1. ОҚытушы туралы мәліметтер


Семинар-8.Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары: Философиялық талдау



бет49/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
umkd filo2024

Семинар-8.Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары: Философиялық талдау.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі мен өмірдің мәнін талдау. Өмірдің мәнін іздеу туралы философиялық пікірлерді саралау. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм ұғымдарының мәні туралы толық түсіндіре алу. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясының маңыздылығын ашып көрсету.
Сабақтың мазмұны:
Студент семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалады. Семинар сабақ барысында, студенттердің дайындығының негізінде әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап, рөлдік ойын және пікірталас ретінде жүргізіледі. Студенттер өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Семинар сұрақтарын негізге ала отырып,ұсынылған әдебиеттер мен интернет көздерін, электронды ресурстарды пайдалана отырып презентация дайындау. Презентация дайындау барысында студент өзі дайындаған тапсырма аясында сұрақ дайындап,аудиториямен кері байланыс оранту қажет.
Презентация дайындауға арналған сұрақтар:
1.Өмір мәндік құндылықтар туралы ілім.
2.Махаббат – адамның өмір сүру мәні.
3.Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы.
4.Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде. «Махаббатпен жаратқан адамзат ...».

Бақылау сұрақтары:


1.Философия–таным, философия-адамгершілік, философия –эстетика,
философия логика ұғымдарының арасына теңдік белгісін қоюға бола ма? 
2.Сіз үшін адамгершілік немен өлшенеді?
3.Этикалық өлшем дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1.Садықова Т.М."Философия" пәнінен барлық мамандықтарға арналған электронды оқу құралы, 2016ж.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/YKtMyuy27jL3R68tx85p
2.А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
3. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
4. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.
5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Науч. редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет