Семинар-5. Таным философиялық мәселе ретінде
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Таным мәселесі туралы толық түсіндіре алу. Таным философиялық мәселе ретінде мәнін ашып көрсету. Таным түрлеріне шолу жасау. Танымның негізі - сана, ақиқат мәселелерінің критерийлерін ашып көрсету.
Сабақтың мазмұны:
Студент семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалады. Семинар сабақ барысында, студенттердің дайындығының негізінде әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап, рөлдік ойын және пікірталас ретінде жүргізіледі. Студенттер өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Семинар сұрақтарын негізге ала отырып,ұсынылған әдебиеттер мен интернет көздерін, электронды ресурстарды пайдалана отырып презентация дайындау. Презентация дайындау барысында студент өзі дайындаған тапсырма аясында сұрақ дайындап,аудиториямен кері байланыс оранту қажет.
Презентация дайындауға арналған сұрақтар:
1.К.Ясперстің «Мен -адамилық деңгейлердің концепциясы»
2.К.Поппердің «субъектсіз» эпистемологиясы.
3.Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық.
4.Қазіргі Қазақстан жаңғыруы аясындағы білім культі.
5.Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері.
6.Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр.
7.Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным.
Бақылау сұрақтары:
1.Дүниені танып-білу мүмкіндігі мәселесі. Танымның түрлері.
2.Танымның субъектісі және объектісі.
3.Танымдағы сезімдік пен рационалдық. Сезімдік танымның формалары.4.Танымның логикалық формалары. Таным және білім. Ғылыми таным және оның ерекшеліктері.
5.Философияның категориялары танымның сатылары және формалары. Ақиқат және оның өлшемдері.
Әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. Философия. – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. Философия. – Алматы: Эверо, 2014.
3. Садықова Т.М."Философия" пәнінен барлық мамандықтарға арналған электронды оқу құралы, 2016ж.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/YKtMyuy27jL3R68tx85p
4.А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
5. Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.
6. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
7. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.
Достарыңызбен бөлісу: |