1. Өндірістік орындардың технологиялық сызбасына



бет5/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
#128441
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6. Тіршілік қауіпсіздігі
Тіршілік қауіпсіздігі – бұл өндірістегі адамдарды өндіріс ортасындағы қауіптен сақтау шараларының жиынтығы, яғни ол өндірістік процесте қалыптасқан адам өмірінің денсаулығына әсер етуші өндірістік қауіптің еңбек қызметінің жағдайында төнуі.

Әсіресе адамның қауіпсіздігі жөніндегі мәселе өнеркәсіп ортасында көрінеді, бұл қызметкерлердің еңбек орынында қалыптасқан әртүрлі қауіпті зиянды әсерлер өндірістің барлық ортасын ластайтын.

Қазақстан Республикасында қабылданған техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтауды міндеттейді. Қазақстан Республикасында 2004 жылдың 28 ақпанында (№ 528 – 110) “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” заңы қабылданды. Осы заңда Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық өзара қарым – қатынастарын реттейді және еңбек қызметі кезіндегі процестің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Сондай – ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттының ең негізгі прициптері мен бағыттарын белгілейді және бекітеді.

Осы Заңның 5 – ші тарауының (Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру) 21– ші бабында (Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі):[16]

1) Қызметкерлер саны елуден асатын өндірістік ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамассыз ету мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі құруға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өзінің мәртебесі жағынан негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда ғана таратылады.

2) Қызметкерлер саны елу адамға дейін болатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымын еңгізу туралы шешімді жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып қабылдайды немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттерді қосып атқару үшін басқа маманға жүктеледі делінген.

Осы бапқа сәйкес еңбекті қорғауды басқарудың жүйесінде. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын бақылау тарауы жасалып қабылданған. Осы тарауда:

1) Бригадада жұмыстардың жүргізілуінің қауіпсіздігін бақылау барлық жұмыс уақытында (кезек) бригадирлермен, мастерлермен, еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторлармен және қызметкерлердің өздерімен жүргізіледі.

2) Барлық жұмысшылар – бригада мүшесі басқа жұмысшылармен қауіпті жұмысты қолдануды және еңбекті қорғау бойынша инпекциясын ескерте отырып жұмысты қауіпсіз жүргізуді өзара бақылау жүргізуге міндетті.

3) Жұмыстың басталар алдында күн сайын жұмыс орынын да еңбекті қорғауды өзіндік бақылауды қамтамассыз етуге міндетті: қондырғылрдың, құралдардың, саймандардың, жұмыс орнының қауіпсіздік жағдайын, іске жарамдылығын тексеру және жеке қорғаныс құралының іске жарамдылығын тексеру.

Жоғарыда келтірілген “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” туралы заңы, құжаттары еңбек қауіпсіздігін қамтамассыз етеді.

Жұмыс беруші жағынан жұмысшыға залал келген жағдайда төлем ақы төлеу, еңбек шартына сай қамтамассыз етілмесе, соңы жұмысшының жарақат алуына толықтырады, сонымен қатар жұмысшы жағымен жұмыс берушіге ол дегеніміз өндірістік инструкция, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамастан жабдықтар мен шешімдерге зиянын келтіреді.

Санитарлық талап негізінде жасалған тәртіп пен норма өндіріске келесідей еңбек гигиенасының талабын орнатады.

1. Өнеркәсіптік жобалау мен реконструкциялау барысында санитарлы – гигиеналық норма тәртібін сақтау.

2. Жұмыс орнының микроклиматы санитарлық нормаға сай болуы тиіс (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы, ылғалдылық ).

3. Ауадағы зиянды заттар шоғыры Мемлекеттік стандарттарға орнатқан деңгейге сәйкес болуы тиіс.

4. Жұмыс орнындағы шу деңгейі санитарлық талапқа сай рұқсат етілген 80дб шуылдан аспауы қажет.

5.Өнеркәсіпте тұрмыстық орын ҚН және Е талабына “Әкімшілік және тұрмыстық ғимарат ”сәйкес құрастылу тиіс.

6.Әкімшілік жұмысшыларды тамақтандыруға міндетті (асхана, буфет, тамақтанатын бөлме). Өнеркәсіптегі тамақтандыру жұмыс рижиміндегі ауысым санына байланысты жүргізіледі.

7.Өнеркәсіптегі зиянды жағымсыз әсерге ұқшырағандар алдын - ала және периодты медициналық тексеруден өтуі міндетті.

8. Барлық цехтар бірінші медициналық көмек көрсетуге арналған дәріханалық қораппен қамтылуы тиіс.

9. Жарықтандыру коэффицентінің мәні және жұмыс үстінің жасанды жарықталуы ҚН және Е “Жасанды және табиғи жарықтандыру”

Талаптарына сай болуы керек.

10. Өнеркәсіптік медпункт қызметкерлері мемлекеттік эпидимиологиялық қадағалау орталығының аймақтық санитарлық дәрігерлерімен адам денсаулығы туралы анализ жүргізу.

11.Әкімшілік жұмысшыларды толықтай арнайы киім комплектісімен қамтамассыз етуге міндетті. Өндірістік факторлардың зиянды әсеріне ұшырайтын жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтуға тиіс.

12.Станок өндірісіндегі жаңқа қалдықтарын механикалық тәсілмен тазартады.

13. Бұйымды сақтау мен транспорттауға арналған ыдыс дайындалса және өндіріс қалдықтары МЕСТ 14861–86 талаптарына сәйкес болуы керек.

14. Жүкті арту мен түсіру МЕСТ 123009 – 76 талаптары бойынша іске асырылады, жүкті орын ауыстыру МЕСТ 123020 – 80 бойынша.
6.1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

Кірпіш күйдіру цехынан шығатын газдарды – газ тазалау қондырғылар үшін бекітілген жөндеуге сай барлық аппараттар және машиналар міндетті түрде мерзімді бақылаудан , техникалық тексеруден капиталды жөндеуден өтіп тұруы тиіс.

Қондырғының ішін тексеру , тазалау және жөндеу төменгі вольтты жарықта , арнайы киім кию арқылы жүргізуге болады. Жөндеу жұмыстары кезінде қолданатын инструменттер және механизмдер шартқа сай тәжірибеден өтуі тиіс. Жүк көтеру көтергіш пайдалану және орналастыру ережелері Мемтехнадзор арқылы бекітілген.

Қондырғылар өлшемі арасындағы өтетін жердің көлемі 1 метрден төмен болмауы тиіс және бұл көлем 0.08 метрге дейін жергілікті орынға байланысты қысқаруы мүмкін.


Потенциялды қауіпті және зиянды факторлар. Кесте – 5.



Қауіпті және зиянды факторлар

ШМК ,

мг/м3


Адам ағзасына әсері

Алдын-алу іс – шаралар

1

2

3

4

5

1


SO2


0.5

Тыныс жолдарына зиянды әсері

Тері тітіркендіру әрекеті

Желдету жүйесі, респиратор


Жеке қорғаныс құралдарын қолдану

2


NO2


0.085

3


CO2

3

4


Қақыма заттар

0.5

Қауіпті жіне газды қауіпті жұмыстары орындау алдында жұмысшы медициналық тексеруден өтуі қажет және жұмысты жүргізу ережесі туралы нақты инструкция алуы тиіс. Бұл жағдайдаларды толық білу жарақат алуды төмендетеді - өте маңызды. Кірпіш күйдірі цехында негізгі жабдықтарға газ тазалау қондырғылары жатады. Құрал – жабдықтар , қондырғылардың қызмет көрсету алаңдарының барлығы еден бетінде орналасқан. Өтетін сатылар , көпірлер тұрақты етіп жасалған және 1 метрден кем емес қанаттары бар. Бөлмелерді кесіп өтетін құбыр тізбектірі еден деңгейіне 2 метр биіктікте жүргізіледі. Бак , жинағыш және басқа резервуарлардың қақпағындағы ауыз топсалы тегіс қақпақтармен жабылады.



6.2. Еңбек жағдайына әсер беретін технологиялық процесстер мен құрылымдар құрылымдардың механикаландырған және автоматтандырылған дәрежесіне мінездеме

Технологиялық процестерді қауіпсіз жүргізіп , қоршаған ортаның және өндіріс бөлмесінің микроауасының қалыптасуына тигізетін әсерін қысқаша мәлімде келтіру қажет.

Цехтағы технологиялық процесстерді механикаландырудың жалпы цехтағы өндірістік процестердің механикаландыру және автоматтандыру дірежесі бүкіл технологиялық процестерді механикаландырудың жалпы көрсетпесін санау жолында анықталады : [16]

А═

А – еңбектің механикаландыру дәрежесі ;

Б – механикаландырған адам - сағат еңбектің қосындысы – 16 тең ;

В – адам –сағат қол еңбегінің қосындысы – 8 тең.

А═ = 67%

Цехты қайтадан өңдеу жұмыстары жобасын орындау үшін өңдеу жұмыстарының алдындағы және кейінгі еңбек шарттардың жасалуын қарастырылады.

Цехтағы қайтадан жүргізілген өңдеу жұмыстарының нәтижесінде жақсарған шаралардың еңбек жағдайының көрсеткіші арқылы қарастырылып отырған шаралардың ауқымдылығы мен қажеттілігі туралы қорытынды туылады.



6.3. Жарықтандыру

Жарық түсіру жүйесін дұрыс есептеу, өндірістік жарықтың төмендеуін жөндеу көру ағзасының жұмысына бірқалыпты жағдай жасайды, ағзаның жалпы еңбек қорлығының жоғарылауында айтарлықтай үлкен роль ойнайды.

Жарықтандыру шарты сандық көне сапалық көрсеткіштермен сипатталады, оған қатыстылар:


  • жарық ағымы;

  • жарық төндіру;

  • жарық күші;

  • жарықтық;

  • спектральді құрал;

  • үнемі жарық түсіру мен жарықтық.

СНиП 245 – 85 санитарлық нормаға сәйкес барлық ұзақ уақыт адам болатын өндірістік орындарында табиғи жарық болуы тиіс. Шыны бетінің ластануы жарық айқындығын төмендетеді, оны тазалауды жергілікті жағдайға байланысты құрастырылған кесте бойынша жүргізіледі. Жарық көздері жабдықпен, дайын өніммен немесе т.с.с. жабылып қалмауы тиіс. Табиғи жарықты тәуелсіз нормаландыру санитарлық нормаға және сапалық тәртіпке сәйкес болуы тиіс.

Электрлік жарық бірнеше жүйе мен түрге бөлінеді. Кейбір орындарды жарықтандыруды жалпы: жеке немесе жергілікті жарықтан алып қолданады.

Шырақ түрі қоршаған орта шартына, тұрақтылығы мен жарық бөліну талабы бойынша таңдалады. Шаң бөлінетін және қалыпты орта орындарында ашық жарқырайтын лампалы шырақ қолданылады. Бұл шырақты дымқыл орындарда да қолдануға болады, бірақ су ұстағыш материалдан патрон қолдану шарт. Жеке кіріс өткізгіш арқылы қауіпсіздендіргіш втулкаға, шаңды жарылыс қауіпі жоқ орындарда қорғалынған немесе шаң өтпейтін шырақ қолданылады.

Өрт қауіпі және жарылыс қауіпі бар орындарда шыраққа талапты айтарлықтай қиындатады. Жоғары беріктікті шырақ (НОБ –150, НОБ – 300) қолданылады, ал егер бұзылу пайда болса өз уақытында байқап жояды, бас инженермен эксплутация процесіндегі жылына бір реттен кем емес бақылау нүктелеріндегі жарық деңгейі мен орындардағы жарықтың жалпы деңгейіне тексеру жүргізіледі. Жұмыс орындарында жарықтың жетіспеушілігі көру ағзасының тез шаршауы мен артық күш жұмсауына әкеп соғады, нәтижесінде жүмыс сапасы мен еңбек өнімділігі төмендейді, жарақат алу жағдайлары жоғарылайды.

Өндіріс аймағының қалыпты жарықтануы жасанды және табиғи жарықты қолданумен іске асырылады.

6.4. Желдету жүйесі

Желдетудің негізгі мақсаты бөлмелерде қажетті метерологиялық жағдай мен ауа тазалығын қамтамасыз ету болып табылады. Желдету бөлмедегі ысыған немесе ластанған ауаны сыртқа шығару мен оған таза ауаны беру арқылы жүзеге асады.

Ауаның қозғалу әдісіне байланысты табиғи және механикалық болып бөлінеді, және екеуі бірге қолданылуы мүмкін.

Бөлмеге ауаны желдетіп беру немесе шығаруына байланысты ағымдық, шығарымдық немесе ағымды – шығарымдық болып бөлінеді.

Желдету әсер ету аймағына байланысты жалпы ауыстырмалы және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы ауыстырмалы желдету жүйесі ластанған, ысыған, ылғалданған ауаны таза ауамен шектік мөлшерге дейін араластыруға негізделген. Желдетудің бұл жүйесін, зиянды заттар, жылу, ылғал барлығы бөлмелерде бірқалыпты таралатын кезде көбірек пайдаланады. Мұндай желдету кезінде ауа қалпының қажетті параметрлерін бөлменің бар көлемінде бір қалыпты ұстауға мүмкіндік туындайды.

Егер бөлме өте үлкен, ал жұмыс істейтін адамдар аз және көбіне бір орында болатын жағдайда экономикалық тиімділік жағынан жергілікті желдету жүйесін қолданған дұрыс.

Егер зиянды заттар шығар жерінде, бөлмеге таралмай тұрып ұсталатын болса, бөлмедегі ауа ауыстыруды көп қысқартуға мүмкіндік туады. Осы мақсатта зиянды заттар көзі болып табылатын технологиялық құрылғыларға арнайы құралдар қою арқылы лас ауаны тартып алады. Мұндай желдету жергілікті шығарымдық деп аталады. [16]

Жергілікті желдету жалпы ауыстырмалыға қарағанда орнату мен қолдануға кететін шығынды өте аз керек етеді.

Кенеттен өндірістік бөлмеге зиянды заттар түсетін болса, жұмысты желдету мен қатар апаттық желдету қойылады.

Желдету жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жобалау барысында төмендегідей техникалық және санитарлық – гигиеналық талаптар орындалуы тиіс:

1.Ағымдық ауаның шамасы La шығарылатын ауаның шамасына тең болуы қажет, олардың арасындағы айырмашылық минималды болуы тиіс.

2.Ағымдық және шығарымдық жүйелер дұрыс орналасуы тиіс. Таза ауа, зиянды заттардың шамасы максималды бөлмелерге беріліп, ауа шығаратын құрылғы зиянды заттардың шамасы максималды болатын орынға орналасуы керек.

3.Желдету жүйесі жұмысшылардың шамадан тыс ыстықтауына немесе салқындауына соқтырмауы тиіс.

4.Желдету жүйесі шамадан тыс шу тудырмауы тиіс.

5.Желдету жүйесі электр, өрт және жарылыс қауіпсіздігіне сәйкес болып, құрылымы қарапайым пайдалануға сенімді де тиімді болуы тиіс.



6.5. Шу және тербеліс

Машинамен мен аппараттарды жобалау немесе модернизациялау кезінде олардың жұмыс істеу уақытында тербеліс пен шуды төмендетуші іс-шаралар қарастырылуы тиіс.

Шу өзінше каотикалық әртүрлі желі мен дауыс күшін үйлестіруден

пайда болуына байланысты өндірістік шу механикалық (механиз мен

бұйымдарының және тораптарының соққысы ағынның қозғалысын, газ

немесе сұйықтықтың үлкен жылдамдығы) болып бөлінеді.Шу дауыс

дыбыс желісінің тербелуімен сипатталады.

Тербеліс – бұл серпімді дененің белгілі белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын және сүйеніш арқылы құрылыс конструкциясына тарайтын механикалық қозғалыстың жинтығы.

Тербеліс тездету жылдамдығы, желі және амплитудамен сипатталады. Бұл параметрлер тербелістің жабдыққа, құрылыс кострукциясына, адамға әсерін анықтайды.

Тербеліс деңгейі – тербеліс туғызушы жабдық пен механизм, құрал – сайман жүмыс істеу кезінде СН және Т қарастырылған көлемнен аспауы тиіс.

Шу туғызушы өндірістік жабдық паспортпен өлшенеді, мұнда жабдықтарды дайындаушы өндірісте өлшенген шу сипаттамалары, жабдық жұмысының режимі көрсетілген. Шу орнындағы дауыс қысымының деңгейін анықтауға қажетті шу сипаттамалары болып табылады: дыбыстарға сәулеленуші дыбыс қуатының деңгейі, ал қажет кезінде бағыт көрсеткіштер, МЕСТ 11870 – 66 машина шуылдарының сипаттамасы және оларды анықтау әдістеріне сәйкес өлшенген.

Шудың пайда болу көзінің арасында мүмкіндігінше келесідегідей шаралар қолданылады:

− бұйымның саққылы әрекетін саққысызға ауыстыру, қайтып түсетін қозғалысты –айналатынға.

− металл бұйымдарды пластмассадан немесе басқа дыбыссыз материалдарға ауыстыруға немесе металл бұйымдарды дыбыссыз материалдармен үйлестіру;

− шайқалыс қоздырғыш агрегаттың барлық қозғалушы бұйымның динамикалық күшін азайтуды, уақыты теңестіруді қарастыру;

− соғысатын бұйымдарды жабысқақ сұйықпен майлауды кең көлемді қолдану және шуыл шайқалысын шайқалысын туғызатын басқа сұйық майлар;

− кей жағдайда агрегаттың басым шуы болып подшипник шуы болып табылады, айналу подшипнигін тайғақ подшипнигіне ауыстыру;

− агрегаттың шу түйіндерін бөлектендіргіш былғарыға қосады.

Егер қазіргі жағдайда теникалық шуды оның қайнар көзінен рұқсат етілген деңгейге дейін төмендету мүмкін болмаған жағдайда, машина конструкциясына шу тарамау үшін кедергі жабдық қосады, яғни жойып жіберуші немесе шу жұтушы.

Шудың жоғарғы деңгейі, адам ағзасына жағымсыз әсер етеді. Қарқынды шу есту аппаратының функциясын төмендетеді, бас миының жүйке клеткаларына әсер етеді. Нәтижесінде адамда атап айтқанда шуылдақ ауруы дамиды.

Өнеркәсіптің медсанитарлық қызметтің міндеті болып шуылға байланысты жұмысшылардың ағзасындағы бұзылыстың дамуын ескерту. Қажетті профилактикалық іс − шара бұл алдын −ала және периодты тексеру, есту ағзасына жеке қорғаныс құралын қолдану рационалды еңбек режимі мен демалыс жоғарғы деңгейін шу жерлерде болу уақытын қысқарту.

6.6. Санитарлық тұрмыстық және медициналық қызмет ету

Санитария−эпидемияға қарсы шаралар сантарлық гигиеналық тәжірибие өткізетін және жинаумен айналысатын денсаулық сақтау саласы.

Жұмысшыларды жұмысқа жіберу алдын, жұмысшылардың денсаулығын медициналық жұмысшы тексереді, сондай − ақ жоғарғы тыныс жолдары ауыратын ауруларды.

Өнеркәсіптің барлық жұмысшылары жеке гигиена тәртібін сақтауы керек. Жеке гигиенаға байланысты санитарлық талап келесідегідей жиынтықталады: жеке және арнайы киімді тазалықта ұстау, қол, шаш, денені таза ұстау, тұрмыс пен өндірісте санитарлық режимді сақтау.

Жұмысшылардың цехтағы жұмысқа арнайы киімі болуы тиіс. Киімді өндірістік зақымнан абай болу үшін инемен, түйрегішпен түймеленбеуі керек. Әжетхана затары гардеробта тұруы керек. [17]

Жұмыс киімді жұмыстан соң өзімен әкетпеуі тиіс, шешінетін жердегі жеке шкафқа қалдыру қажет. Шкаф таза тұру тиіс онда тамақ, лас ыдыс аяқ сақталмауы керек, өйткені бұл шыбын, таракан, тышқандардың көбеюіне себеп болады. Жұмыс киімді сақтайтын жеке шкафты периодты тазалап, жуып дезинфекциялау қажет.

Қоғамдық қолдану орындары жақсы санитарлық жағдайда ұсталынуы тиіс. Олай болмаған жағдайда олар өндірісте патогенді микроағза таратушы қайнар көзге айналуы мүмкін.

Қоғамдық қолдану орындарына дезинфекция жасалынуы тиіс, онда жаңа дайындалған дезинфекциялайтын сұйықтың болуы тиіс. Жуыну бөлмелерінде электр сүлгі болуы қажет.

Тамақтану арнайы цех буфеті, асханада жүргізіледі, өндірістік цехтарда темекі шегуге тиым салынады. Темекі шегуге арнайы орындар бөлінеді.

өндірістік санитария бұл жұмысшыға зиянды өндірістік әсердің алдын − алуға бағытталған санитарлық − техникалық шаралар мен құралдар, гигиеналық, ұйымдастырушылық жүйе. Жүйелілік және зиянды өндірістік факторлардың ұзақ әсері осы мамандыққа тән жұмысшыларды ауруға әкеліп соқтырады. Әкімшілік кәсіптік аурудың пайда болуының алдын алу, санитарлық гигиеналық шарттарын қамтамассыз ету, өндірістік зақымды ескертуші қазіргі заман қауіпсіздік техника құралын өндіру тиіс.



6.7. Микроклиматтық жағдай

Өндірістік орынның микроклиматы бұл осы орынның ішкі орта климаты, мұнда адам ағзасына әсер етуші температура үйлесімі, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы, сондай−ақ қоршаған үстінің температурасы анықталады.

Микроклиматтық жағдайдың жұмысшыларға әсерінен ағзада өмірлік әрекет айтарлықтай өзгереді, ақырында жұмысшылардың жалпылай ауруының жоғарылауына, еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Әртүрлі микроклиматтық жағдаймен орындалатын жұмыстың түрлі ауыртпалығы жағдайында ағза функциясының тұрақтылығын терморегулятция көмегімен қамтамасыз етеді. Ағзаның терморегуляциясы дененің температурасын белгілі деңгейде ұстайтын физиолгиялық процесс. Адам ағзасының жылы күйдегі көрсеткіші болып дене температурасы болып табылады.

Төмен температура әсерінің нәтижесінде жасушаның зақымдануы суықтану деп аталады.

Төменгі температура әсері кезінде жасуша өмірлік процесінің езілуі болады, бірақ өлуіне әкелмейді. Жасуша температурасы қаншалықты төмен болса, оның өмірсүрушілік анықтаушы алмасу процесі соншалықты көп езіледі (-19С кезінде алмасу процесі толық тоқтайды, ал -10С кезінде қан айналым тоқтайды).

Салқындау ссебебі әртүрлі болады, қалыпты жағдайда суықтың ұзақ әсері, жел, жоғары ылғалдылық, тар және су аяқ киім, қимылдамай тұру, зиян шегушінің жалпы жағдайының нашарлауы - ауру, әлсіреу, араққа мас болу, т.с.с. Әсіресе суыққа ұшырайтындар: саусақтар, алақан, құлақ, мұрын, табан.

Көмек көрсету кезінде бастысы суық тиген жерге тез жылуына жол бермеу, себебі жылы ау жылы заттың денеге тиуі, жылы су жоятындай әсер етеді. Зиян шегушіні жылы орынға кіргізер алдын үсіп қалған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен қою керек. Таңғыш тек қана терінің бозарған жерін жауып тұруы тиіс, терінің өзгермеген бетін алмауы керек. Қарсы жағдайда қан айналымы бұзылмаған дене аумағының жылуы таңғыш астындағы үсіп қалған жерге тарап бетінің жылуына әкеліп соғады, бұл жасушаның өлуіне себеп болады.

Жылу өткізбейті таңышты қойғаннан кейін үсіп қалған саусақ, аяқ, қолдың қимылдатпау керек, өйткені олардың соғуы өте нәзік. Бұл үшін мынаны қолдануға болады, сондай - ақ әйтеуір материал: қатты картон бөліктері, фанер. Дененің үсіп қалған жеріндегі таңғышты ыстық сезіліп, сезгіштік қалпына келгенше тұруы керек.

6.8. Өрт қауіпсіздігі

Өртену және жарлыс қауіпті қасиетіне байланысты қолданылатын немесе өндірілетін затына қарай барлық өндіріс жарылысты, жарылыс - өртті және от қауіптілігі 6 категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д және Е.

Өрт қауіпсіздігі бойынша берілген кірпіш күйдіру цехы В категориясына жатады. [18]

Өндірісті от қауіптілігі категориясы бойынша болу қауіпсіз еңбек шартын құруда үлкен роль атқарады, әсіресе жобалау сатысында. Категориясына байланысты, ғимарат кострукциясына, өртке қарсылығы, жылыту, вентиляция, эвакуациялық шығыс және басқа қауіпсіздік шараларына, ғимарат пен құрылыстың отқа төзімділік талабы анықталады. ПУЭ сәйкес өндірістің жарылыс қауіпті класына байланысты электр жарықтандыру, электр желісі, электр жабдықтарын пайдалану және қондырғы арнайы талаптары анықталады.

Құрылыс материалдары мен конструкциялар жану деңгейіне байланысты 3 топқа бөлінеді: өртенбейтін материалдар; қиын өртенетін материалдар; өртенетін материалдар.

Ғимарат пен құрылыстың отқа төзімділік дәрежесі 1 сағаттағы отқа төзімділік шегі мен өртену тобымен сипаталады. Отқа төзімділігі бойынша ғимарат пен құрылыс 5 дәрежеге бөлінеді.

Ғимарат пен құрылыстың отқа төзімділігінің талап етілген дәрежесіне байланысты және ортену тобы мен отқа төзімділіктің минималды шегі, өртену тобы және ғимарат пен құрылыстың негізгі құрылыс конструкциясының отқа төзімділігінің минималды шегі кестеге сәйкес қабылданады.

Өрт сөндіру профилактикалық жұмысының негізгі міндеті болып, өнеркәсіптің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді іс – шаралар өткізу болып табылады. Бұл тапсырманың шешімі өрттің пайда болу себептерін жою жолымен шешіледі, сондай – ақ өрт шыққан жағдайда таралу аумағын шектеу, адамдарды ойдағыдай эвакуациялау жағдайын құру, өртті жоюшы үнемді құралдар еңгізу. Өнеркәсіпте өрт қауіпсіздігі шараларының орындалу тәртібінің жауапкершілігі жетекшіге жүктеледі. Өндірістік цехта, қоймада, құрылыс учаскелерінде, өнеркәсіп бұйрығы бойынша өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлға сайланады.(цех басшысы, қойма меңгерушісі).

Электр тогынан туындайтын өрттің негізгі себептері: қысқа тұйықталу, электрлі қондырғының жіктелуі, ауыпалы қарсылық және шоқтану.

Қысқа тұйықталудың себебі: ток көзін және кабель маркасын дұрыс таңдамағаннан, ескіру мен әртүрлі механикалық зақымдануынан болады, әртүрлі сымның жүктелуі электрлі қондырғының қызуына, изоляцияның диэлектрлі құрамының төмендеуінен және оның жануына әкеп соғады. Үлкен өтуге қарсылығы изоляцияның диэлектрлі құрамын бұзады және жануын тудырады. Олар көбіне өткізгіш сымдарды әртүрлі материалдардан тұрғандықтан және де өзара нашар байланысқандықтан туындайды. Шоқтану қосқыш, сақтандырғыш сымдарын ажырату мезетінде туындайды. [18]

Шоқтану шаңы өрт қауіпі бар бөлмелерге үлкен қауіп төндіреді.

Электр тогынан туындайтын өрттің алдын алу үшін электр көздері және электр құрылғыларды тұтынушыларға техникамен тасымалдау ережесінің талаптарына және ТБ ережесіне сай келуі қажет.

Әр кәсіпорын мен мекемеде электр жабдықтарды тасымалдауға, электр жүйелерін және электр қондырғыларын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауаптың тағайындалуы қажет. Олардың міндеттеріне кіретіндер:

− Қазіргі заманғы профилактикалық қараулар жүргізу;

− Құрылғыларды таңдау мен қолдану дұрыстығын қадағалау;

− Жұмыс режимінен ауытқуынан сақтандыратын аппаратар жағдайын жүйелі бақылау;

− Өрт сөндіру құралдарының болуын қадағалу;

− Өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша инструкциядан өткізудің жүйесін ұйымдастыру.

Барлық қондырғылар өрт қауіпсіз болуы қажет, оларды өртке әкеп соғатын ауытқулардан қамсыз ету және қорғау қажет.

Электро қыздыру құралдарын қолдану сол мақсат үшін арнайы жабдықталған орында рұқсат етіледі. Құралдарды зауытың штепсельдік қосқыштары болғанда ғана қосады.

Электр қондырғылар ережесіне сәйкес электр сымдарының жаңғыш заттардан және үй төбесінен өткізуіне тиым салынады.

Жарықтандыру электр жүйесідегі жарықтандырғыштың жаңғыш құрылыстарын жаңғыш материалдармен қоспай құрастыру қажет. Жаңғыш электр құрылғыларын шаңнан айына екі реттен кем емес тазрту қажет.

Және де өрттің себебі рұқсат етілмеген жерде темекі шеккеннен болады. Мас күйінде жұмыс орнына келіп қауісіздік техникасының нормаларын сақтамағаннан да болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет