6. Курс саясаты
Философия курсы «С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ Академиялық саясатының талаптарына (сайтқа сілтеме: https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika) сәйкес ұйымдастырылған. Академиялық талаптарды орындамаған және сабаққа қатысуы төмен болған жағдайда ықтимал салдарларға назар аудару ұсынылады. Осы пәнді оқу барысында оқытушы мен білім алушылар университетте қабылданған білім беру процесіне қатысушылардың Академиялық адалдық кодексін ұстануы тиіс https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika (7 тармақ). Университеттің Академиялық саясаты және білім беру процесіне қатысушылардың Академиялық адалдық кодексі университет сайтында еркін қолжетімді. Барлық білім алушыларға сабақтардағы оқу тақырыптарын талқылауға тең мүмкіндік беріледі. Силлабуста көрсетілген оқу тақырыптары бойынша барлық білім алушылар сұрақтар қоюға және жауаптар алуға құқылы. Оқытушының тапсырмаларын орындау кезінде ойлау ерекшелігі, студенттердің шығармашылық көзқарасы құпталады. Барлық білім алушылардан мінез-құлықтың академиялық мәдениетін сақтау, бір-біріне өзара құрмет көрсету талап етіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар оқытуда жеке көзқарас құқығын пайдалана алады.
7. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері.
Қорытынды бақылауды (емтиханды) бағалау критерийлері. Қорытынды бақылау «Platonus» ААЖ тестілеу арқылы өтеді.
Білім алушы «өте жақсы» (90-100) деген ұпайды 18-20 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.
Білім алушы «Жақсы» (70-89) деген ұпайды 14-17 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.
Білім алушы «қанағаттанарлық» (50-69) деген деген ұпайды 10-13 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.
Білім алушы «қанағаттанарлықсыз» (25-49) деген ұпайды 5-9 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады.
Білім алушы «қанағаттанарлықсыз» (0-24) деген ұпайды 0-4 сұраққа дұрыс жауап бергенде алады. Пән бойынша қорытынды балл пайыздық мазмұнда мынадай формула бойынша анықталады: ҚБ% = АБорт * 0,6 + Е * 0,4
Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау критерийлері
Достарыңызбен бөлісу: |