Негізгі құралдардың тозу есебі. 1 Негізгі құралдардың тозу есебі



бет1/4
Дата22.09.2023
өлшемі23.95 Kb.
#478335
  1   2   3   4
f606541f67615e0 (1)


Негізгі құралдардың тозу есебі.
1 Негізгі құралдардың тозу есебі.
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып-мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жету. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозу олардың толық табиғи тозуы жетпейақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі- өндіріс салаларында ғылыми техникалық прогресске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының, тағы да басқа негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техникалық өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтанда өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі құралдардың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішіндегі мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:
-жерге;
-кітапхана қорларында;
-фильм қорларына;
-архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
-өнімді малдарға;
-мұражайлық құндылықтарға. Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді;

  • қайта құру, жаңарту, және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;

  • негізгі құралдар өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады.

Негізгі құралдардың есебі үшін мынандай синтетикалық шоттары бар 13 «негізгі құралдардың тозуы» бөлікшесінің пассивті шоттары қолданылады:
131(1251) «Үйлер мен ғимараттардың тозуы»
132(1252)«Машианалардың, жабдықтардың,беріліс құрылғыларының тозуы»
133(1253) «Транспорт құралдарының тозуы»
134(1254) «Басқа да негізгі құралдардың тозуы »
Жоғарыда көрсетілген шоттардың әрқайсысына қосалқы шоттар (субшоттар) ашылуына болады:
-1 «Меншікті негізгі құралдардың тозуы»
-2 «Ұзақ мерзімге жалға алынатын негізгі құралдардың тозуы»
Барлық субъектілердің негізгі құралдардың барлы түрлері бойынша меншік формасына қарамастан негізгі құралдардың тозуын есептейді, бұған жер, өсімтал мал, өгіз, буйвол, бұғы, кітапхана қорлары, фильм қорлары, мұражай және көркем өнер құндылықтары, архитектура мен өнер ескерткіштері, жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары кірмейді.
Толық амортизацияланған негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінбейді.
Тозуды есептегенде 93(4330) «Қосымша шығындар» бөлікшесіне өндірістік шоттары, 935(4345)« «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы» қолданылады.
Тозуды есетегенде:
935(4345)«Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық активтер амортизациясы» дебеті. 131-134(1251-1254) кредиті.
Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың негізгі құралдарының тозуы 821(4214) «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында ескеріледі.
Тозуды есептегенде:
821(4214) дебеті, 131-134(1251-1254) кредиті
Өткізілетін орындарда тауарларды сақтауға арналған негізгі құралдар бойынша 811(4212) «Тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шотында негізгі құралдардың тозуы көрсетіледі.
Тозуды есептегенде:
811(4212)- дебеті 131-134(1251-1254) кредиті.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Тозу –бұл физикалық және моралдық сипаттамаларын жоғалту процесі.
Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозудың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын ( физикалық тозудың табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.
Негізгі құралдардың моральдық тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимарат түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктерінің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерінің жасалуы мен ендірілуі қолданыстағы негізгі құралдард одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын фактор:
1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);
2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3.Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4.Тауар өндіуге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің, блікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.
Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;
6.Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральді тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральді тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы моральді тозуға бейім. 
2.Құнды бірқалыпты және жылдамдатып есептен шығару әдісі 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет