшін ақы төлеуді кейінге қалдырған ретте алынған ыңғайласпа беру бастапқыда объектінің ақшалай қаражаттар баламасындағы бағамен көрсетіледі. Ыңғайласпа берудің атаулы сомасы мен ақшалай түрдегі баға баламасының арасындағы айырма, алуға өтемнің тиімді кірістілігі ескеріліп, 18 IAS Халықаралық стандартына сәйкес пайыздық кіріс ретінде танылады.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса,онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.
Басы артық, пайдаланбайтын құрал - жабдықтарды, көлік -құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт жасалады.акт негізінде мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.
Негізгі құралдарды есептен шығару актісінің негізінді өндіріс құрал-жабдықтары есептен шығарылды:
- обектінің пайдалану кезіндегі есептелген тозу сомасы
Дт 2423 Кт 2413
- объектінің баланстық құнына
Дт 7410 Кт 2413
Шаруашылықты жүргізуші субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне тиісті үйлер мен ғимараттарды, құрал - жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал - саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға бёруге, уақытша тегін пайдалануға беруге немесе заң актілері мен субьект жарғысында бұл іс - әрекеттер көзделмеген болса, оларды баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал - жабдықтардың есептен шығару табиғи және моралдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда, құрылыс жүргізгенде, кәсіпорындарда, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жарақтандырып, кеңейткенде, негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда, табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде, баланстан тегін бергенде, сыйлағанда, шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде сатқанда, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Жою толық және ішінара объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде болады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану мерзімі біткен, табиғат зіл - заласы мен апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жөне оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруте болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал - жабдықтар, сондай - ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал - сайманнан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасын топтап көрсетеді.
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі
Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:
-
толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал - жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.
-
толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы негізгі қорлардың әрбір түрін қалпына келтіру құны.
-
тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.
-
тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.
Ұйымның операцияларында оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жекелеген топтарына мысалдар келтірілген: жер учаскелері;жер учаскелері және ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері; және кеңсе жабдығы. Объектілерді жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы кесте бойынша қайта бағалануы мүмкін.
Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс.
Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.
Активті тану тоқтатылған жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісіне қатысты капиталға енгізілген, оны қайта бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Актив пайдаланудан шығарылған немесе істен шығып қалған кезде барлық өсім толық көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы активтің қайта бағаланған баланстық құны негізінде есептелген амортизация сомасы мен оның бастапқы құны негізінде есептелген амортизация сомасының арасындағы айырманы құрайды. Қайта бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді.
Негізгі қордың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір түрін сату немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.
Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.
Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.
Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.
Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.
Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.
Негізгі құралдарды түгендеу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.
Негізгі құралдар түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
-
Есепте тіркелмегенобъектілерді қоса алғанда, негізгі құралдар нақты қолда барын анықтау;
-
Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;
-
Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсызнегізгі құралдар объектілерін анықтау;
-
Машиналарды,механнизмдерді,жабдықтарды,көлік құралдарын және негізгі құралдар басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру;
Түгендеуді:
-
Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен,
-
Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;
Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет қараша айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді 3 жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі.
-
Достарыңызбен бөлісу: |