1. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекет Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің маңызы



бет2/5
Дата23.12.2023
өлшемі76 Kb.
#487688
1   2   3   4   5
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойынның рөлі

Ойынның жіктемесі және мазмұны
Ойындар мазұнына, өзіне тән ерекшеліктеріне, олардың балалар өмірінде, тәрбиесі мен оқуында қандай орын алатынына қарай ажыратылады.
Сюжетті-рольді ойындарды тәрбиешінің кейбір басшылығымен балалардың өздері жасайды. Бұл ойындардың негізгі – балалардың өз өнерпаздығы. Кейде мұндай ойындарды творчестволық сюжетті-рольді ойындар деп атайды, сол арқылы балалардың қайсыбір құбылыстарды жай көшіріп қоя салмай, оларды творчестволық ой елегінен өткізетінін, сөйтіп өздері жасайтын бейнелерде, ойын әрекеттерінде қайталайтынын атап көрсетеді. Драматизацияланған және құрылыс ойындары сюжетті-рольді ойындардың бір түрі болып табылады.
Тәрбие практикасында балалар үшін ересектер белгілеп берген ережесі бар ойындар да пайдаланылады. Ережесі бар ойындарға дидактикалық, қимыл, ермек ойындары жатады. Олар айқын тұжырымдалған программалық мазмұнға, дидактикалық есептерге, мақсат қойып үйретуге негізделген. Мұнда балалардың өнерпаздығы болуы мүмкін, бірақ ол тәрбиешінің басшылығымен көбірек ұштастырылады. Ойын тәжірибесін игерген, ұйымдастыру қабілеті дамыған кезде балалар бұл ойындарды да өздері жүргізеді.
Ойынның түрлері

  • Сюжетті – рольді ойындар

  • Дидактикалық ойындар

  • Ережелі қимылды ойындар

  • Ұлттық ойындар

  • Спорттық ойындар

  • Эстафеталық ойындар

  • Драматизация ойындары

  • Үстел үстінде ойналатын ойындар

  • Құрылыс ойындары

  • Отырып ойнайтын ойындар

  • Жүгіріп ойнайтын ойындар

  • Секіріп ойнайтын ойындар

  • Доппен ойнайтын ойындар

Ойындардың түрлеріне және мазмұнына қысқаша тоқталатын болсақ:
Сюжетті – рольді ойындардың өзіндік ерекшеліктері
Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар болып табылады және олардың өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті –рольді ойынның ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды, ал ойын қызметі айқын қнерпаздық және творчестволық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Психолог Д. Б. Эльконин сюжетті – рольді ойынға мынадай анықтама береді: «Мектепке дейінгі балалардың рольді немесе творчестволық деп аталатын ойыны дамыған түрінде балалар өзіне ересектердің ролін алатын және жинақталған формада ойын жағдайында ересектердің қызметі мен олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта жасайтын іс-әрекет болып табылады. Бұл жағдайға тән нәрсе – ересектер қызметінің шын құралдарын алмастыратын алуан түрлі ойын қүралдарының пайдаланылуы». (2.256)
Ойын әрекетінің творчестволық сипаты мынадан көрінеді: бала өзіне алған рольдің бейнесіне түгелдей еніп және ойынның шындығына кәміл сеніп, ерекше ойын өмірін жасайды, ойын барысында шынымен қуанады немесе ренжиді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандырады.
Сюжетті – рольді ойындарда оптимистік, өмір сүйгіш қасиет айқын көрінеді, оларда ең қиын істердің өзі абыроймен, сәтті аяталып отырады: капитандар кемелерді теңіз дауылы мен бұрқасыннан аман алып өтеді, шекарашылар шекара бұзушыларды ұстайды, дәрігер ауруларды емдеп жазады.
Сюжетті – рольді ойында бала өмір құбылыстарын белсенді түрде қайталап жасайды, солардан тебірене әсерленеді, осының бәрі оның өмірін бай мазмұнмен толтырады, ұзақ жылдарға өшпес із қалдырады.
Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет