Сюжетті – рольді ойындар: «Дүкенші», «Дәрігер», «Отбасы», «Сауыншы», «Мұғалім», «Бауырсақ», «Жеті лақ» т. б.
Дидактикалық ойындардың өзіндік ерекшеліктері
Дидактикалық ойын сонымен бірге кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындар жасаған халық педагогикасында жатыр. Күлдіргіштерде, ойын өлеңдерде, «Алақай-ау, алақай», «Ала қанат сауысқан» саусақ санау ойындарында анасы баласының назарын қоршаған заттарға аударады, соладың аттарын атайды.
Дидактикалық ойынның зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсенділігін дамытатындығында.
Мысалы, «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» деген ойында ересектер тобы тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту мақсатын алға қояды. Ойын мақсаты – қалпақтың астында не бар екенін білу. Бала дұрыс тапса мадақтау белгісін алады. Педагог ойынға қатысушы ретінде бірінші қалмақты көтеріп, оның астындағы ойыншық туралы айтып береді, оны сипаттаудың үлгісін көрметеді.
Ойын мақсаты кейде ойын атының өзінен көрініп тұрады: «Ғажайып дорбаның ішінде не бар екенін білейік», «Кім қай үйде тұрады», т. с. с. Ойын әрекеттері арқылы ойынға ықылас, ойынт міндетін орындау тілегі күшейе түседі. Ол әрекеттер неғұрлым алуан түрлі, мазмұндырақ болса, ойынның өзі балалар үшін соғұрлым қызықты болып, танымдық және ойын міндеттері соғұрлым жақсы шешіледі.
Ойын әрекеттерінің көлемі де әр түрлі. Төменгі топтарда – бұл көбінесе (бір-екі рет) қайталанатын ірекеттер болса, жоғары топтарда – бес-алты реи қайталанады.
Дидактикалық ойын элементтерінің бірі – ережелер. Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және, өз тарапынан, ойын әрекеттерінің сипаты мен тәсілін белгілейді, балалардың мінез-құлқын, тәрбиеші мен балалардың өзара қарым-қатыеасын ұйымдастырады және бағыттайды. Ережелердің көмегімен ол балалардың өзгеріп тұратын жағдайын бағдарлау, тікелей өз талабын тежей білу, эмоциялық-еріктік күш жұмсау қабілетін қалыптастырады. Осының нәтижесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойнаушылардың іс-әрекетімен үйлестіру қабілеті дамиды.
Тәрбиеші ережелерді абайлап пайдалануға, олармен ойынды тоғытып жібермеуге, тек қажеттілерін ғана қолдануға тиіс. Көп ережені енгізу, балалардың оларды амалсыз орындауы теріс нәтижелерге соқтырады. Шамадан тыс тәртіптендіру балалардың ойынға ықыласын төмендетеді, тіпті ойынды бұзып та жібереді, ал кейде ережені орындамас үшін қулық жасауға итермелейді.
Ережені еске салудың немесе қосымша ереже енгізудің қажеті жоқ кездер де болады. Ойын әрекеттерін сәл ғана өзгертіп, сол арқылы ойын барысын түзетіп жіберсе, жетіп жатыр.
Тәрбиеші белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте-бірте меңгереді. Соларды бағдарлай отырып, олар өзінің және жолдастарының ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым-қатынастарының дұрыстығын бағалайды. Ереженің бұзылуына наразылық білдіргенде балалар: «Ол ереже бойынша ойнап тұрған жоқ»,-дейді.
Дидактикалық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болсын әйтеу бір ұтып шығу емес, балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші.
Ойын міндеттері, әрекеттері, ережелері, нәтижесі өзара байланысты, сондықтан осы құрамдас бөліктердің тіпті біреуінің жоқтығы да ойынның тұтастығын бұзады, оның тәрбиелеуші және үйретуші ықпалын төмендетеді.
А. В. Запорожец дидактикалық ойындардың ролін бағалай келіп, былай деп жазады: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен іскерліктерді игерудің формасы ғана болып ұоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілеттерін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет».
Дидактикалық ойын адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге, балалардың көпшілдігін дамытуға көмектеседі. Тәрбиеші балаларды олармен бірге ойнай білу, өз мінез-құлқын реттеу, әділ және адал болу, кешірімді және талапшыл болу қажет етілетін жағдайға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |