9 - тақырып. Қазақстандық қоғамды экономикалық, әлеуметтік және этнодемографиялық жаңғыртудың кезеңдері
Сабақтың мақсаты –Қазақстан Республикасындағыәлеуметтік-экономикалық ахуал мен индустриальды-инновациялық дамудың барысына талдау жасау.
1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен оны еңсерудің шаралары.
2.Қазақстандық экономиканы дамытуға шетелдік инвестицияны тарту.
3. Индустриальды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы.
4. Әлеуметтік реформалар және оларды жүзеге асырудың мемлекеттік бағдарламасы.
5.Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. Болон декларациясы.
6. Этнодемографиялық үрдістер мен ұлтаралық келісімді нығайту.
Әдістемелік ұсыныстар:
Бұл семинарлық сабаққа дайындалу кезінде, экономикалық стратегиясы тәуелсіз Қазақстан идеясы, бұл бейімделген жаңғыртудың үлгісі ретінде транзиттік экономикасына тоқталу қажет. Индустриалдық-инновациялық даму стратегисының жүзеге асыру нәтижелерін талқылау.Мысалы, қазақстандық класстерлік бастаманы құру және бірқатар бірлескен кәсіпорындар. Қазақстанда өндіруші өнеркәсіп салаларында класстерлік тәсілдер үлгілері пайда болды. «Жол картасы» жаңа мемлекеттік бағдарламасының нәтижелерін білу қажет. «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде 55 мың жаңа жұмыс орындар пайда болды. Сонымен қатар «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының нәтижелеріне тоқталып кету. Білім беру жүйесінің мазмұнына талдау жасау керек. Этнодемографиялық үрдістерді талдап, ұлтаралық келісімді нығайтудағы Елбасының жүргізген сара жолына тоқталу.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы 5 томдық. Т. 5, А. 2010.
2.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996.
3. Назарбаев Н.Ә. Жүз жылға татитын он жыл. Алматы, 2001.
4.Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы, 2003.
5. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 2011 ж. 29 қаңтар.
6. Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. А., 2017.
7.Абишева Ж.Р., Аубакирова Х.А., Бекмағанбетов Ө.Ж., Енсепов Б.Б. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Астана, 2019.
Достарыңызбен бөлісу: |