7.1 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық
баламасы
|
%-дық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
Бағалау критерийлері
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
| А бағасы оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара байланысының мәнін толық түсінуді көрсете; материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастырса; жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтырса; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алса; түсіндіруде шығармашылық қабілетін таныта алған жағдайда қойылады. |
А-
|
3,67
|
90-94
| А-бағасы95-100 балл –90-94 балл – А- Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы жағдайда қойылады. |
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
| В+ бағасы оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауап болғанда; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алса; жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алған жағдайда қойылады. |
B
|
3,0
|
80-84
| В бағасы оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алған жағдайда қойылады. |
В-
|
2,67
|
75-79
| В-бағасы жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алған жағдайда қойылады. |
С+
|
2,33
|
70-74
| С+ бағасы жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады. |
C
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
| С бағасы студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайларда қойылады. |
С-
|
1,67
|
60-64
| С-бағасы студент берілген сұраққа толық жауап бермесе, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалған жағдайда қойылады. |
D+
|
1,33
|
55-59
| D+бағасы көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі жағдайда қойылады. |
D
|
1,0
|
50-54
| D бағасы студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда қойылады. |
FХ
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
«Қанағаттанарлықсыз» деген бағаға 0 сандық баламасы және 0-49 пайыздық мазмұны бар FХ, F әрпі сәйкес келеді. Бұл баға, егер студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді, сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді.
0-24 балл Ғ студент оқу материалын толық меңгермеген, тапсырманы орындамаған кезде, сұраққа мүлдем жауап бермеген жағдайда қойылады.
|
F
|
0
|
0-24
|
Достарыңызбен бөлісу: |