1. ОҚытушы туралы мәліметтер



бет36/66
Дата07.06.2022
өлшемі2.07 Mb.
#459049
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
oak kaz tar 2021-2022 - kopiya

Бақылау сұрақтары:
1. Алаш қозғалысының қазақ тарихындағы басқа қозғалыстардан ерекшелігі?
2. Патша үкіметінің орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандырудағы мақсаты?
3. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің өзекті мәселелері?


Дәріс 2.Қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық қозғалысының барысы мен тарихибастаулары (1905-1918 жж.)

1.Қазақстан 1905-1907 жж. революция жылдарында. Қазақ депутаттарының І, ІІ Мемлекеттік Дума жұмыстарындағы рөлі.


2. Ақпан және қазан революциялары.
3. Қоқан автономиясы мен Алаш Орда үкіметінің қалыптасуы.
4.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. Қазақстан менОрта Азиядағы басмашалық қозғалыс.


Дәрістің мақсаты:Қазақ халқының тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық қозғалысының барысы мен тарихибастауларын жан-жақты ашып көрсету. Атап-айтқанда, қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі мен ресейде болған төңкерістер және оның қазақ қоғамына әсерін қарастыру.
Түйін сөздер –революция,ереуіл, Дума, депутаттар,съезд,партия, бағдарлама, майдан, басмашалық қозғалыс.


1.1905-1907 жылдардағы революция қарсаңында өлкеде жұмысшылардың, шаруалардың және басқа да халық топтарының жергiлiктi өкiмет орындарының байлар мен өнеркәсiпшiлердiң озбырлығына қарсы жекелеген стихиялы бой көтерулер болып өттi. Қазақстанда жұмысшы қозғалысы кеңейе бастады. Ереуілдер саны көбейіп, олар неғұрлым бұқаралық және табанды сипат алды. 1901 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қарағанды кен орындарында Орынбор губерниясынан келген башқұрт жұмысшылары ереуіл жасады, олар жалақыны келісім-шарт бойынша төлеуді талап етті. 1902 жылдың маусымында Зайсан уезiнде Михайлов кенішінің жұмысшы қазақтарының толқуы болып өтті. 1902 жылдың қыркүйек-қазан, 1903 жылдың маусым-тамыз айларында Екібастұз көмір кендерінде жұмысшы ереуілдері болды. Табанды күрес нәтижесінде жұмысшылар жеңіске жетті. Қазақстандағы революциялық қозғалыстың айтарлықтай өрлеуi 1905 жылғы қазан-қараша айларында өтті, 17 қазандағы патша манифесiнiң жариялануы Қазақстан қалаларында көп адам қатысқан митингiлерге, демонстрацияларға және халықтың қалың тобының басқа да бой көтерулерiне ұштасқан болатын. Оларды дала өлкесiнде Омбы қаласындағы 19 қазанда өткен митингi мен басқа да оқиғалар бастап бердi, оларды ұйымдастырушылардың бiрi ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Әлихан Бөкейханов (1870-1937) болатын. Оның бастамасы бойынша манифест қазақшаға аударылды, оның 10 мың данасы қазақ ауылдарына таратылды. Қазақстанның барлық қалаларында 17 қазандағы манифестке арналған саяси шерулер, митингiлер және жиналыстар толқыны жайылды. Перовскiде, Қарағандыда, Павлодарда манифестациялар болды. 1905 жылы 15 қарашада әйгiлi Қарқаралы оқиғалары басталды. Оны ұйымдастырушылар қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы өкiлдерi: Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, К.Тоғысов, Е.Итбаев және басқалар болды. Осы жерде айта кетсек, 1905 жылы 25 шілдеде Қоянды жәрмеңкесінде (Қарқаралыға жақын жерде) болған қазақтар сьезі бастап берген «петициялық» науқан бел алды. Патшаның атына қабылданған петицияда Қазақстанда арнайы мұсылман діни басқармасын ұйымдастыру, мешіттер салу, діни мектептер ашу, Меккеге қажылыққа бару үшін шетелдік төлқұжаттар беру және т.б. туралы талаптар да болды. Жетісудағы ұйғыр-дүнген қоныстарында да шаруалар бой көрсетулері орын алды. Олардың кедейлері ірі феодалдардың қауымдық жер иеліктерін басып алуына қарсы, яғни патша шенеуніктеріне қарсы наразылық білдірді.
Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының да, аграрлық қозғалыстың, жалпы өлкедегi азаттық күрестiң дамуында ХIХ-ХХ ғасырлар шебiнде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды. Өзiнiң құрамы мен бағыттары, қоғамдық-саяси қызметiнiң сипаты бойынша зиялылар әр түрлi топтарды бiрiктiрдi, бiрақ оның негiзгi бөлiгiн дәрiгерлердi, адвокаттарды және басқаларын отаршылдық-әкiмшiлiктің өкiлдерi құрады. Қазақ халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттiк Дума сайлауы айтарлықтай рөл атқарды, сайлау кезiнде саяси партиялардың сайлаушылардың дауысы үшiн күресi өрiстедi. Мемлекеттің Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік цензіне негізделген жүйе бойынша өткізілді. Сайлаушылар тең емес төрт курияға: егіншілік, қалалық, шаруа және жұмысшы курияларға бөлінді, олардың өкілділігі бірдей болған жоқ: помещиктер ерекше артықшылыққа ие болды, олардың бір дауысы қалалықтардың үш дауысына, шаруалардың он бес дауысына және жұмысшылардың 45 дауысына теңестірілді. Империя халқының көпшілігін құраған шаруалардың жұмысшылар алдында кейбір артықшылықтары болғанымен, алғашқы екі куриямен салыстырғанда дауыстары азырақ болды. Бұл жүйе жұмысшылардың құқықтарын қатаң шектеді, олардан сайлауға 25 жастан асқан, фабрика зауыт, тау-кен және кен-зауыт өнеркәсібінің, темір жол шеберханаларының кемінде 50 адамы бар кәсіпорындарында жұмыс істейтін еркектері ғана қатыса алатын болды. Соның нәтижесінде Ресейдің барлық жұмысшаларының ¾ бөлігі сайлауға қатысудан шектетілді. Ұлттық шет аймақтар халқының да құқықтарына қысым жасалды, Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтін және т.б. «бұратана» сайлана алмады. Қазақстандағы Мемлекеттік Дума сайлауы орыс халқының саны едәуір болатын өлкенің ірі облыстарында социал демократтар мен трудавиктер партиясы мүшелерінің, ал қазақ халқы арасында либерал демократиялық ұлттық зиялылар өкілдерінің зор ықпалы болғанын көрсетті. Мемлекеттік Дума сайлауы Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай талаптарымен өткізілді. Мұның өзі орасан үлкен өлкенің бүкіл қазақ халқын кемсітуге әкеп соқты, бұл орайда өкімет орындарының озбырлығы ерекше болды, олардың басты мақсаты қазақ халқының өкілдерін патшалық Ресейде алғаш рет құрылған заң шығарушы өкімет орындарына жібермеу болатын. «Ақмола облысындағы сайлауда полициялық озбырлықтың кең құлаш жайғаны сонша, оған қарсы айтылған шағымдар Мемлекеттік Думада талқыланды». I Мемлекеттiк Думаға (1906 жылғы 8 шілдеде таратылды) 4 миллиондық қазақ халқынан 4 депутат сайланды, олар: Ә.Бөкейханов, А.Бiрiмжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов. Патша халық бұқарасының назарын алаңдату үшiн шақырған I Мемлекеттiк Дума оның үмiттерiн ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды. І сайланған Мемлекеттік Думада А.Қалменов пен заңгер А. Бірімжанов аграрлық мәселедегі, Қазақстандағы жер реформасы туралы ұсыныс пікірлерін айтты. Елдегі революциялық бой көрсетулердің бәсеңдеуін пайдаланып, 1906 жылы 8 шілдеде патша Думаны қуып таратты. Ә.Бөкейханов кадеттер, трудовиктер мен социал-демократтар шақырған бұрынғы Мемлекеттiк Дума мүшелерiнiң Выборгтегi жиналысына қатысты, онда халыққа салық төлемеуге үкiметке қарыз және қосымша солдаттар беруден бас тартуға шақырған үндеу қабылданды. Осы үшін Санкт-Петербург сот палатасы Ә. Бөкейхановқа 3 ай түрмеге қамауға үкім шығарып, Семей түрмесіне қамады. Кейін Самараға жер аударылды. ІІ Мемлекеттік Дума сайлауы 1907 жылғы ақпанда шақырылды. II Мемлекеттiк Думаға Қазақстаннан 14 депутат, соның 6-уы қазақтар болды, олар: молда Ш. Қосшығұлов, би Х. Нүрекенов, адвокат Б. Қаратаев, сот тергеушісі А. Бiрiмжанов, Сырдария облысынан Т. Аллабергенов, қатынас жолдары инженері М. Тынышпаев. Қазақ халқынан сайланған II Мемлекеттiк Дума депутаттары кадеттерге қосылды және мұсылман фракциясына кiрдi, олар шет аймақтарға шаруаларды қоныс аударуды тоқтатуды талап еттi. Патшаның қоныс аудару саясатына қарсы шықты. II Мемлекеттiк Думаны да патша өкiметi 1907 жылы 3 маусымда қуып таратты. II Мемлекеттiк Думаны тарату және жаңа сайлау жүйесiн енгiзу туралы заң бойынша қазақтар мен өлкенi мекендейтiн басқа да орыс емес халықтар сайлау құқықтарынан айырылды. Столыпиндiк реформа күшейдi. Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейiн қазақ халқынан қоныс аударушылар пайдасына 4 миллион десятинадан астам жер тартып алынса, 1906 жылдан 1912 жылға дейiн 17 миллион десятинадан астам жер тартылып алынды.
Ұлттық-отаршылдық езгiнiң күшеюi, патша өкiметiнiң аграрлық саясаты, өлкенiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне капиталистiк қатынастардың енуi қазақ халқының ұлттық сана-сезiмiнiң өсуiне әкелдi. Ұлттық зиялылардың әртүрлi идеялық саяси ағымдарының пiкiрiн “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетi бiлдiрдi. 1911-1915 жылдарда шығып тұрған “Айқап” журналы (редакторы – М.Сералин) Қазақстандағы идеялық-саяси ой-пiкiрдiң, аграрлық-демократиялық бағыттарын бiлдiрдi. 1913-1918 жылға дейiн шығып тұрған “Қазақ” газетi либерал-демократиялық бағыт идеяларын бiлдiрдi. Онда қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшiсi, экономист-ғалым Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов қызмет iстедi.
2. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. «Қазақ» газеті 9 наурыздағы санында: «...Қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күні туды, жақсылық, қуаныш тек орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш»-- деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың рөлі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастау болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түкпір-түкпірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Ақпан революциясының жеңісі Қазақ өлкесі мен Түркістан аймағында халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтын саяси күштер: «Алаш» ұлттық демократиялық партиясын, большевиктердің мүддесін қорғайтын «Үш Жүз» радикалдар партиясын және түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и- Ислам» т.б. саяси ағымдар, ұйымдар, партияларды тарих сахнасына шығарды.
1917 жылдың басындағы Ақпан революциясының әсерімен патша тақтан құлады. Оның орнына қос үкімет орнады. Бір жағынан негізгі буржуазиялық билік және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестері. Алайда 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесінде орнаған Уақытша үкімет халықтың мұң- мұқтажын толық шеше алмады. Ұлт мәселесі, отарлық езгі, жер мәселесі мен әлеуметтік қанаушылық өз шешімін таппады, патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Қазақ өлкесіндегі шұрайлы-шүйгін жерлер казак-орыс иеліктерінде қалса, әлеуметтік артықшылықтар кулактардың, бай- шонжарлардың қолында болды. 1917 жылдың жаз айларынан бастап барлық өлкеде халықтың басым көпшілігі большевиктер жағына шыға бастағаны белгілі. Кеңестердің ықпалы күшейіп «Бүкіл өкімет Кеңестерге берілсін!» деген ұран арта түсті. Бұл ұран қарулы көтеріліске жетелеп, Уақытша өкіметті құлатуға шақырды. 1917 жылдың 24 қазанында Петроградта қарулы көтеріліс басталып, жұмысшы, солдаттар жасақтары маңызды орындарды басып алады. Ал, 25 қазан күні Уақытша өкімет құлатылды. Нәтижесінде большевиктер партиясы Ресейде Кеңес билігін орнатады. Олар халықты өздеріне қарату үшін бірден мынадай үш декрет шығарды: «Жер туралы», «Бейбітшілік туралы», «Ұлттардың тәуелсіздігі туралы». Қазақстанда Кеңес Үкіметі екі жолмен орнады. Қазақстанның солтүстік аймақтарында бейбіт түрде, ал оңтүстік өлкелерінде қарулы күшпен орнады. 1917 жылдың қазан айынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес үкіметі Қазақстанның ірі елді мекендері мен қалаларында орнаса, ауылдар мен селолық жерлердің басым көпшілігінде бұл үрдіс азамат соғысы басталғанға дейін созылды. Қазақ өлкесінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ә. Жангелдин, О.Жандосов, Т.Бокин, С.Сейфуллин, Ә.Майкөтов, А.Асылбеков, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.Виноградов, Л.Емелев, Я.Ушанов, Ә.Айтиев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев тағы да басқалары белсенді қатысты. Кеңес өкіметі Перовскіде (Қызылорда) 1917 жылдың 30 қазанында, Шымкент қаласында қараша айында, Түркістан, Әулиеата, Қазалы жерінде желтоқсан айында орнады. Петропавлда жұмысшы-шаруа депутаттары Кеңесі темір жол жұмысшыларымен бірлесе отырып, 1917 жылдың 12 қарашасында өз билігін орнатты, ал Өскемен, Семей, Атбасар, Көкшетау, Павлодар жерінде Кеңес өкіметі казак-орыстар мен билеуші топтардың қарсылығына тап болып, қиыншылықтарға кездесті. Семей өлкесіндегі Кеңес өкметі 1918 жылдың ақпанының 17-де орнады. Торғай, Қостанай, Ақтөбе жерлерінде Кеңес өкіметі 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылғы наурыз айының аралығында орнады. Жетісу өңіріне келсек, Кеңес өкіметін орнату күресі қарсы күштердің басымдылығына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. 1918 жылдың наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда әскери- төңкеріс комитеті бас болған, жұмысшылардан құрылған «Қызыл ұлан» 21 жасақтары және большевиктік әскери полктің жауынгерлері еңбекшілердің қолдауына сүйене отырып, пошта-телеграф, қару-жарақ қоймаларын, маңызды мекемелерді басып алып, Кеңес өкіметін орнатты. Наурыз айында Жаркент, Аякөз, Талдықорған, ал сәуірдің бас кезінде Лепсіде Кеңестік билік орнатылды. 1917 жылдың 15-22 қарашасында болған Ташкентте өткен өлкелік съезд Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі орнағанын атап өтті. Оның құрамында 14 адам болды. Бірақ құрамында бір мұсылман адамы болған емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет